Сабақтың тақырыбы М. Шаханов «Нарынқұм зауалы»



Дата20.05.2024
өлшемі30.59 Kb.
#501567
түріСабақ
№ 3 Әке үкімі


Бөлім тақырыбы:


Ұрпақ тәрбиесі

Педагогтің аты-жөні:

Нұрқабыл Г.Ж

Күні:

09.04.2024

Сынып: 7 «Д»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Шаханов «Нарынқұм зауалы» Әке үкімі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.3.1.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.



Сабақтың мақсаты

Көркемдегіш құралдарын анықтап, қолданысын тиімді талдау

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
7 мин



І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назары сабаққа аударылады.
Қызығушылықты ояту. «Айналма жеңілдік»
1.Үй тапсырмасын орындамау;
2. Қалаған орынға отыру;
3. Мұғалімнің сыйы +1 балл

Үй жұмысын сұрау. Поэмадан үзінді жаттау 1 балл



Ойтүрткі.



  • Махамбеттің туған елі мен жерін жақсы көретіні оның қандай сөздерінен көрінеді? 1 балл

  • Махамбеттің басын шапқан жігітті ақтауға бола ма?1 балл

  • Әке үкімімен келісесіз бе? 1 балл

Сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Оқушылар назары сабаққа аударылады.

Үзіндіні жатқа айтады


Сұрақтарға жауап береді.


Сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады.



ҚБ «Мұғалімнің қолдауы»



7-сынып қазақ әдебиеті

https://ru.piliapp.com/random/wheel/



Сабақтың ортасы
33 минут


ІІ. Мағынаны тану.
1-Тапсырма. Жеке жұмыс
Шығарма мазмұны бойынша «learningapps» платформасында композициялық талдау жасап, оқиғаларды ретімен орналастыр.
Дескриптор:__Шығарма_мазмұнын_біледі;_2_балл__Шығармаға_композициялық_талдау_жасайды._2_балл'>Дескриптор:

  • Шығарма мазмұнын біледі; 2 балл

  • Шығармаға композициялық талдау жасайды. 2 балл



ҚБ


2-Тапсырма. Жұппен жұмыс
Көркемдегіш құралдарды еске түсіріп, шығармадағы қолданысын талдау. https://wordwall.net/ru/resource/71227017 платформасында орындайды.


Дескриптор:

  • Көркемдегіш құралдарды біледі - 2 балл

  • Шығармадағы қолданысына талдау жасайды - 2 балл

3-Тапсырма. Жұппен жұмыс
Мәтіннен көркемдегіш құралдарды тауып, мысал келтіріңіз.
1-қатар:
Аллитерация
Риторикалық сұрақ
2-қатар:
Қайталау түрлері /анафора
Ассонанс
3-қатар:
Қайталау түрлері /эпифора
Эпитет
Дескриптор:

  • Өлеңнен мысалдар табады; 2 балл

  • Көріктеу құралдарының қайсысы екенін анықтайды. 2 балл

Көркемдегіш құралдар

Шығармадан мысал

Аллитерация

Жан ашырың, жақының ем,
Және қайсар ақының ем мен сенің.
Жұлдыздай боп жанар алдан

Ассонанс



Ең бірінші надансың,
Ел дәстүрін,
Ер дәстүрін қорлаған.

Қайталау
/эпифора

Күліп жайсаң күн ғажайып
Ел наласы тарқар деп.
Ақымақтар күрт азайып,
Сұмдар қорқақ тартар деп.
Мен сенемін, күні ертең
Пенделіктен тазарар деп ұлы өлкем.
Жә, қашанғы баққа зорлық мінгеспек?
Сенем, ертең оттыға отсыз күлмес деп.
Тек тұлпарлар ғана алатын бас бәйгі
Есектердің мойынында жүрмес деп.

Қайталау/ анафора

- Әке, - деді ол кірген бойда,
- Әке, - деді еркелеп, -

Риторикалық сұрақ



1~ Шындықты айтқан ақындардың
Бірақ жолы болып еді қай кезде?
2~Мен сенемін, күні ертең
Пенделіктен тазарар деп ұлы өлкем,
Жә, қашанғы баққа зорлық мінгеспек?

питет



Нақ бір бақыт табардай әр сөзінен
Ұлы ақынға деген іңкәр сезімін
Көрге бірге ала кетті ол өзімен.
Әттең, біздің сор маңдайлы Жайықта
Ерлер аз ғой бара алатын байыпқа.




«learningapps» платформасында композициялық талдау жасап, оқиғаларды ретімен орналастырады

Оқушылар көркемдегіш құралдарды еске түсіріп, олардың қолданылу ерекшелігін түсінеді.


Оқушылар көркемдегіш құралдарды табады, мысал келтіреді.

ҚБ


Мұғалімнің қолдауы
ҚБ


Мұғалімнің қолдауы


https://learningapps.org/watch?v=pve7gmqx224


https://wordwall.net/ru/resource/71227017

7-сынып қазақ әдебиеті





Сабақтың соңы
5 минут

Кері байланыс
«Өзін-өзі бағалау» парағы
Үй жұмысы: 148 бет, 4-тапсырма





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет