Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
Ұжымдық жұмыс.
5 мин.
|
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
Сабақты жағымды ахуалдан бастау. Оқyшылaрдыт«Кәмпиттер» әдіcі aрқылы төрт топқa бөлeмін.
1-топ 2-топ 3-топ 4 - топ
II.
Үй тапсырмасын тексеру: дәптерлерін алмасып, бірін бірі тексереді
«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталаймыз
Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі дегеніміз не?
Қандай жазықтық координаталық жазықтық деп аталады?
Координаталық жазықтықтағы координаталық түзулер қалай белгіленеді және қалай аталады?
Координаталық түзуде (сан осі немесе Ох түзуі)берілген A1, A2 нүктелерінің координаттары сәйкесінше x1 және x2 болсын. A1A2 кесіндісінің ортасы болатын A нүктесінің координатын табыңыз.
«Сәйкестендіру» тапсырмасын орындату
|
Шаттық шеңберін құрып «Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.
Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
Оқушылармен бірге өткен тақырыпты қайталау
|
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
|
Түрлі түсті қима қағаздар
8 сынып,
Геометрия
Г.Солтан
Алматы «Мектеп» 2018
|