САБАҚ ЖОСПАРЫ: № 1
Пәні: Тігін бұйымдарына арналған материалдар
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе.Талшықтар туралы жалпы түсінік
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, .
Сабақтың көрнекілігі: оқулық.слайд
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білім алушыларға материалтану пәні туралы мағлұмат беру. талшықтар жөнінде білімдерін жетілдіру. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін жан-жақты тексеру, білімдерін жүйелеу.
Дамытушылық: Білім алушыларға өз мамандығына деген қызығушылығын арттыра түсу.
Тәрбиелік: Білім алушыларды ісмерлікке,шеберлікке тәрбиелеу,еңбекке тәрбиелеу,алынған білімді дұрыс әрекетке пайдалана білуге тәрбиелеу.
САБАҚ БАРЫСЫ
Ұйымдастыру кезеңі: Топ білімалушыларымен сәлемдесіп, олардың сабаққа қатысуын,даярлықтарын қадағалау, назарын сабаққа аудару.Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
Білім алушылардың білімін тексеру;
Жаңа сабақты меңгерту:жаңа сабақ тақырыбымен таныстырып, теориялық мәліметтер беріледі.
Тігін өнеркәсібі халықты сәнді ұнамды киіммен қамтамасыз етуге мүдделі. Киім адамға ең қажетті зат болып табылады, сондықтан да оған қойылатын талап күнделікті өсіп отырады. Киімге қойылатын талап күнделікті өсіп отырады. Киімге қойылатын талаптар гигиеналық, техникалық, эстетеикалық және экономикалық тұрғыдан бөлініп қаралады.
Г и г и е н а л ы қ талаптардың өзі – адам денсаулығын сақтауға бағытталған ауа мен ылғал өткізгіштігі, жылу сақтау қасиеті, кір жұқтырмаушылық, киіске ыңғайлылығы, су сіңірмеушілігі және басқалары, киімнің негізгі гигиеналық көрсеткіштері болып табылады. Гигиеналық талаптар киімнің мақсатына байланысты. Көйлек пен жазғы киімдердің ауаны жақсы өткізіп, ылғал өткізбейтін қасиеттері болады, киіуге ыңғайлы, жууға жеңіл болуы тиіс. Қысқы кмім жылы, плащтар су өткізбейтін болуы керек. Киімге қойылатын т е х н и к а л ы қ талаптардың өзі – тігін материалдарының сапасы мен киімді дайындауға қойылатын талаптар. Тігін материалдары мен тігілген дайын бұйым мемлекеттік жалпыодақтық стандартқа (ГОСТ) немесе техникалық жағдайларға сәйкес келуі тиіс. Киім мейілінше тозбайтын, жыртылмайтын жууға және химиялық тазалауға төзімді болуы шарт. Киімге қойылатын э с т е т и к а л ы қ талаптары сәнділікке байланысты. Қандай мақсатқа тігілген киім болса да ыңғайлы және әдемі болуы тиіс.Э к о н о м и к а л ы қ талап киімнің бағасыменсипатталады.Киім тиісті техникалық, гигиеналық,эстетикалық талаптарға жауап берумен қатар қымбат та болмауы керек.
Тігін бұйымдарының өнімнің ұлғаюы мен ассортиментінің кеңеюі мақта, жүн, жібек және зығыр мата шығаратын тоқыма өнеркәсібінің шикізат базасы үнемі кеңеюде. Талшық деп ұзындығы көлденеңінен көп есе артық иілгіш, жіңішке әрі мықты затты атайды.
Т о қ ы м а талшық деп иірме жіптерді, маталарды, беймата материалдарды жасауда пайдаланылатын талшықтарды атайды. Ұзына бойына ажырамайтын дара талшықтар қарапайым (элементарлы) деп аталынады (мақта, жүн). Ұзына бойына бірінен бірі байланысқан қарапайым талшықтар т е х н и к а л ы қ немесе қ ұ р а м а деп аталынады (зығыр, кендір т.б.). Ұзындығы ондаған, жүздеген метр болатын талшықты жіп дейді (таза жібек жібі, жасанды және синтетикалық жіптер). Жіптер қарапайым және құрама болып та бөлінеді. Қ а р а п а й ы м ж і п я к и м о н о ж і п – ұзына бойына бүлінбей бөлінбейтін жалғыз, дара жіп, құрама жіп ұзына бойына өзара байланысқан қарапайым жіптерден тұрады. Талшықтарды топтастыру, олардың тегіне қалай алынуына және химиялық құрамына байланысты жасалады. Барлық талшықтар таза (табиғи) және химиялық болып үлкен екі топқа бөлінеді. Табиғатта кездесетін талшықтарды т а б и ғ и деп, ал завод жағдайында алынатындарды– химиялық дейді. Өсімдік тектес(циллюлозалық– мақта,зығыр,кендір, т.б.( мал тектес(белоктың – жүн, таза жібек) және минерал тектестер (асбаст) табиғи талшықтарға жатады. Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалық болып бөлінеді.Жасанды талшықтар да өсімдік, мал және минерал тектес болып келеді, сондықтан олар таза табиғи талшықтар сияқты целлюлозалық (вискозы, ацетатты, триацетатты, мысамиакты және басқалар,белокты(казеинді),минералды (шынылық және металдық)болып бөлінеді. Жәй заттардың молекулаларын синтездеу (қосу)арқылы алынған талшықтарды синтетикалық деп атайды. Оған жататындар– капрон, лавсан, нитрон, хлорин, винол, полиэтилен, полипропилен және басқалар. Өсімдік талшықтарының негізі күрделі органикалық қосынды – целлюлоза, яғни көміртегі, оттегі, және сутегінен құрылған клечаткалар. Мал талшықтарының негізі одан да күрделі органикалық қосындылар – аминоқышқылдан тұратын белоктар. Белоктың құрамына көміртегі, оттегі, сутегі, азот сияқты элементтер міндетті түрде кіреді. Жүнді құрайтын белоктық қосынды к е р о т и н н і ң құрамына сонымен қатар күкірт те бар. Таза жібектің, яғни жібек құрты жібінің құрамында ф и б р о и н және с е р и ц и н деген екі белок бар. Олар қарапайым молекулаларды синтездеу арқылы алынады.
Жаңа сабақты бекіту:
Талшық дегеніміз не?
Талшықтар нешеге бөлінеді?
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып,талдап,конспектілеп және талшықтар туралы іздену
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстан энциклопедиясы.
2.Шаңырақ энциклопедиясы.
3.Қазақ Совет энциклопедиясы
4.Қазақстан энциклопедиясы.
5.Қазақстан энциклопедиясы.
6.«Химия негіздері» К. Аханбаев.
7.Всюченко«Органикалық химия»
8.Л.А. Цветков.«Органикалық химия»
9.Қазақ Совет энциклопедиясы.
10.Тігін өндірісінің материалтануы
Оқытушы : А.И.Баисова
Достарыңызбен бөлісу: |