Пәні: қазақ әдебиеті
|
Мектеп: «№38 мектеп-лицей» КММ
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Ахмер Біржан Ермекұлы
|
|
|
Сынып: 8 «Ғ»
|
|
|
Сабақтың
тақырыбы:
|
М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Шығарманың композициялық құрылымы (2-сабақ)
Бөлім: Махаббат және абырой
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
А/И1. Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.
А/И 2 Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау
|
Сабақтың мақсаттары
|
- Оқушылар композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды;
- Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау жасайды.
|
АКТ-ны қолдану
|
https: // bilimland.kz, слайдтар
|
Бағалау критерийлері
|
Шығарманың композициялық құрылымын жан-жақты талдай алады
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар қолдана алады:
Романның композициялық құрылымын түсінеді;
Романның композициялық құрылымына сай талдау жасайды;
Жазылым жұмысында композициялық құрылымға сай өз көзқарастарын нақты жеткізеді.
Пәндік лексика мен терминология: композиция, сюжет, композициялық тұтастық, жастардың сезімі, тоқал, тағдырлас, өмір
құбылыстары
Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:
Менің ойымша...
Менің байқауымша...
Шығарма жайында былай ойлаймын...
Ойымды қорыта келе:
|
Жоспар
|
Жоспарланған
кезеңдері
|
уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
3 мин
|
1. Тапсырма
Төмендегі үзіндіні композициялық құрылымның қай бөліміне жатқызасыз? Ойыңызды 5 сөйлеммен дәлелдеңіз.
Ғали: «Тұла бойым қызып, сүйектерім сырқыраған секілді болып тұр», - деп тынши алмай, науқасының күштілігі көрініп, төсектен тұрмай жатты. Науқасы күннен-күнге ауыр тартып, төрт-бес күннің ішінде бек қауіпті секілді көрінді.
|
|
Сабақтың ортасы
|
7 мин
3 мин
1 мин
|
2. «Сөзден – сөйлем, сөйлемнен - мәтін» әдісі
Оқушылар шашылған сөздерді теріп, сөйлем құрастыру керек. Бұл сөздер шығарма ішінен алынған. (айтылым және жазылым дағдылары)
Жамал
Шыққан
Бар еді
уақытта
борасын
жаяу
азырақ
Дұрыс жауабы: Жамал шыққан уақытта азырақ жаяу борасын бар еді.
Енді осы сөйлемді мәтінмен байланыстырып көрейік. Сіздің ойыңызша аталған сөйлем қай бөлімге қатысы бар? Ойыңызды жан-жақты білдіріңіз. Айтылған идеяларды жинақтап, сұрыптап, дәптерге жазыңыз.
3-тапсырма Төмендегі диалогтарға мінездеме бірейік. Яғни, диалог арқылы кейіпкерлердің көңіл-күйін, психологиясын тануға тырысайық.
1-диалог:
Екеуінің қасында кісі жоқ уақытта:
- Менің бақытсыздығым өз басымнан асып, кесапаты саған да тие бастады, ақыры қайырлы болсын, - деп, Жамал Ғалиді құшақтап жылап та алушы еді. Ғали:
- Жылама, Алла сақтар, жазылармын, қазынасы кең бір сағатын жіберер, - деп өзін, өзінен де Жамалдың көңілін жұбатушы еді.
2-диалог:
Шолпан қызынан сұрады:
- Қарағым Жамал, жұрт мынадай деп жатыр, енді қайтеміз? – деп. Жамал:
- Апа, енді мен үшін жаманатты болмаңыз, маған енді Ғали болмаған соң бәрібір...
4.Бағалау
Мұғалім оқушылардың белсенділігіне, сөз саптауына, сыни ойлау дағдысына, жазу мәнеріне қарап тиісті бағаларды қояды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |