Атырау облысы, Атырау қаласы
Жалпы білім беретін Абай атындағы №15 орта мектептің
математика пәні мұғалімі
Мырзабаева Дина Жұмабайқызы
Сабақтың тақырыбы: «Қысқаша көбейту формулалары»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- тақырып бойынша алған білімін жинап, бір жүйеге келтіру;
- қысқаша көбейту формулалары бойынша білімдерін тексеру.
- ойлау қабілетін дамыту және математика тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды көпшіл болуға үйрету, өзара көмегін қалыптастыра отырып, жауапкершілікке дағдыландыру, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Шығармашылық жұмыс істеуге, тез ойлауға дағдыландыру, өз жетістігін бағалай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Білімді бекіту сабағы.
Көрнекілігі: компьютер, интерактивтік тақта,презентация.
Сабақ барысы:
-
Үй тапсырмасы. Сабаққа дайындық(теориялық білім, формулалар)
-
Кім жылдам? (Ауызша есеп.)
-
Математикалық диктант.
-
Сен мұғалімсің! Қатені түзе.
-
Әр түрлі тапсырмалар.
-
Өзіндік жұмыс.
-
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.
І. 1 слайд. Сабаққа дайындық (теориялық білім, формулалар)
Қандай қысқаша көбейту формуласын білесіңдер? формула түрінде және ережесін айту, мысал келтіру.
Оқушы жауаптары:
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты
ІІ. 2 слайд. Ауызша есеп(қайталау).
Төмендегі есептер интерактивтік тақтада көрсетіліп тұрады. Оқушылар ауызша , тез жауап беруі керек.
Есеп. Жауап:
ІІІ. 3 слайд. Математикалық диктант.
Өрнек түрінде жазыңдар:
-
а мен 6 сандарының қосындысының квадраты.
-
3 және b санының айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі.
-
в және 4а өрнектерінің айырмасының квадраты.
-
3х және 1 өрнектерінің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі.
Математикалық диктанттың жауабы:
ІV. 4 слайд. Сен мұғалімсің! Қатені түзетуің керек.
Оқушылар тақтадағы есептердің қатесін түзейді.
V. Әртүрлі тапсырмалар.
5 слайд. Мына өрнектерді өз бағандарына жаз.
-
Екі өрнектің қосындысының квадраты
|
Екі өрнектің айырмасының квадраты
|
Екі өрнектің квадраттарының айырмасы
|
|
|
|
6 слайд. “?” Белгісінің орнына қандай өрнек жазу керек?
7 Слайд. Кестені толтыр:
1
өрнек
|
2
өрнек
|
Екі өрнектің айырмасын оның қосындысына көбейту
|
Екі өрнектің квадраттарының айырмасын жазу
|
2а
|
В
|
(2a - b) (2a + b)
|
4a2 – b2
|
4х
|
3у
|
(4x – 3y) (4x + 3y)
|
16x2 – 9y2
|
0,3
|
4в
|
(0,3 – 4b) (0,3 + 4b)
|
0,09 – 16b2
|
aв
|
6
|
(ab - 6) (ab + 6)
|
a2b2 – 36
|
a
|
b
|
(a - b) (a + b)
|
a2 – b2
|
VI. 8 слайд. Өзіндік жұмыс.
1-нұсқа 2- нұсқа
І. Көбейткішке жікте :
Жауаптары:
ІІ. Көпмүше түрінде жаз:
Жауаптары:
Өздік жұмысты аяқтағаннан кейін, оқушылар көршілерімен дәптерлерін ауыстырып, интерактивтік тақтадағы дұрыс жауапқа қарап,тексереді. Өздері бір-бірін бағалайды.
VII. 9 слайд. Сабақты қорытындылау.
Тұжырымды жалғастыр:
-
Екі өрнектің квадраттарының айырымы .....
(олардың айырымы мен қосындысының көбейтіндісіне тең)
-
Екі өрнектің қосындысының квадраты...
(бірінші өрнектің квадраты,екі еселенген екі өрнектің көбейтіндісі мен екінші өрнектің квадратының қосындысына тең)
-
Екі өрнектің айырымының квадраты...
(бірінші өрнектің квадратынан азайтамыз екі еселенген екі өрнектің көбейтіндісін , қосамыз екінші өрнектің квадратын)
VIII. Үйге тапсырма. Қысқаша көбейту формулаларын, ережелерін жаттау. №383;384.
(білімді тиянақтау)
тақырыбына арналған сабағы
7 сынып
Алгебра
Дайындаған:
математика мұғалімі
Мырзабаева Дина Жұмабайқызы
Атырау – 2016 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |