Сабақтың тақырыбы: «Күйзелістік жағдайлардың алдын алу.»
Сабақ жоспары:
«Стресс» - ағылшын созі, қазақшалағанда күйзеліс мағынасында қолданылады.
Күйзеліс- кез-келген күшті әсерден адамда пайда болатын психологиялық күй. Стресс ұғымын канадалық физиолог Г.Селье 1936 жылы енгізді. Эмоциялық күйзелістік жағдайлар қиын ахуалдарда пайда болады және орасан зор ішкі күйзелістің нәтижесінде аңғарылады. Бұл көңіл-күйлер қауіп тенген жағдайда, шамадан тыс дене және ақыл-ой жүктемелері, тез және жауапты шешім қабылдау қажет болған жағдайда және т.б. пайда болады. Қазіргі өмірде күйзелістен кашып құтылу мүмкін емес. Ауа-райының күрт ауысуы, жұмыстағы мәселелер, көліктегі ұрыс-керіс, кездесуге кешігу, отбасындағы келеңсіздіктер...
Күйзелістік кернеуге мынадай белгілер тән:
- бір нәрсеге жете ден қоя алмау;
- жүмыста жіберілетін жиі қателіктер;
- есте сақтау қабілетінің төмендеуі;
- жиі шаршау сезімінің пайда болуы;
- тез сөйлеу;
- аурудың (басы, арқасы, қарын тұсы ауырады) жиі білінуі;
- жоғары қозу сезімі;
- жұмыстан бұрынғыдай ләззат ала алмау;
- әзілдесу сезімін жоғалту;
- шегетін темекі санының кенет артуы;
- алкогольді ішімдіктерге қүнығу;
- тамаққа тұрақты түрдегі қомағайлық сезімі;
- тәбет жоғалту - жалпы ас дәмін сезбеу;
- дер кезінде жұмысты аяқтай алмау.
Күйзелістік жағдайлар өте жиі және ұзақ мерзімді болғанда, адамның тек қана психологиялық жағдайына жағымсыз әсер етіп қоймайды, сонымен қатар денсаулығына да әсер етеді. Күйзелістік жағдайлар қан тамырлары мен ішек-қарын ауруларының пайда болуы мен асқынуының негізгі факторлары болып табылады.
Демек, бұл тек көңіл-күйге әсер ететін психологиялық фактор ғана емес, адам денсаулығына кейде шешуші әсер ете алатын медициналық мәселе.
Қатты күйзеліс дені сау адам үшін зиянсыз түрде тез өтеді. Ал денсаулығы нашар адамдар үшін оның психофизиологиялық әсері қатты сезіледі: көңіл-күй бүзылады, ұйқысы нашарлайды. Әйтсе де, біраз уақыттан кейін бәрі де қалпына келеді.
Ал хроникалық, яғни созылмалы күйзеліс - ұзаққа созылған келеңсіз жағдайлар, күн сайын еңсені езетін нәрселер - адам денсаулығы үшін өте зиянды. Өйткені бұл жағдайда, ең алдымен артериалды гипертония, бронхиалды астма, жүректің коронарлы аурулары, қант диабеті сияқты психосоматикалық аурулар пайда болады.
Күйзелістің психологиялық белгілері ұмытшақтық, есте сақтау қиындықтары, қобалжу, шектен тыс уайымшылдық, себептер қорқыныштар, ашуланшақтық болып табылады. Бұл өзіне деген сенімділігін жоғалтып, түрлі ауруларды, психикалық шаршауларды туындатады және дәріге бағынышты етеді.
Мысалы, қатты күйзеліс кезінде ағзада түрлі химиялық заттар түзіле бастайды. Егер ер адамдар спортпен шұғылданатын болса, ол қосындылар «жанып» кеткен болар еді. Ал күйзелісті жағдайдан кейін өз эмоциясын сыртқа шығармай, теледидар алдында отыра беру жүрекке зиян. Эмоцияны іште ұстау психологиялық тұрғыдан алғанда өте зиянды нәрсе. Шетелдіктердің әрқайсысының өз психотерапевті бар екендігі сондықтан болса керек. Ал бізде негізінен оны алкоголь арқылы шешуге тырысады. Әрине, ішімдік қысқа мерзімге көмектесе алады, бірақ оның буы тарағаннан кейін де шешілмеген мәселелер өз орнында қала бермек.
Негізінде, күйзелісті қабылдауы, онымен күресе білуі адамның ақыл-ойының, парасатының деңгейіне, өзгешеліктеріне тікелей байланысты.
Ал, күйзелістердің адам ағзасына зияны туралы пікірлер көп. Шындығында да, ол ағзаның қорғанысқа қабілетін әлсіретіп, иммундық жүйесіне тікелей әсер етеді. Мысалы, қатерлі ісік ауруы адам ағзасының ең бір әлсіреп, қалжыраған сәтінде бас көтеретіні белгілі. Әсіресе, эндокринді жүйеде пайда болған рак ауруы күйзеліспен тікелей байланысты. Бұл «Барлык ауру -жүйкеден» деген сөздің дұрыстығының тағы бір дәлелі.
Бақылау сұрақтары:
Күйзелістің қандай түрлері бар?
Созылмалы күйзеліс қалай анықталады?
«Барлык ауру -жүйкеден» деген тұжырыммен келісесіз бе, әлде қарсысыз ба? Өз ойыңызды түсіндіріп кетіңіз
Достарыңызбен бөлісу: |