Шындалиева Гүлнара Аманкелдіқызы,
№50 « Жеңістің 50 жылдығы »жомкмм бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Мақтарал ауданы
Сабақтың тақырыбы:Түлік туралы сабақ
Сабақтың мақсаты : Өлеңді ырғағын келтіріп мәнерлеп оқып,негізгі идеясын ашу ,түліктің адам өміріндегі маңыздылығын анықтау.
Күтілетін нәтиже: Өлеңді ырғағына келтіріп мәнерлеп оқиды,негізгі идеясын ашады, түліктің адам өміріндегі маңыздылығын анықтайды.
Әдіс- тәсілдер: «Ойлан, Бірік ,Бөліс », Ия, Жоқ» « Ассоциация әдісі» « Аквариум және балық» Тұжырымдамалық карта,Ойын.Үнін сал және шақыр ,Білім футболы әдісі.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Оқушыларды төлдер суреттері арқылы топқа біріктіру.
1-топ. Қошақан .
2-топ. Ботақан .
3-топ.Құлыншақ.
Үй жұмысын сұрау . « Ойлан ,Бірік, Бөліс» әдісі арқылы .
Оқушылар үйге берілген Қараторғай мәтінінен түсінгендерін дәптерге барынша көп жазады .(Ойлан). Одан соң олар өз идеяларын жұбымен біріктіреді(Бірік )және соңында бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды.(Бөліс).
« Ия ,Жоқ» әдісі бойынша сұрақ –жауап арқылы үй жұмысын пысықтау.
№
|
Сұрақ-жауап.
|
Ия
|
Жоқ
|
1
|
Қамбар ата қарлығашқа ұя жасады ма?
|
|
|
2
|
Әңгіме қыс мезгілі жайлыма?
|
|
|
3
|
Қонағым қол басындай,мінезі қорғасындай қараторғай жайлыма?
|
|
|
4
|
Қамбар атаның үйшігі қарағайдың басындама?
|
|
|
5
|
Үйшіктің доңгелегінде көгершін отырма?
|
|
|
6
|
Қамбар атай шөп шапса қараторғай шегіртке қырадыма?
|
|
|
Жаңа сабақ.
«Ассоциация» автор жайлы мәлімет топтастыру.
Асқар Тоқмағамбетов 1905 жылы Қызылорда облысы Тереңөзек ауданында туылған.Ақын жазушы .Әзірет Сұлтан ,Семафор ашық,Екі заң атты драмасы .Ажалды жеңген алыптар,Берлин көшесінде өлең жинақтары . 1983 жылы қайтыс болған.
АКТ-дан көрсету.Жұмбақтар шештіру.
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.(сиыр)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.(қой)
Қамыс құлақ ,тостаған тұяқ
Мінсең қанат ,сүті дәрі , еті тамақ.(жылқы)
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Екі құлағы бар,
Иегінде сақалы бар.(ешкі)
Топтық жұмыс . «Аквариум және балық » әдісі бойынша жаңа сабақтың мазмұнын ашу.Оқушылар үлкен шеңберде тұрып 1,2 деп санайды . 1-лер сыртқы шеңберді, 2-лер ішкі шеңберді құрайды. Балалар төрт түлік жайлы не білетіндерін сыртқы шеңбердегілерге түсіндіреді. Егер ішкі шеңбердегілер түсіндіре алмаса жылжымайды. Ойын осылай жалғасады.
Тұжырымдамалық карта жасау.
1-топқа.Төрт түлік түрлерін ата.
2-топқа. Төрт түліктің пайдасы.
3-топқа.Төрт түліктің адам өміріндегі маңыздылығы.
Топтар жұмыстарын қорғайды, өз ойларын ортаға салады.
Топтар бір-бірін фигуралармен бағалап отырады.
Мал төлдері туралы түсінік.
Оқушыларға мал төлдерінің суреттері көрсетіліп, содан соң мал төлдерінің атын атап,әр төлдің суретін енесінің қасына апарып қояды.
Оқулықпен жұмыс. Мал төлдерінің аттары .
Түйе төлі-бота ,
Жылқы төлі- құлын .
Сиыр төлі- бұзау,
Қой төлі- қозы,
Ешкі төлі- лақ.
Ойын . « Үнін сал және шақыр» Қане, балалар өзіміз дыбыстап айтып көрейікші
Сиыр мөңірейді.Қой маңырайды.Түйе боздайды. Ешкі бақырады. Жылқы кісінейді.
« Төрт түлігім ырысым» суреттер топтамасы бойынша топтарға тапсырма .
1-топқа .Түлікке байланысты мақал –мәтелдер .
2-топқа .Түлікке байланысты тыйым сөздер .
3-топқа. Түлікке байланысты эссе жазу.
Оқушылар топта орындап ,талдап ,жазғандарының мағынасын ашады.
1-топ.Мынадай мақал –мәтелдер жазды.
Мал өсірсең қой өсір ,
Өнімі оның көл-көсір.
Мал бақсаң сиыр бақ ,
Сүт кетпейді шарадан .
Түйе атасы –нар.
Ат адамның қанаты.
2-топ. Малды басынан ұрма .
Малға теріс мінбе .Малды теппе,
Ақты төкпе -деп ескерткен.
3-топ.Төрт түлік туралы эсске жазу.
Төрт түлік.
Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі төрт түлікке жатады. Түйе –төрт түліктің төресі. Оның еті –тамақ ,шұбаты-сусын ,жүні- киім.Жылқы –ер қанаты .Ол сезімтал ,талғампаз жануар. Жылқының жүйрігі , жорғасы болды.Сиырдың сүті пайдалы .Сүтінен айран,қаймақ ,құрт, ірімшік алынады. Қой мен ешкі –уақ мал.Қойдың
сүйікті шөбі –жусан. Жүнінен киіз басылады.Ешкінің сүті, түбіті пайдалы.
Қорытынды. Топтар бір-бірін фигуралармен бағалайды.
Балалар
Достарыңызбен бөлісу: |