«Сыр самалы» бөбекжай-бақшасы кмқК меңгерушісі А. Ибраева



Дата09.04.2024
өлшемі22.07 Kb.
#498036
Түстер әлемі


Бекітемін:
«Сыр самалы» бөбекжай-бақшасы КМҚК меңгерушісі
______________А. Ибраева
« _____»______________2024ж
Тақырыбы: «Түстер әлемі» ашық көрсетілім
Мақсаты: Коммуникативтік дағдыларын ойын іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырып, сөздік қорды байыту. Балалардың танымдық қабілеттерін, білуге құштарлығын, қиялын, зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын қалыптастыру.Шығармашылық қызығушылықты қалыптастырып, материалға ұқыпты қарауға, оны дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу

Ұйымдастырылған ойын іс-әрекетінің жоспары
Педагог тәрбиеші: Байқадамова Таңшолпан



Тобы

«Күншуақ» кіші

ББС:

Коммуникативтік, танымдық, шығармашылық

Тақырыбы:

«Түстер әлемі» ашық көрсетілім

Мақсаты:

Коммуникативтік дағдыларын ойын іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырып, сөздік қорды байыту. Балалардың танымдық қабілеттерін, білуге құштарлығын, қиялын, зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын қалыптастыру. шығармашылық қызығушылықты қалыптастырып, материалға ұқыпты қарауға, оны дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:

Коммуникативтік дағдылары ойын іс-әрекет арқылы жүзеге асырылды. Балалардың танымдық қабілеттері, білуге құштарлығын, қалыптасты. Шығармашылық қызығушылықтары қалыптасты.

Ресурстар:

Асық, құрастырмалы оюлар,
Түрлі-түсті шарлар, ермексаз,
тәттілер.

Әдіс- тәсілдер:

Түсіндіру, көрсету, бағалау, ашық сұрақтар, бақылау.



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



Кіріспе бөлім
Миға шабуыл
Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын:
Сұрақ-жауап

Негізгі бөлім





Балалар түстер әлеміне қонаққа келеді.
Түстер ханшасы балаларды қарсы алады.
Саламатсыңдар ма балалар!
Түстер әлеміне қош келдіңдер. Мен түстер әлемінің Ханшасымын.
Балалар жан-жағымызға қарайықшы бізге күн күлімдеп тұр, күннің түсі сары, сендер бүгін түстер әлемінде көптеген түстердің тапсырмасын орындауларың керек.
«Кім жылдам» ойыны
Шарты: Түрлі-түсті шариктерді шеңбер түстеріне сәйкес жинау.
-Ой керемет, қандай ақылды балалар. Рахмет сендерге.
Сендер ойын ойнағанды жақсы көреді екенсіңдер, тағыда ойын ойнауға дайынсыңдар ма?
-Ендеше, Киіміміздің түсіне қарай түстер орталығына қарай бөлінейік.


Ойын тапсырмалар:
1. Орталық «Сәйкестендір»
Шарты: Көлікке түстеріне сәйкес дөңгелектерін орналастыру.


2. Орталық «Түрлі-түсті асықтар»
Шарты: Берілген асықтарға түстерін сәйкестендіріп ермексазды орналастыру.


3. Орталық «Түрлі-түсті пішіндер»
Шарты: Пішіндердің түстеріне қарай асықтарды орналастыру.


4. Орталық «Түрлі-түсті оюлар»
Шарты: Ою бөліктерін түстеріне сәйкес құрастыру.
(Ойын барысында сұрақ-жауап арқылы мадақтау.)


Қорытынды бөлім:
«Тәтті шарлар»
-Балалар бүгін сендер менің түстер әлемімдегі ойындарды қызықты ойнадыңдар.
Менің сендерге дайындаған тосын сыйым бар. Шарды жарып ішінен тәттілерді алып беру.
Балалар сендер енді өз топтарыңа қайта қойыңдар, сау болыңдар!









«Сыр самалы» бөбекжай-бақшасы КМҚК

Ашық ұйымдастырылған ойын
іс-әрекеті


Тақырыбы: «Түстер әлемі».
Тобы: «Күншуақ» кіші
Педагог тәрбиеші: Байқадамова Таңшолпан

Қызылорда, 2024жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет