Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы Николаевка аулының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы
Қазақ әдебиеті
( 6 «б» сынып )
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?»
өлеңдерін оқыту
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Оқушыларға ақпараттық білім көзі арқылы Мағжан Жұмабаевтың
өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру.
«Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдерінің мазмұнын ұғындыра отырып
ақынның өршіл де жігерлі бейнесін таныту.
2. Дамытушылық:
Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, ойлау, пайымдау
қабілеттерін дамыту, әдеби – теориялық білімдерін шыңдау.
Мәнерлеп оқыту арқылы оқушылардың тілдерін дамыту.
3. Тәрбиелік:
Мағжан Жұмабаев өлеңдерінің мазмұны арқылы оқушыларды өз ана тілінің қорғаны бола білуге, өз ана тілін құрметтеуге,
жігерлікке, қайсарлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, «Блумның сұрақ қою өлшемі» әдісінің II кезеңі,
ойға шабуыл, ойландыру, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Мағжан Жұмабаевтың портреті, электрондық оқулық, интерактивті тақта, «Жұмабаевтар әулетінің шежіресі» кесте.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен амандасу
ә) Кезекшілермен жұмыс
б) Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру
-
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы бойынша сұрақтар қою.
-
«Мен – қазақ », «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңдерінің мазмұнын сұрау
-
«Мен – қазақ» өлеңін жатқа сұрау
3. Жаңа сабақ
- Балалар, бүгін біз сендермен жерлес ақын Мағжан Жұмабаевпен және оның «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдерімен танысамыз.
Таныспас бұрын осы жерлес ақын жайында кім не біледі?
( Оқушылардың ойын білу )
- Өте жақсы. Олай болса интерактивті тақтаға назар аударайық.
Электрондық оқулық арқылы «Ақын – жазушылардың өмірі мен шығармашылығы» модулінен Мағжан Жұмабаевтың өмірімен танысу.
( Қысқаша конспект жасап алу )
Электрондық оқулықта берілген М.Жұмабаевтың «Қазақ тілі» өлеңін мәнерлеп оқыту.
«Блумның сұрақ қою өлшемі»
Білім бойынша: Өлеңнің негізгі тақырыбы не?
Түсіну: Ақынды толғандырған тіл тағдыры екеніне көз жеткіз
Қолдану: Бұл өлеңнің бүгінгі күндегі маңыздылығы неде?
Талдау: Ана тілінің келешегіне деген ақын сенімі мен үмітінің өміршеңдігін
дәлелдеп көріңдер.
Жинақтау: Мемлекеттік тіл туралы сұхбат жүргізу.
Баға: Өлең мазмұны сендерге қалай әсер етті?
- Өте жақсы, ал енді тілге байланысты мақал – мәтел айтып көрейікші.
( Айтылған мақал – мәтелдерін талдатып, мағынасын ашу)
-
Балалар М.Жұмабаевтың келесі өлеңі «Мен кім?» деп аталады.
Электрондық оқулықта берілген М.Жұмабаевтың «Мен кім?» өлеңін мәнерлеп оқыту.
Балалар, өлеңде Мағжан өзін кімге балаған?
«Мен кім?» өлеңі бойынша ойға шабуыл
![](99_html_4e373333.gif) нұр теңіз
![](99_html_m53a5d0eb.gif) жолбарыс арыстан
![](99_html_m580ed4ea.gif) ![](99_html_5d210a37.gif) ![](99_html_m3a9b1eca.gif) ![](99_html_m6f284149.gif)
жерде - жел көкте - бұлт
тұлпар жалын
күн
-Неліктен ақын өзін осылай бйнеледі еп ойлайсыңдар?
- Ал, сендер, өздеріңді кімге немесе неге балар едіңдер? Не себепті?
-Бұл өлеңде ақынның лирикалық қаһарманы кім?
Интерактивті тақтаға назар аударту. Электрондық оқулық бойынша «Әдеби-теориялық ұғымдар» модулінен метафора, эпитет туралы мәліметті тыңдау, дәптерге жазу, қайталап тыңдау.
«Қазақ тілі» мен «Мен кім?» өлеңдерінен көркемдеуіш құралдарды тапқызу, дәлелдеу, дәптерлеріне жазғызу.
Электронды оқулықтан интерактивті тапсырманың №7 (2) орындау.
Сабақты қорыту:
«Мен саған, сен маған» ойыны арқылы сабақты қорыту.
Үйге тапсырма:
1. Ұнаған өлеңді жаттау
2. «Бабам тілі – мәңгілік» атты тақырыпта ойтолғау немесе эссе жазу
Достарыңызбен бөлісу: |