Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнен өткенді қайталау. Сабақтың мақсаты



Дата30.06.2016
өлшемі80.88 Kb.
#168584
түріСабақ
ЖАЙ СӨЙЛЕМНЕН ӨТКЕНДІ ҚАЙТАЛАУ
Исатаева Лаура Исатайқызы

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Жалпы білім беретін Ұзынкөл орта мектебі

Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылы
Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнен өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік.Оқушылардың жай сөйлемнен алған білімдерін тиянақтау,бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру.

2. Дамытушылық. Ойын түрлері арқылы оқушылардың ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін шыңдау, шығармашылыққа баулу, ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік. Оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: сызбалар, үлестірмелі карточкалар, қима қағаздар, семантикалық карта

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: сайыс, топпен жұмыс, ойын т.б.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың тақырыбы, түрі , әдісі , өтілу барысы түсіндіріледі.

Топтың жауабына сай қима қағаздар үлестіріліп отырылады.

Өте жақсы

Жақсы


Орташа

ІІ. Әр топ өзінің тобы мен ұранын таныстырады.

І топ. «Ана тілі»

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

ІІ топ. «Халық»

Ең бірінші бақытым- халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

ІІІ топ. «Туған жер»

Ұлтарақтай болса да,

Ата қоныс жер қымбат,

Ат төбеліндей болса да,

Туып өскен ел қымбат.
ІІІ. «Кім жүйрік?» Ауызша үш топтың әрқайсысына 5 сұрақтан қойылады. (жауаптарға қима қағаздар беріліп отырады)

Сұрақтар:

ІҮ. «Талдау- табыс кілті»

«Ана тілі» тобына тапсырма: Сөйлем мүшесіне, жай сөйлем түріне талда

1.Бір күні біздің үйге қапсағай денелі дәу қара келді.

2.Жомарт мектептің жоғарғы қабатына көтеріліп келеді.

3.Сұлтан жайлауды екі күн аралады.
«Туған жер» тобына тапсырма: Сөйлем мүшесіне, жай сөйлем түріне талда

1.Оның үйге қайтадан барғысы келді.

2.Бізге әзірге уақытты ұту керек.

3. Туған жердің табиғатын ауызбен айтып жеткізе алмайсың.


«Халық» тобына тапсырма: Сөйлем мүшесіне, жай сөйлем түріне талда

1.Ауылға біз түске таман жеттік

2.Оқушылар мектепке ерте жиналды.

3.Ол барлық сұраққа тез жауап берді.

V. Cызбамен жұмыс (Әр топ өз тобының атына сай сызба бойынша жай сөйлем құрастырады)
1. «Ана тілі» тобына

_________---------------


2. «Халық» тобына
3. «Туған жер» тобына
VІ. Сергіту сәті. «Оң қол, сол қол, қос қол» ойыны. (Жақты, жақсыз, атаулы сөйлемдерге байланысты).

1.Сен ер жеттің. (жақты)

2.Біздің ашық сөйлесуіміз керек. (жақсыз)

3.Менің айтқым келмеді. (жақсыз)

4.Долы боран. (атаулы)

5.Қалың орман. (атаулы)

6.Тоғай. (атаулы)

7.Күн жылынды. (жалаң)

8.Сенің қайтқаның дұрыс. (жақсыз)

9.Менің барғым келмейді. (жақсыз)

10. Күн салқындады. (жақты)

ҮІІ. Шығармашылық диктант.

Берілген сөзді баяндауыш етіп жақсыз сөйлем құра. Кешігуге болмайды.

Берілген сөзді бастауыш етіп сөйлем құра. Ақын.

Берілген сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыр. Мен оқимын.

VIIІ. Оқулықпен жұмыс. 87 - жаттығу (ауызша).

ІХ. Сәйкестендіру тесті

І.

1. Атаулы сөйлем ---------------- Жаңбыр жауып тұр.



2. Жалаң сөйлем. ------------- —Анау ат сенікі ме?

3. Жайылма сөйлем. ------------ Түн. Күз. Жайлау.

4. Жақты сөйлем. ---------------- Бұл өмірден жылап кеткім келмейді!

5. Жақсыз сөйлем. --------------- Егіншілер егін басында жүр.

6. Толымды сөйлем. ------------- Жұмысшыларға келуге болмайды.

7. Толымсыз сөйлем. ------------ Қонақтар ұйықтап кетті.

ІІ.

1. Атаулы сөйлем. ---------------- Сабақ бітті.



2. Жалаң сөйлем. ----------------- Асан жиналыста үндемеді.

3. Жайылма сөйлем. ------------- - Асау ма өзі?

4. Жақты сөйлем. ------------------ Жаз. Көл басы.

5. Жақсыз сөйлем. ---------------- Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ.

6. Толымды сөйлем. -------------- – Мен ағайды күтіп алдым

7. Толымсыз сөйлем. -------------- Абайды халық құрметтеп еске алады.

ІІІ.

1.Атаулы сөйлем------------------ Раушан ешкімге алаңдамай, үнсіз отыр.



2.Жалаң сөйлем ------------------- Шашубай мерген еді.

3.Жайылма сөйлем --------------- Үскірік. Аяз. Тұлданған күн.

4.Жақты сөйлем ------------------- - Асау ма өзі?

5.Жақсыз сөйлем ------------------ Қар жауды

6.Толымды сөйлем ---------------- Мұғалім сыныпқа кірді.

7.Толымсыз сөйлем --------------- Біздің тез баруымыз керек.



Х. Семантикалық кесте


Жай сөйлемдер түрлері

Жақты

Жақсыз

Жалаң

Жайылма

Толымды

Толымсыз

Атаулы

Үлкендерге құрмет көрсету керек  






















Ұшақ қонды






















Қалың тоғай






















Өзеннен балық аулаймыз        






















Жасымда ғылым бар деп ескермедім






















Біз мақтан тұтамыз        






















Жеті жұрттың тілін біл        






















Оқыған озады        






















Менің    бұл сөзге

қосылғым келмеді
























Таң атты






















-Менікі






















Маған сабақтан қалуға болмайды  






















ХІ. Тест (Компьютер арқылы).

1. Жалаң сөйлемді көрсет.

А) Қартқожа сөйлеп тұр. ә) Үй-іші далада жүр. б) Бүгін аспан ашық екен. В) Ол ауылға көз салды.

2. Жайылманы белгіле.

а)Еркебұлан тысқа шықты. ә)Біз келдік. б)Мен білмедім. В) Қар жауды.

3. Жақты сөйлемді тап.

а) Оған таңдануға болмайды. ә) Күн батты. б) Менің айтқым келмеді. в) Айсыз, бұлтсыз қараңғы түн.

4. Атаулы сөйлемді көрсет.

а) Мен елімнің ертеңіне сенемін. ә) Түнгі Астана.

б) Елорда еңсесін биік көтеріп тұр. в) Түн жылы болды.

5. Оқшау сөздің неше түрі бар?

а) 4 ә) 3 б) 2 в) 5

6. Жай сөйлемнің түрлері нешеу?

а) 6 ә) 4 б) 7 в) 8

7. Толымсыз сөйлемді анықта.

а) Мен ауылдан келдім. ә) Қайтадан кетті. б) Қарлығаштар ұясына қонды.

в) Ол асығыс киімдерін жинастырды.

8. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

а) 5 ә) 6 б) 4 в) 3

9. Тұрлаусыз мүшелердің болу - болмауына қарай жай сөйлемдердің бөлінуін көрсетіңіз.

а) Жақты, жақсыз. ә) Атаулы. б) Толымды, толымсыз. в) Жалаң, жайылма.

10. Белгілі бір атау мағынасын білдіретін сөйлем түрін көрсетіңіз.

а) Жай. ә) Құрмалас. б) Мезгіл. в) Атаулы.


Қорыту. Топтың ұпай санын анықтап, мәреге жеткендерді бағалау.
Үйге тапсырма: 88 – жаттығу

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет