Сабақтың тақырыбы: Кіріспе сабақ Оқу мақсаты: Ежелгі Қазақстан тарихына жалпы шолу



Дата04.09.2024
өлшемі275.18 Kb.
#503349
түріСабақ
Кіріспе сабақ


ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІСАБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:




Пән/Сынып:

Қазақстан тарихы, 5 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

1 апта, 1 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

5.1 А Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі

Сабақтың тақырыбы:

Кіріспе сабақ

Оқу мақсаты:

Ежелгі Қазақстан тарихына жалпы шолу

Бағалау критерийі:

Ежелгі Қазақстан тарихына жалпы шолу жасай алады, тарихи кезеңдерді анықтайды.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма



Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут
00:00-01:00

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме оқушылар? Сендер оқулықтың алғашқы бетін аштыңдар. Бұл кітаптың беті ғана емес, сонымен бірге тарих әлемінің бастапқы жолы.
Сабағымыздың тақырыбы "Кіріспе сабақ"
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
- Қазақстан тарихына шолу жасау.
Сенің меңгеретінің:
- Қазақстан тарихының , тас дәуіріне кезеңдері. Ежелегі Қазақстан тарихына қысқаша шолу.



Не меңгеретінін білу үшін




Презентация № 1-2 бет

5-6 минут
01:00-02:00

02:00-06:00



Жаңа сабақ

Тарих — адамзат туралы ғылым. Ол өмірде өткен маңызды оқиғалар, тарихи тұлғалар туралы ақпарат береді. Тарих үшін барлық үдеріс, адамзат баласының өткен өмірін еске түсіретін барлық оқиға маңызды.
Бейнероликке назар аударыңдар.



Жаңа тақырыпты меңгеру




Презентация № 3 бет
https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/5-synyp/kirispe-sabaq?mid=3:simple

6 минут


06:00-08:00


08:00-10:00
10:00-12:00

Тәжірибе

1-тапсырма.
1.Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінеді? 4 кезеңге
2. Ежелгі Қазақстан қандай дәуірлерге бөлінеді? тас, қола, темір.
3. Тас дәуірінің кезеңдерін ата? палеолит, мезолит, неолит
Дескриптор: Білім алушы
- Қазақстан тарихының кезеңдерін анықтайды;
- Ежелгі Қазақстан қандай дәуірлерге бөлінгенін анықтайды;
- Тас дәуірінің кезеңдерін анықтайды;


2-тапсырма. Сәйкестендіру

1

Палеолит

А

Жаңа тас дәуірі

2

Мезолит

В

Тас дәуірі мен қола дәуірі арасындағы өтпелі кезең

3

Неолит

С

Ерте тас дәуірі

4

Энеолит

Д

Орта тас дәуірі

Жауабы: 1-С, 2-Д, 3-А, 4-В
Дескриптор: Білім алушы
- Палеолит дәуірін сәйкестендіреді;
-Мезолит дәуірін сәкестендіреді;
- Неолит дәуірін сәйкестендіреді;
- Энеолит дәуірін сәйкестендіреді;


Термин сөздермен жұмыс.
Тарих ғылымы көптеген салалардан тұрады. Атап айтқанда: археология, антропология, этнография, деректану, нумизматика, топономика, мұрағат жұмыстары.
Археология - (грек. архайос – ежелгі, логос – ілім) Көне заманнан, орта ғасырдан қалған ескерткіштерді зерттейтін тарих ғылымының саласы.
Антропология - (грек.антропос - адам, логос - ілім) адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. 
Этнография, этнология(этнос-тайпа, графо - жазу)- қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктерін зерттейді.
 Деректану – тарихи деректер, олардың ашылуы, зерттелуі және қолданылуының теориясы мен практикасы туралы ғылым.



Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация № 4 бет

Презентация № 6 бет


Презентация № 8 бет



2 минут
12:00-14:00



Бекіту

3-тапсырма. Суреттерге қарап, тарих ғылымының салаларын анықта.
1 . 2. 3. 4.



Дескриптор: Білім алушы
- Тарих ғылымының бірінші саласын анықтайды;
- Тарих ғылымының екінші саласын анықтайды;
- Тарих ғылымының үшінші саласын анықтайды;
- Тарих ғылымының төртінші саласын анықтайды;



Тақырыпты меңгергенін анықтау

Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация № 9 бет

1 минут
14:00-15:00

Қорытынды

Сабағымызды қорытындылайық.
Бүгінгі орындаған тапсырмалар бойынша өз-өзіңді бағала.
Сілтеме бойынша өтіп тапсырмаларды орында.
"Тарих ғылымына саяхат" тақырыбында тарихи диктант.









https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/5-synyp/kirispe-sabaq?mid=8:choice




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет