Сабақтың басы -
3 мин
|
Кіріспе.
Сәлеметсіздер ме? Оқушылар.
«Ой шақыру» әдісі
1.Көліктің қандай түрлері бар?
2.Көп қолданылатын көлік түрлері қандай?
3.Қалай ойлайсыздар,бензинмен жүретін көліктер тиімді ме, әлде газбен жүретін көліктер ме?
Дұрыс айтасыңдар, балалар, ендеше бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Көлік түрлері»
«Автомобиль» сөзінің мағынасы өздігінен қозғалатын, жолаушылар және жүкті тасымалдауға арналған дөңгелекті көлік. Автомобиль 4 дөңгелегі бар көлік құралы. Ақпарат көздерінің дерегіне сүйенсек, қазір
Қазақстанда 4 миллионға жуық көлік бар.1931 жылы небәрі 109 автокөлік болыпты.Уақыт өткен сайын көліктердің саны ғана емес, түрі де көбейіп келеді.
әуе
Көлік түрлері
су жер
темір жол
1- тапсырма.
Тақырыпқа байланысты сөздерді кестеге орналастыр.Көлік түрлерін ажырат.
Қайық, автобус,әуе шары,катамаран, кеме,пойыз, зымыран,автокөлік,тікұшақ,мотоцикл,ұшақ,кеме
Жауабы:
жер
|
әуе
|
темір жол
|
Су
|
автобус
|
әуе шары
|
пойыз
|
катамаран
|
мотоцикл
|
ұшақ
|
|
Кеме
|
автокөлік
|
тікұшақ
|
|
Қайық
|
|
зымыран
|
|
|
Тапсырманы орындап болсақ келесі грамматикалық тапсырмаға назар аударайық!
Сын есімнің салыстырмалы және күшейтпелі шырайлары болады.
Күшейтпелі шырай:
а)күшейткіш буын:
-қып,-сап
ә)өте ,тым, аса
Салыстырмалы шырай:
-рақ,-рек,-ырақ,-ірек
лау,-леу,-дау,-деу,-тау,-теу,
Сын есімнің шырайлары
ның жасалуы
Ссс
Сын есімнің жасалу жолына қарай келесі тапсырмамызға көшейік.
2-тапсырма.
Төмендегі сын есімдерге шырай жұрнақтарын жалға,шырай түрлерін ажырат.
Жарық-
Үлкен-
Кең-
Дәмді-
Дәл-
Ұзын-
Жұмсақ-
Ауыр-
Салыстырмалы шырай
|
Күшейтпелі шырай
|
үлкендеу
|
өте дәмді
|
кеңдеу
|
өте жұмсақ
|
ұзындау
|
тым ауыр
|
дәлірек
|
жап-жарық
|
Шырай түрлерін қолданып, (көлік түрлері) тақырыбымызға байланысты сөйлем құрау.
Ықтимал жауап:
Минивэн көлігі-7 адамға дейін отыра алатын кеңдеу көлік түрі.
Бұл тапсырманы орындап болсаңдар,келесі тапсырмамызға көшейік.
3- тапсырма.Тақырыбымызға байланысты көлік нөмірлеріндегі соңғы екі санның қай аймаққа тиесілі екенін сәйкестендір.
Нұр-Сұлтан қаласы 16
Алматы қаласы 11
Ақмола облысы 01
Қызылорда облысы 02
Оңтүстік Қазақстан облысы 03
Шығыс Қазақстан облысы 13
Жауап:
Нұр-Сұлтан қаласы 01
Алматы қаласы 02
Ақмола облысы 03
Қызылорда облысы 11
Оңтүстік Қазақстан облысы 13
Шығыс Қазақстан облысы 16
Тапсырманы сәйкестендіріп болсаңдар, келесі тапсырмамызға көшейік.
4- тапсырма. «Мен саяхатқа барамын...» қай көлік түрін таңдаймын. Неліктен? Себебі? Сын есімнің шырай түрлерін пайдалана отырып, мәтін құрастыру.
Бүгінгі сабақта:
Көлік түрлері, сын есімнің шырайлары туралы ақпарат алдыңдар.
Тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап бердіңдер.
Суреттер желісі бойынша әңгіме құрадыңдар.
Қосымша тапсырма:
«Келешектің кемеңгер көліктері» тақырыбында сурет салу.
Назар салып тыңдағандарыңа рахмет! Осымен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар.
|
|