Сабақтың тақырыбы Комбинаторикалық есептерді шешу Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата03.01.2022
өлшемі36.99 Kb.
#451561
түріСабақ
17.05-22.05 11 сынып алгебра


Оқу-әдістемелік бөлім бастығының оқу-істері жөніндегі орынбасары:

Ж. Аскарова

Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебі

Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

Қайталау.

Педагогтің аты-жөні

Лесбекқызы Б

Күні:

17.05.2021 ж

Сынып: 11 «Е»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Комбинаторикалық есептерді шешу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары




Сабақтың мақсаты

Комбинаторикалық есептерді шешу

    

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі.

Үй жұмысын сұрау.

Өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап

Ұландармен сәлемдесу, ұландарды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы оқушылар өзі бір- біріне сұрақ қоя отырып өткен сабақ туралы не білгендерін ортаға салады.


Ауызша, мадақтау.

Оқулық






Өткен сабақты еске түсіру

Ой қозғау.

1) 2 таңбалы неше сан бар?

2) бірдей цифрлардан құралған 2 таңбалы неше сан бар?

3) цифрлары әртүрлі болатын 2 таңбалы неше сан бар?

Осыдан соң сабақ тақырыбы айтылады.

Тапсырма 1.

№1.Дүкеннің сөресінде екі қонжық жатыр – сары және қоңыр, екі машина – қара және ақ және үш доп – қызыл, жасыл және көгілдір. Бекжанға 3 ойыншық сатып алу керек: бір қонжық, бір машина және бір доп. «Ағаштың» көмегімен Бекжан оны қанша тәсілмен сатып алатынын анықтаңыз.

№2.


Берікте әртүрлі түсті екі бейсболка, төрт футболка және екі джинсы бар. Егер ол бейсболка, футболка және джинсы кисе, Берік қанша түрлі киіне алады? Жауабыңызды нұсқалар ағашын құрып көрсетіңіз.

Дескриптор: Білім алушы

- нұсқалар ағашының деңгейінің санын анықтайды

- нұсқалар ағашын салады

- киім кию нұсқаларының санын табады



Ауызша, мадақтау.

Оқулық



Сабақтың ортасы

Жеке жұмыс жұмыстары

Тапсырмалар орындау

Есептер шығару

Тақырыпты жинақтау үшін тақырыпқа қатысты кітаптан жаттығу жұмыстарын орындайды.

Жаңа сабақты бекіту.

Жеке жұмыс.

Тапсырма 3.

Осы кезеңде есеп шығару барысында толық іріктеумен қатар қысқаша іріктеу де жүргізілуі мүмкін.

№1.


3, 4, 5, 6 цифрларынан ондықтар саны бірліктер санынан артық болатындай барлық екітаңбалы сандарды жазыңыз.

№2.


4 фигура бар: үлкен және кіші үшбұрыштар, үлкен және кіші дөңгелектер. Бірінші орынға үлкен үшбұрышты және пішіні бірдей фигуралар қатар тұрмайтындай қанша тәсілмен осы фигураларды бір қатарға орналастыруға болады?

Мадақтау


Оқулық
дәптер



Сабақтың аяғы

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Бағалау парағы







Оқу-әдістемелік бөлім бастығының оқу-істері жөніндегі орынбасары:

Ж. Аскарова


Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебі

Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар


Бөлім:

Қайталау.

Педагогтің аты-жөні

Лесбекқызы Б

Күні:

18.05.2021 ж

Сынып: 11 «Е»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Комбинаторикалық есептерді шешу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары




Сабақтың мақсаты

Комбинаторикалық есептерді шешу


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


«Интервью» әдісін пайдалану арқылы үй тапсырмасына қатысты сұрақтар

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру.



Ауызша, мадақ-тау.

Оқулық






Жигсо әдіс бойынша тақырыптарды қайталау


Өткен тақырыпты толық меңгеріп жаңа тақырыпқа қадам Жигсо әдісі пайдаланып тапсырманы орындап түсінгендерін бір-біріне жеткізеді.

Жұптық жұмыс.

Оқушыларға комбинаторикалық есептер шешімінің барлық мүмкін нұсқаларын табуға қатысты есептер ұсынылады. Бұл есептерді шығару барысында оқушылар толық іріктеуді орындайды.

Тапсырма 2.

№1.

Сыныпта 6 үздік оқушы бар. Осы оқушылардың ішінен неше тәсілмен 4 оқушыны математикадан олимпиадаға жібере алады?



№2.

Би үйірмесіне 7 оқушы қатысады. Олардың 4-еуі қыз, 3-еуі ұл. Вальс биін билеу үшін, оқушылар қанша тәсілмен жұптаса алады?



Есептердегі кейбір дәлсіздіктер мен қателіктер талқыланады.

Ауызша, мадақ-тау

Оқулық



Сабақтың ортасы

Қолдану сатысында «АВС» әдісін қолдану

Жеке жұмыс.

Тапсырма 1.



Осы кезеңде есеп шығару барысында толық іріктеумен қатар қысқаша іріктеу де жүргізілуі мүмкін.

№1.


3, 4, 5, 6 цифрларынан барлық жұп екітаңбалы сандарды құрастырыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- бірінші жартысында жүрген жолды табады;

- екінші жартысында жүрген жолдың жылдамдығын табады;

- барлық жолдың ұзындығы мен уақытын есептейді;

- орташа жылдамдықты табады;

- жылдамдықтардың өзгеріс ауқымын есептейді.



Мадақтау


Оқулық
дәптер



Сабақ-тың аяғы

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.

Бағалау парағы






Оқу-әдістемелік бөлім бастығының оқу-істері жөніндегі орынбасары:

Ж. Аскарова

Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебі

Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

    


Бөлім:

Қайталау.

Педагогтің аты-жөні

Лесбекқызы Б

Күні:

20.05.2021 ж

Сынып: 11 «Е»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Математикалық сауаттылық есептерін шешу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары




Сабақтың мақсаты

Математикалық сауаттылық есептерін шешу


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


«Интервью» әдісін пайдалану арқылы үй тапсырмасына қатысты сұрақтар

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру.


Ауыз-ша, мадақтау.

Оқулық



Сабақтың ортасы


Қолдану сатысында «АВС» әдісін қолдану

Таратылған тапсырмалар

1. 301 дана натурал сандарын өзара қосқанда, қосындысы 302 шығатын болса, олардың көбейтіндісі неге тең?

А) 0 В) 1 С) 2 Д) 301 Е) 302

2. Астана сөзіне төмендегі жауаптардың қойсысы сәйкес келеді ?

А) 284252 В) 581346 С) 037369

Д) 195413 Е) 373648

3. 1-ден бастап 100-ге дейінгі натурал сандардың қосындысы неге тең?

А) 2050 В) 3050 С) 4050 Д) 5050 Е) 6050

4. Осыдан үш жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы 12 жас болды. Жеті жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше жас болады?

А) 30 В)22 С) 32 Д)27 Е)25

5. Неше бөренені 18 рет кескенде, олардан 25 бөлік алынатын анықтаңыз?

А) 8 В) 6 С)7 Д)1 Е) 9

Топтарға шығармашылық тапсырма, тест жұмысы:

1. Төменде берілген сандар белгілі бір

заңдылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз

           16    ?    10    -1    -2   -13

А) 12  В) 5 С) 1  Д) -5 Е) 6

2. Қазір әкесі 54 жаста . Баласы 20-да, қызы 6-да. Неше жылдан кейін баласы мен қызының жастарының қосындысы әкесінің жасына тең болады?

А) 28 В) 20 С) 26 Д) 24 Е) 30

3. 952* санындағы жұлдызшаның орнына қандай цифрды қойғанда, пайда болған сан 4-ке қалдықсыз бөлінетін болады?

А) 4, 8 , 12 В) 0, 10  С) 2, 6

Д) 0, 4 , 8 Е)  Кез келген цифр

4. Көкшетау сөзіне төмендегі жауаптардың қойсысы сәйкес келеді?

