Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі:
|
Толқындық оптика
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Сыздық А.Н.
|
Күні:
|
05.12.23. ж.
|
Сыныбы:
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Жарықтың поляризациясы.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
11.6.1.3 - жарықтың поляризация құбылысын эксперимент арқылы зерттеу
|
Сабақтың мақсаты:
|
-жарықтың поляризация құбылысын талдай отырып, эксперимент арқылы жарықтың электромагниттік табиғатын дәлелдейді
|
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/
Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 минут
Өткенге шолу
3 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.
«Сұрақ-жауап» әдісі бойынша сұрақтар қою.
1.Жарық дифракциясы деген не?
2.Жарық интерференциясы қандай құбылыс?
3.Жарық дисперсиясы деген не?
4.Френель аумақтары деген не? Олар қалай тұрғызылады?
5.Дифракциялық тор деген не?
6.Жарық толқынының ұзындығын қалай анықтайды?
|
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.
|
Бағалау парақтарын таратып беру
ҚБ: ауызша мадақтау
|
Смарт сағат
11 сыныпқа арналған оқулық, презентация
|
Сабақтың ортасы
Жаңа сабақ
Жұптық жұмыс
8 минут
|
“Көршіңмен бөліс” әдісі арқылы
1-жұп. Турмалин кристалында болатын жарықтың поляризация құбылысын түсіндіріңдер.
2-жұп. Қандай жарық табиғи, ал қандай жарық поляризацияланған деп аталады?
3-жұп. Поляроидтер деген не?
|
Оқушылар оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасайды.
|
ҚБ: «Сыншы дос» әдісі
|
постер, маркерлер, кесте
|
Жеке жұмыс
25 минут
Сабақтың соңы
3 минут
|
«есебі жақсының есебі түгел» әдісі бойынша есептер шығару (қосымша-1) (ЕБҚ)
Рефлексия. «Қағаздағы өз ойым» әдісі арқылы білімдегі жетістіктерін жазып, стикерді өз біліміне сәйкес түске іледі
Бағалау. 10 баллдық жүйе бойынша күнделікке бағалау жүргізу
Үй тапсырмасын беру. Тақырыпты оқу. Шығармашылық шеберхана
|
Оқушылар қосымшада берілген есептерді шығару.
|
ҚБ: бағалау критерийлері бойынша
1-10 балл
|
Тапсырма бар парақшалар
Қызыл түс түсіне алмадым
Сары түс толықтыруым қажет
Жасыл түс жақсы түсіндім
|
Қосымша-1 (ЕБҚ)
1. Біртекті мөлдір ортадағы жарықтың таралу жылдамдығы 2·105 км/с және толқын ұзындығы 40 м болса, вакуумдағы жарық жиілігі:
А) 4 МГц
В) 5 МГц
С) 8 МГц 247
D) 6 МГц
Е) 2 МГц
2. Таралу жылдамдығы 2,4 м/с, тербеліс жиілігі 3 Гц, толқын көзінен 20 см және 80 см арақашықтықтағы нүктелердің фаза айырмасы:
А) 1,5π
В) 2,5π
С) 0,5π
D) π
Е) 2π
3. Дыбыс толқынының таралу жылдамдығы 340 м/с, тербеліс периоды 0,02 с. Толқын ұзындығы неге тең:
А) 0,17 см 248
В) 6,8 м
С) 0,34 м
D) 170 м
Е) 680 м
4. Толқындар көзінің тербелістерінің теңдеуі x = 2sin200πt. Тербелістердің ортада таралу жылдамдығының модулі 400 м/с. Толқын ұзындығы қаншаға тең:
А) 2 м/с
В) 1 м/с
С) 4 м/с
D) 6 м/с
Е) 20 м/с
5. Ұзындығы 5 м дыбыс толқынының ауадағы жиілігі: (ϑ = 340 м/с)
А) 50 Гц
В) 170 Гц
С) 6 Гц
D) 60 Гц
Е) 68 Гц
6. Периоды 25 мс тербелістер ұзындығы 8,5 м толқын туғызса, дыбыстың ауадағы жылдамдығы: А) 3,5 м/с
В) 340 м/с
С) 34 м/с
D) 0,34 м/с
Е) 3400 м/с
Достарыңызбен бөлісу: |