Сабақтың тақырыбы: Ішек сөлінің асқа әсері Мақсаты



Дата09.06.2016
өлшемі34.95 Kb.
#124953
түріСабақ
Толепова Динара Ибрашқызы-

Атырау қаласы, Махамбет ауданы,

Алға орта мектебінің

биология пәнінің мұғалімі

Сыныбы: 8 сынып

Сабақтың тақырыбы:Ішек сөлінің асқа әсері

Мақсаты:

  1. Асқазандағы астың қорытылу үрдісін түсіндіру, асқазан сөлінің бөлінуінің реттелу жолдары, ас қорытуға қатысатын сөл, ферменттермен, тұз қышқылымен таныстыру және олардың ас қорыту кезіндегі рөлін, сілекейдің маңызын ашу.

  2. Оқушыларды тірек-сызбалар жасауға, салыстыру және ой қорытындылауға үйрету, танымдық деңгейін көтеріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

  3. Әр оқушының өз денсаулығына, оқушылық міндеттеріне сапалы түрде ықыласпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы суреттері, асқазан мен ұлтабардың құрылысының жеке суреті, астың қорытылуына арналған тірек-сызбалар, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: баяндау, топтау, ой шақыру.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Астың қорытылуы қай мүшеден басталады? (ауыз қуысында)

2. Асқазанда ас қанша уақыт болады? (4-11 сағат)

3. Астың қорытылуына қандай сөл әсер етеді? (асқазан сөлі)

4. Тәулігіне асқазан сөлінің қанша мөлшері бөлінеді? (2-2,5 л.)

5. Асқазан сөлі қандай зат? ( иіссіз, түссіз сұйықтық)

6. Асқазан сөлінде қандай ферменттер болады? (пепсин, химизин)

7. Пепсин қандай қызмет атқарады? (нәруыздарды ыдыратады)

8. Химозин қандай қызмет атқарады? ( сүтті ірітеді)

9. Пепсин,химозиннен басқа тағы қандай ферменттер болады? (ана сүтінің майын ыдырататын ферменттер )

10. Ферменттер белсенді әсер ету үшін тамақтың температурасы қанша болу керек? (370 С болу керек)

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ішекте астың қорытылуы және сіңуі

Қарында жартылай қорытылған ас алдымен ұлтабарға түседі. Ұлтабарға бауырдан келетін өт өзегі жөне ұйқыбездің өзегі ашылады. Бауырдан келетін өттің әсерінен майлы тағамдар ыдырай бастайды. Ұлтабарда негізінен барлық тағамдық заттар қорытылады. Нәруыздар - аминқышқылдарына, крахмал - қантқа, майлар - май қышқылдары мен глицеринге дейін ыдырайды. Ұлтабардан ас белгілі мөлшерде оқтын-оқтын аш ішектің келесі бөліміне өтеді. Мұнда тағамдық заттар ішек сөлінің әсерінен толық қорытылып, еріген қосылыстарға айналады.

Астың сіңуі

Аш ішектің ішкі сілемейлі қабықшасында өте ұсақ көптеген тұйық өскіндер - бүрлер болады. Бүрлердің сырты бір кабатты эпителий жасушаларынан түзіледі. Бүрлердің ішкі жағын көптеген қан және лимфа тамырлары торлап жатады. Бүрлер ішектің ішкі кілегейлі қабықшасында өте көп болады. Бүрлер арқылы әбден қорытылған аминқышқылдары мен қант (глюкоза) қанға өтеді. Глицерин мен май қышқылдары лимфа тамырларынаөтеді де, тері астындағы шел қабатқажиналады. Аминқышқылдары мен қант бауырғабарып, қайтаөзгерістергеұшырап, бүкілденегетаралады.

Тоқішектеастыңқорытылуы

Астыңқорытылуы мен сіңуінегізіненашішектеаяқталады. Тоқішектіңбездеріненбөлінетінсөлде ас қорытатынферменттерөте аз болады. Оныңесесінетоқішекте бактериялар көп. Бактериялардыңферменттерікүрделікөмірсу - жасунықты (клетчатканы) ыдыратаалады. Бактериялар «К» және В12 витаминдерінсинтездейді. Асқорыту мүшелерініңбасқабөлімдерінеқарағандатоқішеккетүскен ас қалдықтарыұзағырақсақталады. Ас қалдықтарытоқішектің суды қарқындысіңіруініңнәтижесіндебіртіндептығыззат - нәжіскеайналады. Тікішектіңтөменгібөлігіндеекісақинатәріздібұлшыкеттер бар. Осы бұлшықеттердіңкөмегімен нәжіс сыртқашығарылады. Астыңауызқуысынанбастап, жұтқыншақөңешқарынашішек, тоқішекте қорытылужолы асқазанжолы депаталады


  1. Сабақты бекіту

1.асқазанда қандай процестер жүреді?

2.Асқазан сөлінің құрамына нелер кіреді?

3.Асқазанның шартты және шартсыз сөл бөлуі дегеніміз не?

Сәйкестік кестесін толтыру: 176 бет



5. Бағалау

6. Үйге тапсырма беру: § 48 оқу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет