Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді салыстыру Сабақтың мақсаты



Дата27.06.2016
өлшемі169 Kb.
түріСабақ
Математика сабағы 5 – сынып
СҚО Есіл ауданы

Николаевка орта мектебі

Едрисова М.М.
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді салыстыру

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Бөлімдері бірдей және бөлімдері әр түрлі бөлшектерді салыстыра білуге және оны жаза білуге үйрету;

ә) дамытушылық: ойлау қабілетін, танымын дамыту, ережелерді есептер шығару барысында қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

б) тәрбиелілік: ақыл – ой тәрбиесі



Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта Active Studio бағдарламасымен, электрондық оқулық «Математика» 5 – сынып үшін Жай бөлшектер модуліндегі Бөлшектерді салыстыру тақырыбы, кеспелер.

Сабақтың типі: Білім мен дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.

Оқытудың әдіс – тәсілдері: математикалық диктант, электрондық оқулықпен жұмыс, сұрақ –жауап, интерактивті тақтамен жұмыс

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгендеу

б) сабақтың мақсатын айқындап, жоспарымен таныстыру.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Математикалық диктант)

1. Жай бөлшекті ең кіші ортақ бөлімге келтіріңдер:

а) және б) және

2. Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдырып,

ең кіші ортақ бөлімге келтіріңіз:

а) және б) және



Оқушылар орындап болған соң, математикалық диктанттың жауабы көрсетіледі. Соған сәйкес олар бір –бірінің дәптерлерін тексеріп, бағалау парағына ұпайларын кояды.(әр есеп бір ұпайдан)

III. Жаңа сабақты түсіндіру «Жай бөлшектерді салыстыру»

Бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыруды қарастырайық:

А) Электрондық оқулықты пайдалана отырып, бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыруды тыңдау. (оқушылар тындайды)

Енді келесі мысал арқылы ережені қорытып шығарайық:



1-мысал: Мына шеңбер неше бөлікке бөлінген және неше бөлігі боялған? Боялған бөлігін бөлшек түрінде жазыңдар. (интерактивті тақтада көрсетіледі, бір оқушы жауабын жазады)



Ал енді осы жазылған жай бөлшектерге және суретке назар аударайықшы. Қай шеңберде боялған бөлік көп? Сонда қай бөлшек үлкен?



Ендеше қандай қорытындыға келеміз?



Анықтама: Бөлімдері бірдей бөлшектердің қайсысының алымы үлкен болса, сол бөлшек үлкен болады

2-мысал. Мына шаршы неше бөлікке бөлінген және неше бөлігі боялған? Боялған бөлігін бөлшек түрінде жазыңдар.



Ал енді осы жазылған жай бөлшектерге және суретке назар аударайықшы.Қай шаршыда боялған бөлік көп? Сонда қай бөлшек үлкен?



Сонымен қорытындылайық:



Анықтама: Алымдары бірдей бөлшектердің қайсысының бөлімі кіші болса, сол бөлшек үлкен болады.

Енді сіздермен аралас сандарды салыстыруды қарастырайық: (аралас сан аныөтамасын қайталау)



3-мысал: Ал балалар мына фигураларды санмен өрнектеп жазайықшы:



(оқушы тақтаға жазады . Анықтаманы қорытындылап шығарады)

Анықтама: Аралас сандарды салыстырғанда бүтін бөліктерін салыстырамыз,бүтін бөлігінің қайсысы үлкен болса, сол бөлшек үлкен болады.

Егер аралас сандардың бүтін бөліктері тең болса, онда олардың бөлшек

бөліктері салыстырылады.

Бөлімдері, алымдары әртүрлі бөлшектерді салыстыру: (оқушылар дәптерлеріне жазып отырады)



  1. , егер болса, мысалы,

  2. , егер болса, мысалы,

  3. , егер , мысалы, .

ІV. Есептер шығару

Оқулықтан № 568 № 573 (нұсқа бойынша)



V. Бекіту: 1) Оқушылар Электрондық оқулықтан тапсырмалар (3 тапсырма бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыруға) орындайды.

2) Тақтада есептер беріледі. (Оқушылар орындаған соң, көршілерімен алмасып тексереді де, ұпайларын қояды)


1. Берілген бөлшектерді салыстырыңдар:

А) мен б) мен

2) Төмендегі берілген фигураларды санмен өрнектеп жазып,

салыстырыңдар.

A)



Ә)
VI. Сабақты қорытындылап, оқушылардың білімін бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: №572, №578.
Каталог: sites -> default -> files -> posled -> sko
sko -> СҚО обл Ғ. Мүсрепов атындағы аудан Гаврилов орта мектебі Аяшева. Ж. С. Тақырып:Қазақстан топырағы
sko -> География сабағы,6 сынып ско
sko -> Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі»,
sko -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
sko -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров
sko -> Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия n-ші мүшесінің формуласы
sko -> Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия
sko -> Сабақтың тақырыбы: Сан есім. Қазақстан жері. 2-ші сағаты. Сабақтың мақсаты: Грамматикалық тақырыпты лексикалық
sko -> Сабақтың конспект жоспары Мұғалімі Қаженова Қарашаш Әлімтайқызы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы
sko -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның көрікті орындары Сабақтың максаты


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет