Сабақтың тақырыбы: Күрделі сөздер



Дата15.06.2016
өлшемі31.85 Kb.
#137232
түріСабақ
Алматы облысы

Панфилов ауданы

«Көктал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

бастауыш сынып мұғалімі Қалқамбаева З.К.

Сабақтың тақырыбы: Күрделі сөздер

Сабақтың мақсаты: 1. Күрделі сөздер туралы алғашқы түсініктерін

қалыптастыру, күрделі сөздердің бір ғана

мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп,

бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратынын

ұғыну.

2. Күрделі сөздерді туынды түбір, еркін сөз



тіркесінен айыра білуге үйрету.

3. Сөйлем ішіндегі күрделі сөздерді таба білу,

сөйлем құрастыруда күрделі сөздерді пайдалана

білу біліктерін арттыру.



Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап

Көрнекілігі: суреттер, тапсырмалар, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.



  1. Психологиялық ахуал орнату

Келген қонақтарға жылы лебізімізді білдірейік.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Еңбектеніп оқу оқып,

Шыңдарға біз шығамыз.

Ерінбейміз бүгінде біз,

Өйткені оған жоқ еш себеп.

ІІ. Ой қозғау.

Балалар бүгін қазақ тілі сабағында «Сөзстан» елі хат жіберіпті.

Хат ішінде әр түрлі ойындар, тапсырмалар, сөзжұмбақтар бар екен.

«Сөзстан» елі сендердің білімдеріңді байқамақшы.

Енді балалар, сыныбымызды топқа бөліп алайық. 3 топ сайысқа түседі.

1-топ. «Астана»

2-топ. «Болашақ»

3-топ. «Тәуелсіздік»

1-тапсырма. 1-топқа Тұрақты сөз тіркесіне 3 сөйлем құрастыру.

2-топқа Ереже айту

3-топқа Тұрақты сөйлемге мысал келтіріп, дәлелде.

2- тапсырма. Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру.




  1. Көп сөйлеген сөз арзан

  2. Сөз – ойдың айнасы

  3. Жақсының сөзі өлмейді

ІІІ. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу. Екі бағандағы сөздерді салыстыр. Оларға сұрақ қой. Сонда не байқадың?

Екінші бағандағы сөздердің жазылуына назар аудар, мағыналарын түсіндір. Қорыта келе ережемен таныстыру.

2- жаттығу. Сызбаға қара. Неліктен күрделі сөз?




3-жаттығу. Сөздерді көшіріп жаз. Ақсақал, айбалта, тасбақа, итмұрын, жас ұлан, сары май, әке – шеше, көзбе – көз, мая-мая.

Бұл сөздерді неліктен күрделі сөз дейді? Күрделі сөздердің мағынасын түсіндір. Кейбіреулерін қатыстырып сөйлем құра.

ІV. Сергіту жаттығуы.

Әр топ өз тобының атына байланысты 1 шумақ өлең оқиды.



V. Түсініктерін тексеру.

4-жаттығу. Күрделі сөздерді оқып, мағынасын түсіндір. Күрделі сөздерді жазылу ерекшеліктеріне қарай топтастыр.

«Лездеме» тез жауап бер.


  1. Жиегі көгерген кілем қайдан көрінген? (Көкжиек)

  2. Нені қазып қала болған? (Жезқазған)

  3. Екі сөзі бірігіп қалай сайрайды? (Бұлбұл)

  4. Екі қазанның бірі сатылып кеткенде, неше қазан қалды? (Бірқазан)

  5. Баққаным әрі құс, әрі түйе (Түйеқұс)

  6. Суы да ала, тауы да ала,

Бар ма екен осыны білетін бала? (Алатау, Алакөл)

5-жаттығу

Тіркескен сөздерді оқы.

Үздік оқушы, ағаш көпір, жүйрік ат, шұбар ала, он бес, оқып жүр, самал жел, қызық кітап.

Күрделі сөздерді теріп жаз, олардың қай сөз табынан жасалғанын айт.

Күрделі сөз екенін дәлелде.



VI. Шығармашылық жұмыс

______________________баламыз

______________________анамыз

______________________саламыз

______________________барамыз

Осыған байланысты оқушы бір шумақ өлең құрастырады.

7-жаттығуды орындау арқылы сабақты қорыту.

«Сөзстан» елінен келген хаттағы тапсырмаларды жақсы орындағандарың үшін сендерге «жарайсыңдар» деп риза екендігін білдіреді.



VII.Қорыту.

Бүгінгі сабақта не үйрендік, нені білдік, нені білгіміз келеді?



Үйге тапсырма беру. 6-жаттығу

VIIІ. Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет