Кім көп білсе - сол алда!
11 қаңтар 2014, Сенбі
Категориясы: География
Гүли
Сабақтың тақырыбы: «Кім көп білсе - сол алда!»
Мақсаты: Оқушыны ұжымдық қарым - қатынасқа ынтымақтастыққа, бірлікке, бір - бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу. Ойлау есте сақтау қабілеттерін артырып, дүние танымдық көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, қиынды карта, сөзжұмбақ
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, жекелей және жалпы сыныппен жұмыс.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Кабинеттің тазалығын тексеру.
Оқушыларды топқа бөліп, құрал – жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Кіріспе сөз. Қазақ халқының көрнекті ағартушысы Ш. Уәлиханов «Сұлулықты, көркемділікті түсіне білудің өзі үлкен эстетикалық тәрбие күші. Ұшқан құс, жүгірген аң, өзен - көл, тау - тас, өсімдіктер дүниесі – бәрі де адамға ләззат береді» дегендей, біздер табиғаттың әдемілігін, сұлулығын сезіне алуымыз керек. Осы себепті, бүгін сіздермен бірге «Кім көп білсе – сол алда» тақырыбында сайыс - сабақ өткелі отырмыз.
ІІІ. Сайыстың бағдарламасы:
І. Топтардың сәлемдесуі.
ІІ. « Ең, ең, ең...» ойыны
ІІІ. Әдеби конкурс.
1 - тур. «Мен жазамын...» әңгіме құрастыру.
2 - тур. «Мен жылдаммын...» географиялық объектілерді түгендеу.
3 - тур. «Мен жырлаймын...» табиғатқа байланысты өлең құрастыру.
ІV. « Жас географтар» суретшілер байқауы.
V. «Тапқыр болсаң, тауып көр» сөзжұмбақты шешу.
VІ. « Не? Қайда? Қашан?» сұрақ - жауап.
VІІ. Музыкалық конкурс.
/Топта әрбір дұрыс жауапқа 5 балдық жүйемен бағаланады/.
І. Топтардың сәлемдесуі.
Екі топ өздерінің тобының атын, ұранымен таныстырады.
ІІ. « Ең, ең, ең...» ойыны.
/6 сыныпқа./
1. Дүниежүзіндегі ең биік тау /Гималай/
2. Дүниежүзіндегі ең үлкен арал /Гренландия/
3. Дүниежүзіндегі ең кішкентай материк /Австралия/
4. Дүниежүзіндегі ең биік сарқырама /Анхиль/
5. Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл /Сахара/
6. Дүниежүзіндегі ең терең шұңғыма /Мариан/
7. Дүниежүзіндегі ең ең суық материк /Антарктида/
8. Дүниежүзіндегі ең үлкен түбек /Арабия/.
9. Дүниежүзіндегі ең үлкен мұхит /Тынық мұхиты/
10. Дүниежүзіндегі ең үлкен мемлекет /Ресей/
/5 сыныпқа/
1. Дүниежүзіндегі ең үлкен материк /Еуразия/
2. Дүниежүзіндегі ең кіші мұхит /Солтүстік мұзды мұхиты/
3. Дүниежүзіндегі ең ыстық материк /Африка/
4. Дүниежүзіндегі ең ұзын өзен /Ніл/
5. Дүниежүзіндегі ең терең көл /Байкал/
6. Дүниежүзіндегі ең биік шың /Джомалунгмо, 8848м/
7. Дүниежүзіндегі ең суы мол өзен /Амазонка/
8. Дүниежүзіндегі ең ылғалды материк /Оңтүстік Америка/
9. Дүниежүзіндегі ең халқы көп мемлекет /Қытай/
10. Дүниежүзіндегі ең суыққа төзімді құс /Пенгвин/
ІІІ. Әдеби конкурс.
Бұл бөлім екі турдан тұрады.
1. 1 - тур. «Мен жазамын...» әңгіме құрастыру турында топ географиялық объектілерді қатыстыра отырып, әңгіме құрастыруы керек. Құрастырылған әңгіменің мазмұны мен географиялық объектілерді көп пайдалануына байланысты бағаланады.
«Қазақстанды қалай көркейтеміз?» тақырыбында әңгіме құрастырады.
2. 2 - тур. «Мен жылдаммын...» географиялық объектілерді түгендеу турында географиялық атауларды көп атаса, соншалық баға алады.
/5 сыныпқа/. Өзендер мен көлдерді атауы керек.
/6 сыныпқа/. Таулар мен жазықтарды атауы керек.
3. 3 - тур. «Мен жырлаймын...» табиғатқа байланысты өлең құрастыру турында топтарға 4 сөз беріледі, сол сөздерді пайдалана отырып, өлең шумағын құрастыруы керек.
Берілетін сөздер: Туған жер, табиғат, сүйемін, мәңгі жаса.
ІV. « Жас географтар» суретшілер байқауы. Әр топтан бір оқушыдан шығып, көзі байланған күйде плакатқа материктің және сол материкте өмір сүретін жануардың суретін салуы керек. Суреттің сапасымен емес, салынған картаның сол материктің картасына ұқсауы мен сонда өмір сүретін жануарға ұқсастығымен бағаланады.
V. «Тапқыр болсаң, тауып көр» сөзжұмбақты шешу.
/5 сыныпқа/
1. Атмосферада үлесі көп ауа /Азот/
2. Температураны өлшейтін құрал /Термометр/
3. Желдің бір түрі /Муссон/
4. Әсіре күлгін сәулесін өткізбейтін газ /Азон/
5. Атмосфераның екінші қабаты /Стротосфера/
6. Желдің бағытын өлшейтін құрал /Флюгер/
7. Жорыққа, саяхатқа алып шығуға ыңғайлы атмосфералық қысым өлшеуіш /Анероид/
8. Ауадағы ылғалды өлшейтін құрал /Гигрометр/
9. Ауаның қысымын өлшейтін құрал /Барометр/
/6 сыныпқа/
1. Белгілі жағдайда су буларының суық күйге айналуы қалай аталады? /Конденсация/
2. Атмосфераның 21% құрайтын құрамы /Оттегі/
3. Атмосфераның ең төменгі қабаты /Трофосфера/
4. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал /Барометр/
5. Жер бетінен жоғары көтерілген ауа салқындағанда, оның құрамындағы бу су тамшылары мен мұз түйіршіктеріне айналып, не құрайды /Бұлт/
6. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал /Гигрометр/
7. Маусымдық жел /Муссон/
8. Ауа қабаты /Атсомфера/
9. Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден, екінші жерге ауысуы қалай аталады? /Жел/
10. Тәуліктік жел /Бриз/
11. Атмосфераның 78% құрайтын құрамы /Азот/
VІ. « Не? Қайда? Қашан?» сұрақ - жауап. Бұл бөлім әр топтың өздері дайындап әкелген сұрақтарын бір - біріне қойып, жауап береді.
VІІ. Музыкалық конкурс. Екі топ географиялық объектілері кездесетін әндерді тауып, бір әнді орындап беруі керек. Әннің ішінде географиялық объектілері көп кездесетін әндерді көп тапса, соған қарай бағаланады.
ІҮ. Қорытынды: Осымен сайыс - сабағымыз өз шегіне жетті.
Табиғатты адамзат аялаған,
Егін егіп, мал бағып саялаған.
Қарасындай көзінің қорғай жүріп,
Қамқорлығын жобамен аялаған – деп жырлаған Р. Сәтімбековтың өлең жолдарымен аяқтағымыз келеп отыр. Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |