«Мектепке дейінгі ұйымы басшысы қызметін жоспарлаудың күнтізбелік (күнделікті) инновациялық формасын ұсыну»
Орындаған:БҚО, Теректі ауданы,
Ұзынкөл ауылы, «Бүлдіршін» бөбекжай
МКҚК директоры Мурзакаева Н.Б.
Жоспар
Кіріспе: «Мектепке дейінгі ұйымда иновацияны енгізу формасы».
Негізгі бөлім: «Басшысы қызметін жоспарлаудың мазмұны, мақсаты, артықшылығы».
Қорытынды бөлім: «Заманауи білім беру жүйесін жаңаша ұйыдастыру- заман талабы.
Қолданылған әдебиттер.
І.Кіріспе
Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің алдында тұрған келелі мәселе - білім беру, ғылымды дамыту, білім, ғылым, тәрбие екендігіне еш талас жоқ. Тәрбие мен білім беру ордасы - балабақша болса, ал балабақшаның жаны - тәрбиеші.
Заман талабы - жаңа көзқарас қажеттілігінен туындайды. Инновацияны ендіру - тәрбие мен білім сапасын арттырудың нағыз жолы. Білім беру жүйесіндегі инновация дегеніміз - оқу-тәрбие үдерісін жүйелі түрде жобалауға, ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тәрбиеленуші мен мен педагогқа тиімді жағдайды қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық енгізулер.
Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілікті, мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым - қатынасын біріктіреді деп қазақ батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай ел игілігі үшін, ел ертеңі үшін жұмыс жасауға ниеттеу деген сөз. «Инновациялық білім- жаңа білімге және инновациялық динамикаға негізделген білім» деген. Бұдан 2 ерекшелікті байқауға болады. Жаңашылдық және процессшілдік.
Қазіргі кезде егеменді еліміздің ертеңі-өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ-ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі кезде білім ғылым саласында заманауи педагогикалық техналогиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық техналогиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналады. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі-өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Әрине, ол үшін мектепке дейін білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагоктардың педпгогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Мемлекеттің бірінші басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Назарбаев Университетінде «Қазақстан – білім қоғамы жолында» тақырыбында интерактивті дәріс оқу барысында, Үкіметке мектепке дейінгі тәрбие мен білімнің заманауи әдістерін енгізуді тапсырған болатын. «Бұлар-инновациялық білім беру технологиялары-креативті болуы шарт», - деген Н. Назарбаев. «Балаға 3 жастан бастап білім сіңіре беру және оған ұжым аясында тәрбие беру керек. Мектепке дейінгі білім беруді жаңарту қажет», Н. Назарбаев.
Достарыңызбен бөлісу: |