Сабақтың тақырыбы: Жарықтың таралуы. Күн мен Айдың тұтылуы. Сабақтың мақсаты



Дата01.07.2016
өлшемі4.29 Mb.
#169079
түріСабақ
Атырау облысы

Жылыой ауданы

Құлсары қаласы

№ 24 мектеп-гимназияның

Жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі

Нұрмашева Қайша Бегімқызы



Сабақтың тақырыбы: Жарықтың таралуы.

Күн мен Айдың тұтылуы.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жарықтың түзу сызықтың бойымен таралу заңын және көлеңкенің

пайда болуы туралы ұғым бере отырып, күн мен айдың көлеңкесінің

түсу жағдайымен таныстыру.

Дамытушылық: Күнделікті өмірмен байланыстырып, оқушыларды өз

бетімен жұмыс жасауға үйрету, ой өрісін дамыту.



Тәрбиелік: Ғылымға қызығушылығын арттыру, өз бетімен ізденуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Тірек сызбасы, плакаттар, электр шам,интерактивті тақта.

Сабақ түрі: Саяхат сабақ.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, қазақ тілі.

Сабақтың жүру барысы:


  1. Ұйымдастыру

Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу

Адамзат баласы ең алғаш 1961 жылы 12 сәуірде ғарышқа қадам басты. Сол атақты күннен бері 12 сәуір ғарыш күні деп атап өтіледі. Ғарышқа ұшу үшін ғарышкер батыл, қайратты, батыл және білімді болуы керек. Қателік жібермеу үшін және жеңіске жету үшін білім көмектеседі. Сендер де ғарышқа ұшып көріңдер. Картада ұшатын маршрут берілген. Әр бекетте ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жерге оралу керек.

Экипаж дайындалыңдар. Белбеулеріңді тағыңдар. Ұшыңдар!


1. Бекет «Біліңдер»
Бақылау сұрақтары:
1. Оптика нені қарастырады?

2. Жарық деген не? Жарық көздерінің түрлерін ата?

3. Жарықтың вакуумдағы жылдамдығы неге тең?

4. Күннің тіршілік үшін маңызы қандай?


2. Бекет «Ойланыңдар»
Толықтыру тестісі:
1. Күннің көрінетін беті .....................

2. Жарық бөлшектері ..........................

3. Атмосфераның қалыңдығы 200-300 км болатын ең терең қабаты ......................

4. Ғаламдағы негізгі жарық көздері ..............................

5. Өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі ...........................


Балама жауаптары бар тест:

1. Жарық жылдамдығы с=3.108 м/с

а) иә б) жоқ

2. Найзағайдың қуаты Р=4.1023 кВт

а) иә б) жоқ

3. Күннің толық сәуле шығару қуаты Р=4.1026 Вт

а) иә б) жоқ
4. Күннің жасы 5.109 жыл

а) иә б) жоқ

5. Күннің массасы Жердің массасынан 333000 есе үлкен

а) иә б) жоқ


3. Бекет «Ізденіңдер»
Оқушылардың үйден дайындап келген рефераттарын қорғау
4. Бекет Жұмбақты шешу
1. Ай жарығы әлемге,

Күн жарығы төменге.

(Жарық сәулесі)

2. Дарияның ортасында екі жайын,

Бірі кетсе, бірі дайын.

(Күн мен Ай)

3. Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

(Кімнің өлеңінен үзінді?)

4. Мен балаң жарық күнде сәуле қуған.

(Кімнің өлеңінен үзінді?)

5. Бекет Ақпарат (жаңа сабақты түсіндіру)
Жарықтың таралу заңы. Жарық сәулесі. Жарық шоқтары.

Нүктелік жарық көзі. Көлеңке. Алакөлеңке.

Күннің және Айдың тұтылуы.
6. Бекет Айға қону
Оқулықтан негізгі мәселелерді бөліп алу.

Үйден дайындап келген хабарламаларды тыңдау.


