Сабақтың тақырыбы «Қысым» тақырыбына есептер шығару. Жалпы мақсаты



бет1/5
Дата07.02.2023
өлшемі84.5 Kb.
#469222
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Қысым тақырыбына есептер шығару


Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы М.Б.Ықсановатындағы №36 орта жалпы білім беретін мектептің физика пәні мұғалімі Купжасарова Алмагул Калымжановна

Сабақтың тақырыбы

«Қысым» тақырыбына есептер шығару.

Жалпы мақсаты

Оқушылардың қысым тақырыбындағы теориялық білімін практикалық есеп шығару дағдыларымен ұштастыру, оқушылардың іс - әрекеттері мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, білімдерін жинақтау.

Күтілетін нәтижелер

  • оқушыңың белсенділігі,қызығушылығы артады;

  • оқушылардың есеп шығару дағдылары қалыптасады;

  • іс – әрекеттері айқындалады;

  • іскерлік нәтижесі қорытындыланады;

  • формулаларды есеп шығаруда қолдана біледі.




Сабақ түрі

білімді тексеру және қайталау сабағы

Қолданылған
әдіс – тәсілдер

Тапсырмалар

  • топқа бөлу ( қысым формуласындағы шамалар арқылы 3 топқа бөлінеді)

  • «Кім алғыр?» ( теориялық білімдерін сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын жеке, топтық жұмыс арқылы жеткізеді)

  • «Дұрыс таңда» (әр топ физикалық шама, формула өлшем бірліктерді кестеге жазады)

  • «Ойлан тап!» (әр топқа үш түрлі физикалық формулалар беріледі, сол формуладан туынды формулаларды табады)

  • «Кім жүйрік?» (деңгейлік есептер шығару, әр топқа А,В,С, деңгейлерінің есептері беріледі)

  • жеке жұмыс (жедел тест тапсырмаларын орындайды, дәптерлерін көршілерімен алмастырады, бірін – бірі бағалайды,)

  • рефлексия (ойларын ортаға салады, ой бөліседі)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет