дүниетану пәнінен
Тоқсанбаева Гүлзира Болатқызы
«Қосбұлақ негізгі орта мектебі»
МКМ-нің бастауыш сынып мұғалімі,
2 сынып жетекшісі
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар дүниесін қорғау
Сабақтың мақсаты: а) Жануарлардың құрыған және құрып бара жатқан жануарлар туралы айтумен шектелмей, орманның кесіліп жойылуы, табиғи ортаның бүлінуі туралы мағлұмат беру.
ә)Сөздік қорын есте сақтау қабілетін дамыту.б) Табиғаттың жанашыры болып,оны қорғауға үлестерін қосуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ типі:СТО технологиясы
Сабақ әдісі:Талдау, сұрақ – жауап, ойын, әңгімелеу
Сабақ көрнекілігі:суреттер,сөзжұмбақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Қонақ күту-салтымыз,
Оқып біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге
Сәлем бердік жалпымыз.
-Табиғат тіршіліксің тұнып тұрған
Сен күнсің көтерілген күліп қырдан
Сен көлсің,
Сен ормансың,
Сен бұлбұлсың,
Адамды сұлулыққа құнықтырған.
Сен жарықсың,
Сен жерсің,
Сен ауасың
Сен анамсың,
Бәрі менің өмірім сен сыйлаған
-Балалар, қалай ойлайсыңдар,өлең не туралы?
-Табиғат туралы
Табиғат туралы оқып білеміз?
Дүниетану
-Олай болса дүниетану сабағын бастаймыз.
Үй тапсырмасын тексеру.
Қызығушылықты ояту.
а)Ой шақыру
-Енді , балалар,табиғатқа байланысты сөзжұмбақ шешіп көрейік.
1.Жылдың ең ыстық мерзімі ( жаз)
2. Аңда бар, өсімдікте жоқ қай әріп (А)
3. Қасиетті тағам (нан)
4. Балықтың мекені (су)
5.Ағаш көркі.............(жапырақ)
6. Бол жинайтын жәндік( ара)
7.Ешкі төлі (лақ)
8.Емен, қайың, талдар өсімдіктердің қай тобына жатады? (ағаш)
9.Өсімдіктердің жер асты мүшесі (тамыр)
-Олай болса, бүгінгі біздің сабағымыз жануарлар әлемін қорғау туралы.
Ой қозғау
-
Табиғатты қорғау үшін қандай жұмыстар атқарылуда? Өздеріңнің үлестерің жайлы айтығдар
II Мағынаны тану
-
Жаңа сабақты түсіндіру
-
Суретпен жұмыс
-
Дәптермен жұмыс Қорықтардың атауларын жазып алу.
-
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар ,
Жел бетімнен еседі.
Кіп-кішкене балалар
Үп-үлкен боп өседі.
5.Сұрақ-жауап жұмысы.
6.Ойын «Кім жылдам» Жануарлар туралы жұмбақтар беріледі. Олардың шешуін тауып, пайдасы туралы айту. Қайда мекендейтінін, үй жануарларының пірлерін, төлдерін атау. Сол жануар туралы мақал-мәтел айтқызу
Жұмбақтар.
-
Бар екен үш қанатты ұшып кетпес,
Егін сап жұрт қатарлы кәсіп етпес.
Өзінің мекенінен шығып кетсе,
Тіршілік көреміндеп үміт етпес (балық)
-
Далада жүр шапқылап,
Керемет тым сақ құлақ.
Тек есектен басқада,
Оған ұқсар жоқ құлақ (қоян)
-
Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат,
Бейғам елді іздейді,
Малдан күдер үзбейді. (Қасқыр)
-
Қайда болса баратын,
Мінсең-ұшқыр қанатың (Жылқы)
-
Үйіме келіп қонады,
Балшықтан үйін соғады. (Қарлығаш)
-
Орманда жоғары,
Ағашқа қонады
Тұмсығын балға етіп,
Тоқылдатып соғады. (Тоқылдақ)
III Ой толғаныс.
Оқушылардың қалаған жануарларының атауына бес жолды өлең шығару.
Сабақты пысықтап, оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Түсінік айту, қорықтар жайлы деректер жинау.
Достарыңызбен бөлісу: |