7. Бекет Жерге оралу

Есептер шығару

№ 1263, 1269

8. Бекет Жерге қону
Үйге тапсырма §63

БҮҮ (Білетінім, үйренгенім, үйренгім келеді)


Сабақты қорытындылау.

Оқушыларды бағалау.



Атырау облысы

Жылыой ауданы

Құлсары қаласы

№ 24 мектеп-гимназияның

Жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі

Нұрмашева Қайша Бегімқызы



Сабақтың тақырыбы: Қуат. Қуат бірліктері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қуат туралы түсінік беру, оның өлшем бірліктерін енгізу.

Дамытушылық: Қуаттың формуласын қолданып, қуатты есептей білуге, білігі мен

дағдысын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, қалыптастыру.



Тәрбиелік: Оқушылардың жауапкершілігін арттыру және еңбекқорлыққа

баулу, өз бетімен ізденуге дағдыландыру.



Сабақ типі: Бекіту сабағы.

Сабақ көрнекілігі: Сызба, кесте, сауалнама, оқушыға үлестіретін деңгейлік

тапсырмалар.



Интерактивті тақта

Сабақ жүрісі:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Зерделі жаттығу жұмысы.
А) Бақылау сұрақтары:

1. Механикалық жұмыс істеу үшін қандай екі шарт қажет?

2. Істелген жұмыс қандай формуламен анықталады?

3. SJ жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігіне не алынған?

4. Жұмыстың тағы қандай бірліктерін білесіңдер?

5. Қандай жағдайда механикалық жұмыс атқарылмайды?


Ә) Үй тапсырмасы:

1) 35- жаттығудың 1,2 есептері

2) эксперименттік тапсырма
Б) Тақтамен жұмыс:

№586, №587- Л (2 нұсқадан екі оқушы)


35 ж- 1

ν=72 км/сағ =20 м/с А= F∙S S= 20 м/с∙10с = 200м

F=2000Н S= ν∙ t А= 2000Н∙200м=400000 Дж= 400 кДж

t= 10с___

А- ? Жауабы: 400 кДж


35 ж-2
mе= 40 кг А= F∙S Aе= (40 кг+10 кг) ∙ 9,8 Н ∙ 3м = 1470 Дж

кг

m1= 10 кг F= mg Ақ= (45кг+8кг) ∙ 9,8 Н ∙ 3м = 1558 Дж



кг

h= 3 м S= h Ақ > Ае

mқ= 45 кг A= mgh

m2= 8 кг

Ае, Ақ Жауабы: Қыз бала көп жұмыс атқарады.


586 – Л І нұсқа


F= 400Н А= F∙S S=0,8 м/с ∙ 3600с =2880 м

ν= 0,8 м/с S= ν∙ t А=400 Н∙2880м=1152000Дж=1152 кДж

t= 1 сағ=3600с

А-?

586 – Л ІІ нұсқа 5 ұпай


р =1200 кПа А= F∙S F= 1200 ∙10-3 Па ∙ 4∙10-2м2 = 48000 Н

S =400 см2=400∙10- 4м2 р= F А= 48000Н∙ 0,5м = 24000 Дж = 24 кДж.



S =50см=0,5м S

А-? F= рS



Эксперименттік тапсырма 10 ұпай
Массасы 5 кг кір тасын биіктігі 1,5 м-ге көтергендегі істелетін жұмыс неге тең?

ІІ. Жаңа ақпарат
1 гектар жерді

Ат ← → қазіргі заманғы

10-12 сағат жұмысы тезірек ← трактор → 40-50 мин


Қуат- жұмыс тездігі

Қуат = жұмыс N= A → N= F ∙ S → N= F∙ ν

уақыт t t


Қуат бірлігі-

бу машинасын ойлап тапқан ағылшын

↓ ↓ ғалымы Уатт құрметіне

үлкен негізгі кіші



↓ ↓ ↓
1 кВт =1000 Вт = 103 Вт 1 Вт = 1Дж 1 мВт = 0,001 Вт = 10-3 Вт

с

1 мВт =1000000 Вт =106 Вт 1 мкВт = 0,000001 Вт =10-6 Вт


Қуат көп болса → жұмыс та көп → уақыт аз
Эксперименттік тапсырма:

1 қатардан 3 қатарға тез жүріп көтерілгендегі қуатты есептеу.


ІІІ. Жаттығу жұмысы
а) Жеке жұмыс

36 жаттығу-4 5 ұпай
N=600Вт =600000Вт N=F,ν ν= 200м =10 м/с

20с


S= 200 м ν= S

t

t = 20 c F= N F= 600Вт =60000Н= 60 кН

F-? ν 10 м/с


36 жаттығу-2 5 ұпай
F= 5∙104 Н N= F∙ ν N= 5∙104 Н ∙ 222 м/с=11100∙103Вт=11100 кВт

ν= 800 км/сағ = 222 м/с

N-?
ә) Деңгейлік тапсырмалар


А тобы
1. Қуатты 5000 Вт двигатель 0,5 сағатта қандай жұмыс өндіреді ?

2. Адам бір қалыпты жағдайда 5 минутта 24000 Дж, оның қуаты қандай ?


В тобы
1. Электровоздың қозғалыс жылдамдығы 43,2 км/сағ болғанда тарту күші 80 кН.

Электровоздың қуатын анықтау.

2. Көтергіш кран 1000 Н жүкті 5 с ішінде 10 м биіктікке тік жоғары көтереді. Осы көтеру

уақыт мезетінде көтергіш кран қандай қуат өндіреді?




С тобы
1. Көтергіш кран массасы 2т жүкті 9м биіктікке 1 минут көтереді. Көтергіш кранның

қуатын анықтаңдар.

2. Графикті пайдаланып 2 км/сағ жылдамдықпен қозғалған трактордың қуатын анықта.


б) «Кім шапшаң»


Латын алфавиті жазылған картаны пайдаланып, физикалық формулаларды қолдану.

1 минутта қайсысы көп формула құрастырады?


V. Білімді есепке алу жұмысы.
а) Физикалық диктант
1. Қуат- жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шама.

2. Қуаттың формуласы

3. Қуаттың бірлігіне 1 Ватт (Вт) алынған. Ол 1 с-та істелетін 1 Дж жұмыс.

4. Қуат неғұрлым көп болса, соғұрлым бірлік уақыт ішінде көп жұмыс атқарады.

5. Тұрмыстық вентилятордың қуаты 150 Вт немесе 150 Дж.

с

Бұл вентилятордың двигателі әр секундта 150 Дж жұмыс атқарады дегенді білдіреді.


68 ұпай- 75 ұпай- «5»

53 ұпай- 67 ұпай- «4»

37,5 ұпай- 52 ұпай- «3»

Атырау облысы

Жылыой ауданы

Құлсары қаласы

№ 24 мектеп-гимназияның

Жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі

Нұрмашева Қайша Бегімқызы

Сабақ тақырыбы: Жылу қозғалтқыштарының ролі және қоршаған ортаны қорғау

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Жылу қозғалтқыштары туралы оқушылардың алған білімін кеңейту,

оның қоршаған ортаға тигізер пайдасы мен зиянын ғылыми тұрғыдан

түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ізденіс нәтижесіндегі шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ой түйіндей білуге баулу және шешім қабылдауда

кәсіби көзқарасты қалыптастыруға бағыт- бағдар беру.



Сабақ түрі: Конкурс сабақ

Оқыту әдісі: Көрсетілім, өзіндік ізденіс, практикалық тапсырма.

Техникалық құралдар: Компьютер, интерактивті тақта.

Көрнекілік: Слайдтар, тірек сызбалар.

Пәнаралық байланыс: Химия, экология, информатика.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (Сабақ мақсатын және жүру барысын

түсіндіру)


Жылыой ауданы Болашақ ықшамауданында орналасқан №24 мектеп әкімшілігі бірнеше мамандықтың бос орындарына конкурс жариялайды:

1. Гараж бастығы (жоғары ұпай жинаған)

2. Механик

3. Диспетчер

4. Эколог

5. Моторист

6. Жүргізуші- 3 адам
Функционалдық міндеттері:


  • әрбір маман сәйкес дайындықты (квалификация) немесе біліктілікті болуы керек

  • көліктерді техникалық басқара білу

  • ұдайы қосалқы бөлшектермен жұмыс жасау

  • қоршаған ортаға, маманға, тұтынушыға қауіпсіздігі

  • практикада әртүрлі жағдайларға қолданылу деңгейі

  • арасында іссапарларға шығып тұруы мүмкін

  • техниканы пайдаланудан түсетін кіріс пен оған кеткен шығын қатынасының деңгейі.

Конкурс 6 турда өтеді.

Бос орындарға орналасу үшін үміткерлерді тестілеу бағдарламасы:

1. Тірек тапсырмалары. Сұрақтар. 5 ұпай

2. «Термодинамика негіздері» тарауын жетік меңгеруі (тест) 10 ұпай

3. Термодинамика заңдарымен келіссөз жүргізе білуі, деңгейлік тапсырма 15 ұпай

4. Шығармашылық ойлау қабілеті (тақырыпты ашатын хабарлама жасау) 10 ұпай

5. Жолда қауіпсіздік техникасы және төтенше жағдай (ТЖ) әрекет ету бойынша оқудан

өткендігі туралы сертификаттың болуы (Венн диаграммасы) 5 ұпай

6. Болашақта мәліметтер базасымен жұмыс жасау қабілетілігі (сәйкестендіру тестісі)

10 ұпай.
Бағалау нормасы: 45-55 ұпай - «5»

35-44 ұпай - «4»

25-34 ұпай - «3»
ІІ. Зерделілік жаттығу блогы
а) Тірек тапсырмалары 5 ұпай
1. Жылу машиналары деп қандай машиналарды атайды?

2. Жылу машиналарының түрлері, олардағы жұмыстық дене. Мысал келтір 106 сурет.

3. Жылу қозғалтқыштарының негізгі бөліктерін ата.

4. Жылу машинасының ПӘК-і формуласын жаз.

5. Жылу машинасының максимал ПӘК-і неге тең?
ә) «Өзіңді тексер» тест 10 ұпай

1) Термодинамиканың І заңының негізіне қай заң алынған?

а) энергияның сақталу заңы

б) импульстың сақталу заңы

в) энергия мен массаның өзара әсерлесу энергиясы

г) табиғаттағы процестердің қайтымсыздығы


2) Қыздырғыштан алынатын Q1 жылу мөлшері және тоңазытқышқа берілген Q2 жылу мөлшері арқылы жазылған жылу машинасы жұмысының өрнегі:

а) А= Q1 б) А= Q2 в) А= Q1- Q2 г) А= Q1+ Q2


3) Идеал жылу машинасын ойлап тапқан ғалым?

а) Планк б) Клаузиус в) Уатт г) Карно


4) Жылу машинасы қандай бөліктерден тұрады?

а) қыздырғыш б) жұмыс денесі в) тоңазытқыш г) қыздырғыш, жұмыс

денесі, тоңазытқыш
5) Қозғалтқыштың ПӘК-і әрқашан да

а) бірге тең б) бірден артық в) бірден кем г) 100%


6) Жылу машиналарының ПӘК-ін көтеру үшін

а) қыздырғыштың температурасын арттыру керек

б) қыздырғыштың температурасын арттыру және тоңазытқыштың температурасын

төмендету керек

в) қыздырғыштың да, тоңазытқыштың да температурасын арттыру керек

г) қыздырғыштың да, тоңазытқыштың да температурасын төмендету керек.


7) Термодинамиканың ІІ заңы қарастырады:

а) энергияның сақталу заңын

б) импульстің сақталу заңын

в) энергия мен массаның өзара байланыс энергиясын

г) табиғаттағы процестердің қайтымсыздығын.
8) Ішкі энергияны механикалық энергияға түрлендіретін және циклдың тиімділігін сипаттайтын:

а) жұмыс б) ішкі энергия в) пайдалы әрекет коэффициенті г) жылу мөлшері


9) Карно циклының ПӘК-і дегеніміз не?

а) газдың алған жылу мөлшерінің толық циклде істелген жұмысқа қатынасы

б) бір циклде істелген жұмыстың қыздырғыштан алынған жылу мөлшеріне қатынасы

в) бір циклде істелген жұмыстың тоңазытқышқа берілген жылу мөлшеріне қатынасы

г) тоңазытқышқа берілген жылу мөлшерінің қыздырғыштан алынған жылу мөлшеріне

қатынасы.


10) Карно циклі бойынша жұмыс істейтін идеал жылу машинасының ПӘК-і:
а) η = Т12 б) η = Т12 в) η = Т12 г) __Т1___

Т1 Т1 Т2 Т12


б) Деңгейлік тапсырмалар
А деңгей (5 ұпай)
1. Жылу машинасы цикл ішінде қыздырғыштан 100 Дж жылу мөлшерін алып, тоңазытқышқа 60 Дж жылу береді. Машинаның ПӘК-і неге тең?

В деңгей (10 ұпай)
2. Қыздырғыштың температурасы 2270 С. Ал тоңазытқыштың температурасы 270 С болғандағы жылу машинасының ПӘК-нің максимал мәнін табыңдар.
С деңгей (15 ұпай)
3. Идеал жылу машинасының температурасы 127 К, ал тоңазытқыштың температурасы

17 К болса, бұл жылу машинасына 30 кДж жылу берілсе қандай жұмыс атқарады?



ІІІ. Жаңа ақпарат блогы
а) Оқушылардың шығармашылық жұмысы (қысқаша хабарлама)
Шығармашылық жұмыс тақырыптары: (әр тақырыпқа 5 ұпайдан)
1. Іштен жану қозғалтқыштары бар автомобильдерді қолдану және оның қоршаған ортаға тигізетін кері әсері

2. Реактивті жылу қозғалтқыштарының қолданылуындағы қоршаған ортаға әсері

3. Теңіз кенішінің экологиялық жағдайы.

ә) «Миға шабуыл» (5 ұпай)
Жылу қозғалысының қоршаған ортаға кері әсерін төмендету жолдарын атаңдар.

а) Венн диаграммасы (5 ұпай)

Іштен жану

қозғалтқыштарының

Дизель

Карбюратор



айырмашылығы ұқсастығы айырмашылығы
ә) Сәйкестендіру тестісі (10 ұпай)

1. А= р V 1. Термодинамиканың

2. Дененің жылулық күйін анықтайтын және ол І заңы

бір күйден екінші күйге өткен кезде өзгеретін шама 2. Q т = А1т

3. Термодинамикалық жүйе бір күйден екінші күйге өткенде 3. Жұмыс

оның ішкі энергияның өзгерісі жүйеге берілген жылу

мөлшері мен сыртқы күштің істеген жұмысының

қосындысына тең

4. Екінші текті мәңгілік қозғалтқыштың болуы мүмкін емес 4. Ішкі энергия

5. Изотермалық процесс үшін термодинамиканың І заңы 5. Адиабаталық поцесс

6. Табиғаттағы процестердің қайтымсыздығы 6. Термодинамиканың

ІІ заңы


7. η = Т12 7. Қайтымсыз процесс

Т1


8. Қоршаған ортада өзгеріс туғызбай, жүйені өздігінен алғашқы 8. Термодинамиканың

күйіне қайта оралу мүмкіндігінен айыратын процесс ІІ заңы

9. Жылу алмасусыз жүретін процесс 9. Пайдалы әрекет

коэффициенті

10. Q р = И р + А1 10. Изобаралық

процесс үшін

термодинамиканың

І заңы



V. Қорытындылау Сертификат беру
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма § 39, бақылау сұрақтарына жауап. Реферат жазу

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет