Сабақтың тақырыбы: Көне түріктердің жазуы Оқу мақсаты: Көне түркі жазуының маңызын түсіндіру



Дата22.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#478346
түріСабақ
6 сабақ Ежелгі түріктердің жазуы. 2


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
6-СЫНЫП
6-сабақ
Бөлім тақырыбы:
Түркі кезеңіндегі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:
Көне түріктердің жазуы
Оқу мақсаты:
  • Көне түркі жазуының маңызын түсіндіру;

  • Бағалау критерийлері:
    Ежелгі түріктердің жазуы тарихи маңыздылығын пайда болуы туралы біледі

Бұл тарауда біз көне түркі дәуіріндегі руна жазуы жайлы оқимыз.
VI-VII ғасырларда Орталық Азияның, Төменгі Еділ бойының, Солтүстік Кавказдың түркі тілдес тайпалары өз жазуын пайдаланды.
Жазудың қажеттілігі әкімшілік және дипломатиялық істер барысында пайда болды. Мұнда діни сарындар да айтарлықтай рөл атқарды.
Бейнероликке назар аударыңдар.
https://www.youtube.com/watch?v=e2eO_Xkkw6c

1-тапсырма. Бейнелерге қарап сипаттама бер
Дескриптор: Білім алушы
-Бейнелерге қарап сипаттама берді

Жауаптары


Көне түркі әліпбиі
Көне түркі тас жазулары
Тас жазуды қашау барысы
Күлтегін ескерткіші

2-тапсырма. «Сұрақтарға жауап бер»

Дескриптор: Білім алушы
-Берілген сұрақтардың дұрыс жауабын жазады.

Көне түркі жазуымен жазылған қандай құнды тарихи жәдігерлерді білесіңдер?
Түркі жазуы неліктен кең таралды?

Жауабы

Көне түркі жазуымен жазылған қандай құнды тарихи жәдігерлерді білесіңдер?
Түркі жазуы неліктен кең таралды?
Орхон-Енисей ескерткіші, Тоныкөк, Күлтегін
Енисей алқабынан 150-ден астам руна жазулары табылды. Құлпытастардың барлығы көне түркі әдеби тілімен жазылған.
3-тапсырма. Берілген ұғымдарға сипаттама беріңдер
Конфессиялар, тәңіршілдік, манихейлік, зороастризм, христиан

Жауабы

  • Конфессия- діни сенім.
  • Тәңіршілдік- Түркілердің наным-сенімі. Ежелгі түркілерде Тәңір мәңгілік құдірет иесі, бүкіл жаратылыстың бастауы саналған.
  • Манихейлік- түркілер арасында таралған дін. Бұл діннің негізі ІІІ ғасырдың соңында ежелгі Иран жерінде қаланды. Манихейлік дін бейнелеу өнері мен музыканы дамытуда үлкен рөл атқарды.
  • Зороастризм. Ортағасырлық Қазақстан қалаларының тұрғындары арасында отқа табынушы зороастризм дінінің өкілдері кездесті. Зороастризм діні б.з.б. VII-VI ғасырларда ежелгі Иран аумағында пайда болды.
  • Христиан- V ғасырдың ортасында христиан шіркеуінен несториан ілімі жеке бөлінді. Бұл бағыт патриарх Несторийдің есімімен аталды.

Қорытынды
Бүгінгі орындаған тапсырмалар бойынша өзіңді бағала
Үйге тапсырма: Ежелгі Түрік жазуы жайлы реферат жазу

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет