Сабақтың маршруты 9 сынып
|
Сабақтың тақырыбы: Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы
|
Мақсаты: 9.6.1.2 Планк формуласын есептер шығаруда қолдану
|
Пәндік лексика және терминология:
Жарық, квант, энергия, фотон, жиілік
Свет, квант, энергия, фотон, частота
Light, quantum, energy, photon, frequency
Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:
Сәуле арқылы тарайтын немесе жұтылатын бір үлес энергия квант деп аталады.
Абсолют қара дене энергияны үздікті шығарады және жұтады.
Квант – порция энергии при распространении и поглощении.
Абсолютно черное тело выделяет и поглощает энергию прерывно, отдельными порциями (квантами).
Quantum - a portion of the energy during propagation and absorption.
An absolutely black body releases and absorbs energy intermittently, in separate portions (quanta).
|
Сабақтың барысында
Жаңа материалды игеру – 12 мин
Есептерді топпен және жұппен шығару – 10 мин
Жеке жұмыс – 8 мин
Қалыптастырушы бағалау – 6 мин
Рефлексия
|
(W) Жаңа материалды игеру – 12 мин
Планк гипотезасы – 1900 жыл
Абсолют қара дене жылулық сәулелерді үздіксіз шығара да, жұта да алмайды; оларды тек үзікті (дискретті) үлес – квант түрінде ғана шығарады немесе жұтады. Сәуле арқылы тарайтын немесе жұтылатын бір үлес энергия квант деп аталады.
Планк формуласы
- квант энергиясы (фотон энергиясы)
сәуле шығарудың жиілігі, толқын ұзындығы
Ультрафиолет апат, кванттық физикаға кіріспе
https://www.youtube.com/watch?v=GbwehbE8TtQ 1:30-4:20
|
(G) Есептерді топпен және жұппен шығару – 10 мин
Есепті топпен шығару
Сынып екі топқа бөлінеді, әр топ бір есепті шығарады, кейін бөліседі
(№38-1) Фотонның энергиясы 2,8·10-19 Дж. Электромагниттік сәуленің толқын ұзындығы қандай?
(№38-3) Қуаты 100 Вт жарық көзі 1 секундта 5·1020 фотон шығарады. Сәуленің орташа толқын ұзындығы қандай?
|
Есепті жұппен шығару
Әр жұп бір есепті шығарады, кейін бөліседі
Фотонның энергиясы 4,1375 эВ. Толқын ұзындығы қандай?
6·10-7 м толқын ұзындығына сәйкес келетін фотонның энергиясы қандай?
Жиіліктері 5·1015 Гц және 1,5·1016 Гц фотон энергияларын қатынасын тап.
Қуаты 200 Вт жарық көзі 2 минут ішінде жиілігі 3·1015 Гц сәуле шығарады. Осы жағдайда неше фотон шығарылады?
|
(I) Бекіту – Кесте толтыру – 8 мин
Әр оқушы берілген кестені толтырады, өзін-өзі бағалайды
Фотондар саны
|
Жарықтың жиілігі, Гц
|
Жарықтың толқын ұзындығы, м
|
Бір кванттың энергиясы, Дж
|
N кванттың энергиясы, Дж
|
1000
|
2·1015
|
|
|
|
1020
|
|
6,5·10-7
|
|
|
|
|
|
8·10-19
|
120
|
|
(f) Қалыптастырушы бағалау – 6 мин
Ультракүлгін, рентген немесе инфрақызылсәулелердің қайсысы электромагниттік энергияны басқалардан көп тасиды?
Қуаты 150 Вт жарық көзі 5 минут ішінде 7·1022 фотон шығарады. Сәуленің толқын ұзындығын табыңыз.
|
Рефлексия
|
Үй жұмысы: п.48 оқу
Келесі тақырыпты алдын алу – видео қарау, сабақты өту
https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/kvanttyq-fizika/zharyq-kvanty/lesson/fotoehffekt-foton-foton-ehnergiyasy
|