«Үй жануарлары»
Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары
Сабақтың мақсаты: Үй жануарлары және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту, үй жануарларына байланысты тақпақ, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды қайталай отырып, сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын дамыту. Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Үй жануарларының суреттері, үлгі сурет.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, көрсету, ойын.
Сабақ жүрісі:
- Балалар шеңберге тұрамыз.
- Шеңберіміз неге ұқсайды?
- Допқа ,айға, күнге.
- Ұйқұдан тұрғанда таңертең терезеден нені көреміз?
- Күнді.
- Дұрыс айтасыңдар жарқыраған күнді көреміз. Далаға шыққанда жоғарыдан нені көреміз, төменнен нені көреміз?
- Жоғарыдан аспанды, күнді, бұлтты көреміз, ал төменнен жерді, суды әдемі гүлдерді көреміз.
- Өте жақсы балалар.
- Кәне балалар сабағымызды бастайық. Жәймен орнымызға отырамыз. Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Көктем мезгілінде 3 ай бар.
-Наурыз, сәуір, мамыр.
- Кәне, балалар апта туралы санамақты санайық.
Апта деген ағайдың,
Жеті бірдей ұлы бар
Бірінші дүйсенбі,
Екіншісі сейсенбі
Үшіншісі сәрсенбі
Төртіншісі жұма,
Бесіншісі сенбі
Жетіншісі жексенбі.
- Балалар, өткен сабақтардан білеміз, үй жануарлары туралы еске түсіріп, үй жануарлары туралы әңгімелейміз. Үй жануарларына не жатады?
- Жылқы, сиыр, түйе, қой ешкі.
- Үй жануарларының суреттерін көрсету.
- Мынау не?
- Мынау түйе.
- Ал енді мына суретке қарайық.
- Үй жануарларының төлдерін қалай атаймыз?
Түйенің төлі ботақан,
Жылқының төлі құлын
Ешкінің төлі лақ,
Қойдың төлі қозы,
Сиырдың төлі бұзау.
- Үй жануарларының адамға қандай пайдасы бар?
-Пайдасы өте көп. Сүт береді, жүн береді, ет береді.
Д/О: «Төлін тап».
Мақсаты: Үй жануарларының атын және төлдерін ажыратуға үйрету.
- Мынау сиыр, сиырдың төлі-бұзау.
- Мынау түйе, түйенің төлі- бота,
- Мынау қой, қойдың төлі-қозы,
- Мынау ешкі,ешкінің төлі-бұзау.
- Мынау жылқы, жылқының төлі-құлын.
• Мақал-мәтелдерді жаттату.
1. Мал өсірсең, қой өсір, өнімі оның көл көсір.
2. Сиырдың сүті-тілінде.
3. Ат- адамның қанаты.
4. Даланың көркі мал.
5. Малды баға біл, бабын таба біл.
- Енді балалар жұмбақ шешеміз.
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой).
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар
Сегіз тұяғы бар
Иегінде сақалы бар. (ешкі).
Көзі шоқтай жайнаған,
Балалармен ойнаған
Екі өркешін билетіп
Еркелеуін қоймаған. (бота).
Шаршаған боларсыңдар,серігіту жаттығуын жасайық.
Қошақаны қойдың
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің
Қай өрістен тойдың?
Секең-секең ей лақ
Жүрмін саған кейіп-ақ
Тыным тапсаң болмай ма,
Секірмей-ақ кей уақыт.
Үй жануарлары туралы тақпақ-өлеңдер айтайық.
Назгүл: Құлын- құлын құлыншақ
Желбірейсің тұлымшақ
Маңдайыңда жұлдызың
Құйрығыңда құндызым.
Қарақат: Кіп-кішкене момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам қозым деп,
Қошақаным өзім деп.
- Енді мен бота туралы тақпақ айтайын.
Айналайын ботам
Қандай күлте жотаң
Табандарың жалпақ,
Теріп жейсің жантақ.
Лақ туралы:
Жалт-жұлт етіп-лақ,
Жағалайсың бұлақ
Секірем деп, бірақ
Қала көрме құлап.
- Енді бір тағы да ойын ойнап жіберейік. «Төлдер қалай дыбыстайды?»
- Қой маңырайды
- Сиыр мөңірейді
- Жылқы кісінейді
- Түйе боздайды.
-Ал, енді балалар «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін оқып беремін.
Ерте, ерте, ертеде, Хайуанаттар жыл басы болуға таласыпты.
Жылқы: Мен алысты жақын қыламын. Адамдар күшімді пайдаланады. Адамға мен пайдалымын жыл басы мен боламын.
Түйе: Жыл басы мен боламын. Мен тамақ талғамаймын,ауырды көтеріп алыс-алыс жерлерге барамын.
Сиыр: Мен жыл басы боламын. Адам менің сүтімді ішеді, құрт-май жасайды.
Қой: Жыл басы мен боламын. Менің жүнімнен арқан жіп еседі, киім тоқиды.
Тышқан: Бұл таластан еш нәрсе шықпас. Күнді қарап тұрайық, кім бұрын көрсе сол жыл басы болады.
Түйе өзінің бойына сеніп «Менен бұрын кім көрер дейсің» деп, тышқанның сөзін қостап басқаларға қарайды. Көп хайуанат таласып, мен көремін, мен көремін деп тұрғанда, тышқан жорғалап түйенің өркешіне шығып алады. Ең биікте тұрған тышқан жылды бұрын көріп, жыл басы болады.
Алақай, алақай
Күнді көрдім алақай
Қулығыммен, ақылмен
Бәрін жеңдім алақай!
Сөйтіп, балалар жыл басы тышқан болыпты.
• Қорытындылау.
Достарыңызбен бөлісу: |