Сабақтың тақырыбы Кіріктірілген функциялар Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата28.03.2023
өлшемі2.27 Mb.
#471309
түріСабақ
Кіріктірілген функциялар


Бөлім

Ақпаратты электронды кестеде өңдеу

Педагогтың аты-жөні

Шарипова Мадина Тлековна

Күні

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сынып

8 А,Б

Сабақтың тақырыбы

Кіріктірілген функциялар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

8.2.2.3 электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кіріктірілген функцияларды қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Жаңа білімді түсінеді.
Көбі: Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.
Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әректі

Бағалау

Ресурстар

1.Ұйымдастыру
2. Өткен тақырыпты еске түсіру\ қайталау\

Амандасу. Психологиялық жағдай жасау.
Өткен тақырыпты қайталау.Сұрақтар:
1.Салыстырмалы сілтеме дегеніміз не?
2.Абсолютті сілтеме деген не?
3.Ұяшықты пішімдек дегеніміз не?



1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

3 балл


Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.





3. Жаңа сабақты меңгерту

4. Бекіту



Жаңа сабақты түсіндіру
Бүгінгі тақырып: Кірістірілген функциялар.
Оқу мақсаты:
8.2.2.3 Электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кірістірілген функцияларды қолдану
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға кіріcтірілген функцияларды қолданып шығарылған есептердің қорытындыларынан ұяшықтың мәнін табуды және есептерді шығаруда формулалар мен кіріcтірілген функцияларды қолдануды үйрету.
Жаңа сабақты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру. Миға шабуыл. Көрсетілген суреттер бойынша оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.




1. тапсырма. Функцияларды пайдаланып, қызметкерлердің еңбек ақысын төлеңіз. Шарт бойынша «БЕРУ / ЖОҚ» деген сөздермен сыйақыны растаңыз

1. =СУММ(B3:G3) 2.=СРЗНАЧ(G3) 3.=МАКС(B3:G3) 4.=МИН(B3:G3)
5.=ЕСЛИ(H3>=450000;«Беру";«Жоқ")
2 – тапсырма.
1. Суреттегі үлгі кестені жасап, ұяшықтардағы деректерді форматтаймыз.
2. Ұяшыққа енгізілетін деректерді қоямыз.

3. 1-тапсырма бойынша В11, С11, D11, E11 ұяшықтарына қосынды
алу функциясын пайдаланып, қосындының мәнін аламыз. Мысалы, В11 ұяшығына = СУММ(B4:B10) формуласын қоямыз.
4. Тұтынушылардың ағымдағы айда пайдаланған электр энергиясының орташа көрсеткішін табу үшін, D12 ұяшығына
= СРЗНАЧ (D4:D10) формуласын жазамыз.
5. Электр энергиясын ең көп пайдаланған абонентті табу үшін,
= МАКС(D4:D10) формуласын D13 ұяшығына, ең аз пайдаланған абонентті табу үшін, = МИН(D4:D10) формуласын D14 ұяшығына жазамыз.
6. Тұтынушылардың электр энергиясын пайдалану шығынының диаграммасын жасау үшін, D4:D10 аралығындағы ұяшықтарды көшіріп, диаграммаға кірістіру арқылы жаңа диаграмма аламыз

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.




Мұғалімді тыңдайды

Видеомен танысады

Тапсырмаларды өздігінен орындайды.

абақты қорытындылап, үй тапсырмасын жазып алады.



2 балл

4 балл






Оқулық, дәптерлер.

Карточкалар




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет