«Бекітемін»
______________
Мектеп директоры
-
Сабақтың тақырыбы: Мергендік винтовкадан ату тәсілдері
-
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мергендік винтовкадан ату тәсілдерімен таныстыру
-
Уақыты: 45 мин.
-
Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.
-
Өткізілетін күні:
-
Көрнекілік құралдар: Плакаттар ,АӘД кітабы
-
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –10 мин.
-
Гранатаатқышты бөлшектеу қаншаға бөлінеді?
-
Гранатаатқыштың салмағы қанша?
-
Гранатаның салмағы қанша?
-
Гранатаатқыштың негізгі бөлшектерін ата?
-
Гранатаатқышты бөлшектеу ретін ата?
б) Негізгі бөлім – 25 мин.
Мергендік винтовкадан ату жергілікті жер ерекшелігі мен қарсыластың атысына байланысты жату,отырып, тізерлеп және түрегеп тұрып ату жағдайларында жүргізілуі мүмкін.Ұрыс жағдайларында мерген ату орнын командир пәрмендері бойынша немесе өз бетімен иеленіп,жабдықтайды.Ол үшін ең жақсы бағдарлау мен атқылауды қамтамасыз ететін, қарсыластың атысы мен бақылауынан мергеннің тасалануына мүмкіндік беретін , ату тісілдерін орындауға және қарсыласты бір рет атқанда жоюға ыңғайлы орынды таңдау керек.Елді мекендерде ату үшін орын ретінде ғимараттар терезесі,шатыр, құрылыс іргетасы және т.б. қолданылуы мүмкін.
Атыс жүргізу үшін айрықша көрінетін жергілікті жекеленген нысандарға жақын орынды,сондай ақ қырат жоталарды таңдауға болмайды.
Атыс орнын иемдену үшін, мысалы: «Мерген... ,атыс орны ана жерде – ұрысқа!» пәрмені беріледі.Бұл пәрмен бойынша мерген жергілікті жер жағдайын ескере отырып, көрсетілген орынды иемденіп, атысқа дайындалады.Шұғыл атыс жүргізу үшін винтовкаға оптикалық көздеуішті қоса алып жүреді.
Атыс орнын ауыстыру үшін,мысалы, мынадай пәрмен берілуі мүмкін: «Мерген ...., ана жаққа жүгіріп бар – алға !» Мерген орнын ауыстыру кезінде ату үшін жаңа орынға жылжу жолын, аялдау үшін жолдың тасаланған учаскелерін,егер пәрменде көресетілмесе , жылжу тәсілдерін де белгілеп алады.Қозғалар алдында винтовка тежегішке қойылады.
Жергілікті жер ерекшелігі мен тасалардың кездесуіне байланысты мерген жүгіре отырып,шапшаң қимылмен,ара – тұра жер бауырлай жылжиды.Мұндай кезде винтовканы ыңғайына қарай бір немесе екі қолмен ұстауға болады.Жер бауырлай жылжу кезінде винтовканы оң қолмен үстіңгі жазықша бекітілген баудан немесе ұңғы жабуынан ұстайды.
Ұрыс кезіндегі атыс міндетін дұрыс орныдау үшін мерген винтовкадан атудың тәсілдерін жетік білуі,атыстың барлық тәсілдерін ұрыс алаңына бақылау жасауды тоқтатпай дәлдә шапшаң орындай білуі керек.
Әрбір мерген атыс тәсілдерін орындаудың жалпы ережелерін басашылыққа ала отырып,өзінің жеке ерекшеліктерін ескеріп, атысты нәтижелі жүргізу үшін басын, денесін, қол мен аяғын оңтайлы, тұрақты және бір жаққа қоюы керек.
Мергендік винтовкадан ату: атысқа дайындықтан, атыс жүргізу мен атысты тоқтатудан тұрады.
Атысқа ыңғайлану
Мерген атысқа пәрмен бойынша немесе өз бетімен ыңғайланады.Жаттығу сабақтарында атысчқа ыңғайлану үшін пәрмендер бөліп-бөліп берілуі мүмкін,мысалы : «Атыс шебіне – адым – бас!»,содан соң : «Оқта!» Егер қажет болса, «Оқта!» пәрменінің алдында ату үшін тәсіл көрсетіледі.
Атысқа ыңғайланып атыс жүргізу жағдайы анықтау мен винтовканы оқтаудан тұрады.Сонымен қатар мерген атыс жүргізу үшін ыңғайлы жағдай таңдау кезінде оптикалық көздеуіштің қапшығын шешіп,оны оптикалық көздеуіш пен оқжатарға арналған сөмкеге салады.Сандай ақ обьективтік резина қапшығын ашып,оны батарейкаға арналған корпусқа кигізеді;қолайсыз ауа райында және алдынан күн сәулесі түсіп тұрғанда бленданы алға жылжытады.
Жатып атуға орналасу кезінде оң қолды бау бойымен біраз жоғары созамыз да , винтовканы иықтан түсіре ,оны сол қолмен ұңғы жабуынан ұстап, содан соң оң қолмен винтовканы ұңғы жағымен алға қаратып ұстаймыз;мұнымен бір мезгілде оң аяқпен алға жәіне біраз оң жаққа қарай толық адым жасалады.Алға қарай еңкейе, сол аяқпен тізерлейміз де сол қолды жерге, саусақтарды оңға қаратып қоямыз.
Содан соң сол аяқ жамбасымен сол қол білегіне алма кезек тіреліп, оң жақ бұйірге жату керек, аяқтың ұштарын сыртқа қарай созып, етбетімен тез жата қалу керек;винтовканы сол қол алақанымен ұңғы жабуынан ұстау керек.
Тізерлеп атуға орналасу үшін винтовканы ауыз жағымен алға қаратып, оң қолмен ұңғы жабуынан ұстап, оң аяқты артқа жіберіп, тізерлей өкшеге отыру қажет. Мұндай жағдайда оң аяқ жіліншігін – тік ұстап, жамбасы- тік бұрыш жасауы керек.Винтовканы ұңғы жабуымен сол қолға ауыстырылып, нысанаға қарата бағыттау керек.
Отырып ату жағдайында винтовканың ұңғы жағын алға қаратып,ұңғы жабуынан ұстап оң қолға алу керек. Сонымен бір мезгілде сорл қолға тіреле нысана бағытына қаравй бір қырымен өкшемен жерді тіреп немесе аяқты айқастыра молдас құрып, жерге отырады; сол қолды сол аяқтың чанына қоямыз және сол қолмен винтовканың ұңғы жабуынан ұстаймыз.
Тұрып атуға орналасу үшін нысана бағытына қарай бір қырындап оң жаққа бұрыламаыз да,сол аяқты иық кеңдігіне мөлшерлеп жылжытып қоюымыз керек.Мерген өзіне ыңғайлылық тудыру үшін дене салмағын екі аяққа бірдей түсіру қажет.Винтовканы иықтан түсіреміз де , оны сол қолмен ұңғы жабуынан ұстап, ұңғы жағымен алға, нысанаға қаратамыз.
Тұрып ату үшін винтовканы оқтау :
-
Винтовкаға патрондармен жабдықталған оқжатарды біріктіру;
-
винтовканы тежегіштен алу;
-
Бекірпе жақтауын қайта оқтау үшін сабынан ұстап тұрып, артқа ақрай соңына дейін жіберіп,оны қайта босату;
-
Егер атыс дереу басталмаса немесе: «Ат» пәрмені берілмесе ,онда винтовканы тежегішке қою керек.
в) Қорытынды бөлім – 7 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
-
Винтовкадан ату қандай жағдайларда жүргізілуі мүмкін?
-
Жатып атуға орналасу қалай жүргізіледі?
-
Тізерлеп атуға орналасу қалай жүргізіледі?
-
Отырып атуға орналасу қалай жүргізіледі?
-
Ату үшін мергеннің жасайтын іс - әрекеті?
Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________
Достарыңызбен бөлісу: |