А) 28426037 В) 58134629

С) 03736948 Д) 19541376

Е) 37364850

5. 301 дана натурал сандарын өзара қосқанда, қосындысы 302 шығатын болса, олардың көбейтіндісі неге тең?

А) 0 В) 1 С) 2 Д) 301 Е) 302

6. Төмендегі сандар тізбегінде неше жай сан бар?

7, 10, 11, 16, 21, 23, 39, 43

А) 4 В) 5 С) 6 Д) 7 Е) 8

7. 2016 жылы 1 литр бензиннің бағасы 125 тг. Ал 2007 жылы 1 литр бензиннің бағасы 23,2%-ға арзан болған. 1 литр бензиннің 2007 жылғы бағасы қандай?

А) 95 тг В) 100 тг С) 100,625 тг

Д) 95,625 тг Е) 96 тг



1 - нұсқа

1 В 2. А 3. А 4 Д 5. Е 6 Е 7. А

Ауыз-ша, мадақтау.

Оқулық



Сабақтың аяғы


Рефлексия

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.

Баға-лау парағы






Оқу-әдістемелік бөлім бастығының оқу-істері жөніндегі орынбасары:

Ж. Аскарова

Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебі

Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

Қайталау.

Педагогтің аты-жөні

Лесбекқызы Б

Күні:

22.05.2021 ж

Сынып: 11 «Е»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Математикалық сауаттылық есептерін шешу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары




Сабақтың мақсаты

Математикалық сауаттылық есептерін шешу


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс-тар

Сабақтың басы


«Интер-вью» әдісін пайдалану арқылы үй тапсырмасына қатысты сұрақ-тар

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру.



Ауызша, мадақтау.

Оқулық



Сабақтың ортасы


Қолдану сатысында «АВС» әдісін қолдану

Берілген комплекс саннан квадрат түбір табу үшін тізбектелген нұсқау жасайды.

1 - нұсқа

1. Берілген мәліметтерді қолдана отырып, төмендегі cұраққа жауап беріңіз

Айлин жазғы демалысын Оңтүстік Африкада өткізуді шешті. Төменде ақша айырбастау пунктінің кестесі көрсетілген

 

Сату құны

Сатып алу құны

1 ZAR

15,5 KZT

 15,0 KZT

*ZAR - Оңтүстік Африка рэнді

KZT - Қазақстан теңгесі

Айлин жазғы демалысынжа 17 500 рэнд жұмсады. Қазақстанға қайтқанда қалған ақшасын неше теңгеге айырбастай алады?

А) 69750


В) 67500

С) 71500


Д) 65000

Е) 70250


2. Төменде берілген сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз

                              1 8 27 ? 125 216

А) 64 

В) 625


С) 100

Д) 25


Е) 36

3. Қазір шешесі 44 жаста . Баласы 10-да, қызы 6-да. Неше жылдан кейін баласы мен қызының жастарының қосындысы шешесінің жасына тең болады?

А) 28

В) 20


С) 26

Д) 24


Е) 30

4. 952* санындағы жұлдызшаның орнына қандай цифрды қойғанда, пайда болған сан 3-ке қалдықсыз бөлінетін болады?

А) 2, 5, 8

В) 0, 1 


С) 2, 6

Д) 0, 4 , 8

Е)  Кез келген цифр

5. Берілген қосындыны анықтап, төмендегі тапсырманы орындаңыз

         ААВ

         ВСА

 +___ СВС 

        2553

А-ның ең кіші мәнін анықтаңыз

А) 9


В) 6

С) 5


Д) 8

Е) 4


6. Астана сөзіне төмендегі жауаптардың қойсысы сәйкес келеді?

А) 284252

В) 581346

С) 037369

Д) 195413

Е) 373648

7. 1-ден бастап 100-ге дейінгі натурал сандардың қосындысы неге тең?

А) 2050 В) 3050 С) 4050 Д) 5050 Е) 6050



1 - нұсқа

1. В 2. А 3. А 4. А 5 Д 6. А 7. Д

Ауызша, мадақтау.

Оқулық



Сабақтың аяғы


Рефлексия

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Баға-лау пара-ғы





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет