Сабақтың тақырыбы: Жуан дауысты дыбыстар а, о, ұ, ы Сабақтың мақсаттары



Дата03.07.2016
өлшемі62 Kb.
#174203
түріСабақ
Қозыбекова Әсем Темірханқызы
««Атбұлақ» жанында интернаты бар жалпы орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Жуан дауысты дыбыстар а, о, ұ, ы

Сабақтың мақсаттары :

1. Білімділік: Оқушыларға жуан дауысты дыбыстар жайында мағлұмат беру.

Оқушыларды сөз ішінен жуан дауысты дыбыстарды таба білуге

үйрету

2. Дамытушылық: Оқушыларды топпен жұмыс істеуге, ойлау, есте сақтауын,



тілін дамыту, сауаттарын жетілдіру.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың логикалық ойлау сезімін оятып, кішіпейілділікке,

адамгершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, жаңылтпаштар, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық :


  • Армысың асыл күн!

  • Армысың асыл жер!

  • Армысың көк аспан!

  • Армысың жан досым!

ІІ. Өткен сабақты пысықтау

Балаларды сурет таратып беру арқылы төрт топқа бөлеміз.


Үйге берілген үй жануарлары жайында әңгімелеу. «Құлыншақ» өлеңін жатқа айту

Үй тапсырмасын жақсы орындап келген оқушыға жұлдызша беріп отыру.

ІІІ. Жаңа сабақ

Сергіту сәті:

Күннің нұры шуақты, Құрдастарым сияқты,

Сергітеді денемді. Оқушымын мен енді.



  • Біз балалар қандай ертегілердің кейіпкерлерін білеміз?

  • Біздің сыныпқа ертегі кейіпкерлері қонаққа келіпті. Мақтақыз, Алдаркөсе, Бауырсақ, Ханшайым олар жай келмей сендерге тапсырмаларын ала келіпті.

А. Біз бірінші Алдаркөсенің тапсырмасын орындаймыз.

Төрт топқа плакат таратылып беріледі, ол жерде оқушыларға берілген әріптерді өз орнына орналастыру керек яғни көк сызыққа дауыссыз дыбыстарды, қызыл сызыққа дауысты дыбыстарды орналастырады.

Дайын топ қол шапалақтау арқылы біткенін білдіреді. Сол топтың басшысы шығып орындаған тапсырмасын қорғап шығады.

Аа Әә Оо Ее Ұұ Өө Ээ Яя Үү Ыы Іі

Ңң Ғғ Кк Пп РР Тт ММ Сс Бб Лл Дд Жж Вв Цц Нн Шш Щщ
Ә. Енді балалар біз Ханшайымның тапсырмасын орындаймыз. Ханшайым бізге мына жоғалған әріптерді табыңдаршы дейді, біз соны табамыз ба?

Топпен жұмыс. Әр топқа берілген сөздерді топ мүшелері бірлесе отырып жауабын табады, яғни жоғалған әріпті тауып жазады. Болған топ тақтаға шығып барлық топқа көрсетіп орныдаған тапсырмаларын қорғайды. Қатесі болып жатса, басқа топ мүшелері бірлесіп дұрыстайды.


І топқа ІІ топқа


Қ..рт қ...с қ..лын


Ыд...с ыр...с қ...с

ІІІ топқа ІV топқа




Б...р ...т ...рақ


Алм... ап... ж....з

Әр топқа берілген сөздерде жоғалған әріптер ұ, ы, о, а дыбыстары екен. Бұл дыбыстар жуан дауысты дыбастар. Яғни біз бүгін жуан дауысты дыбыстармен танысамыз Сөзде жуан дауысты дыбыс болса сөз жуан айтылады.

Дәптермен жұмыс :

28- жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жазу.


Мінезім жайлы – сиырмын,

Байлығымын бір үйдің.

Сырымды менің ұғып ал:

Етім – дәмді, сүтім – бал.

- Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды тауып, астын сызамыз.

Төрт топтан төрт оқушы тақтаға шығып, әр оқушы бір қатардан жазады.

Б. Тапқышбектің тапсырмасын балалар орындаймыз ба?

Ендеше мына суреттердің атауын жазыңдар. Төрт топқа плакатқа жапсырылған бірнеше суреттер беріледі. Сол суреттің тұсына балалар сол заттың атауын жазады. Болған топтан бір оқушы тақтаға шығып жазылған сөздерін оқиды және жуан дауысты дыбыстарды табады.

І топ. Доп, бор

ІІ топ Таға, тай

ІІІ топ Құрт, құлыншақ

ІV топ ыдыстар, қуыршақ

29 – жаттығу Сөздерді оқу

Сүт, айран, қаймақ, кілегей, май, құрт, ірімшік.

Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды теріп жазамыз.

«Ақ бұзау» өлеңін балаларға мәнерлеп оқып беремін. Оқушыларға топ-топпен оқытамын.



  • Үй жануарлары жайында әңгімелеу.

В. Бауырсақтың тапсырмасын орындаймыз



Төрт топқа плакатқа жазылған семантикалық карта таратып беру. Оқушылар бірлесе отырып тапсырманы орындайды.

Сөздер

Дауысты дыбыстар

Дауыссыз дыбыстар

Жуан дауыстылар

Дәріхана

ә, і, а, а

д, р, х , н

а

Құмырсқа

ұ, ы, а

қ, м, р, с, қ

ұ, ы, а

Құлыншақ

ұ, ы, а

қ, л, н, ш, қ

ы, а

кітапхана

і, а, а, а

к, т, п, х н

а




  • Балаларды мадақтау.

  • Сабақты қорытындылау


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет