Сыныбы: 10 «А»
Пәні: Информатика
Пән мұғалімі: Таюпова А.Қ
Сабақтың тақырыбы: Кеңейтілген алмастыру буфері
Мақсаты: MS office алмасу буферінің жұмысын меңгеру.
Міндеті:
-
MS Office алмасу буферінің ерекшеліктерін меңгеру:
-
Практикада дұрыс қолдана алу;
-
Жеке, жұптық жұмысқа баулу.
Күтілетін нәтиже:
-Office алмасу буферімен жұмыс жасауды үйренеді;
-теория мен практиканы ұштастыра алады;
- меңгереді.
Әдіс тәсілдері: АКТ, СТО, топпен және жеке жұмыс, диологтық
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру (оқушылармен амандасып, сабаққа дайындау)
Бүгінгі ашық сабағымызды Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030 жылғы барысқа апаратын- бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей ашық сабақтарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік деген сөзімен бастағалы отырмын.
Ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру мақсатында тренинг «Мереке күніңмен» орындалады. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, жақсы қарым-қатынас құруға дағдыланады.
ІІ. «Ой сергіту» аялдамасы. Үй тапсырмасын тексеру. Эссе. «Болашақ мамандығым...»
ІІІ. «Теория аялдамасы» (Жаңа тақырып)
IV. «Практика аялдамасы» (Жеке, жұптық тапсырмалар, топтық)
Ү.Сергіту сәті. Би. «Қара жорға».
VІ. Қорытынды бөлім. «Шығармашылық жұмыс». Карточкалар арқылы жұппен жұмыс жасайды.
Оқушылар стекерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады. «Екі жұлдыз, бір тілек»
VII. Білім шыңы. (Бағалау парағы арқылы өздерін-өздері бағалайды)
ҮІІІ. Үйге тапсырма. MS.WORD тақырыбына тест құрастыру.
«Теория аялдамасы».Оқушыларға мәтін таратылып, сол арқылы топппен ақылдасады.Тақтаға шығып оны қорғайды.
Мәлімет алмасу – бір объектіден екіншісіне мәлімет апару. Windows-те мәлімет алмасуды берілгендерді бір объектіден екіншісіне апару деп түсінеді. Осы процесс нәтижесінде объектілер өзгереді, бір немесе бірнеше бар объектілерден жаңа объектілер құрылады. Windows ортасында мәлімет алмасу тышқан көмегімен объектіні “алып бару” және алмастыру буфері OLE технологиясы арқылы жүргізіледі. Windows-те жұмыс жасағанда объектілерді көшіру немесе бір орыннан екінші орынға жылжыту қажет болады. Объектілерді көшіргенде объект бұрынғы орында қалады, ал көшірмесі жаңа орынға орналасады. Қанша қажет болса, сонша көшірме алуға болады. Объектіні жылжытқанда ол жаңа орынға орналасады, бұрынғы орыннан өшеді. Көптеген қосымшаларда мәлімет алмасу тышқан көмегімен “алып бару” әдісі арқылы орындалады. Осы әдіспен көшіру және жылжыту әрекеттерін де орындауға болады. Алмасу буфері – жылжытылатын немесе көшірілетін мәліметтерді сақтап тұруға арналған жадының арнайы бір бөлігі. Тышқан көмегімен “алып бару” әрекетін экранда нұсқа қабылдаушыға алыс емес жерде орналасқан кезде қолдануға болады. Ол үшін қосымшалар терезесін жақын орналастыру қажет. Тышқан көмегімен жылжыту төмендегідей көрсетілген бойынша жүргізіледі: • Жылжыту керек объектіге тышқан көрсеткішін орнатып таңдайды. Тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап бірнеше объектілер тобын да таңдауға болады (мысалы, мәтін бөлігін); • Сол жақ батырма басулы күйінде ерекшелінген объектіні таңдаған орынға жылжытады. Көшіру, жылжыту тәрізді орындалады, сол пернесін басулы күйінде ұстау керек. Бұл жағдайда жылжытылатын объект қосымша «+» таңбасы арқылы белгіленеді. Алмастыру буфері көмегімен мәлімет алмасу төмендегі көрсеткен негізінде орындалады: • Жылжытуға немесе көшіруге қажетті объект ерекшеленеді; • Правка→Копировать немесе Правка→Вырезать командалары көмегімен объект алмасу буферіне орналасады; • Объект орналасатын орынды тышқан көрсеткіші көмегімен көрсетеді; • Объект көрсетілген орынға Правка→Вставить немесе Правка→Специальная вставка командалары көмегімен орындалады.
«Шығармашылық жұмыс»
Карточкалар арқылы оқушылар жұппен жұмыс жасайды.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н. Д. Зилинскийдің сөзімен бүгінгі ашық сабағымызды аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |