Сабақтың тақырыбы: Металдар әлеміне саяхат. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата25.06.2016
өлшемі45.55 Kb.
#157347
түріСабақ
Ғ.Мұратбаев атындағы № 91 орта мектеп

Металдар әлеміне саяхат




Химия пәні мұғалімі: Қалиева М.Н.

Ғ.Мұратбаев атындағы №91 орта мектеп

Ғ.Мұратбаев ауылы, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы

2012-2013 оқу жылы



Химия пәні мұғалімі: Қалиева М.Н.

Ғ.Мұратбаев атындағы №91 орта мектеп

Ғ.Мұратбаев ауылы, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы
Сабақтың тақырыбы: Металдар әлеміне саяхат.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:

Оқушылардың металдар туралы алған білімдерін бекіту, жинақтап қорытынды жасау, алған білімін қисынды және өздігінен толықтырып қолдану бөлігін қалыптастыру.

2. Дамытушылық:

Оқушылардың алдыңғы өткен сабақтарын қайталап, қорытындылау арқылы олардың ой - өрісін, дүниетанымын, белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын, жылдам қимылға, ұшқыр ойлауға дағдыландыру.

3.Тәрбиелік

Металдардың табиғатта кездесуін танып білуге, тұрмыста қолданылуын, оның өмірдегі маңызын түсініп, алған білімдерін өмірде пайдалануға тәрбиелеу. Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.



Сабақтың типі: Қорытынды сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ (саяхат)

Сабақта қолданылатын әдістер: Сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, «Металдар» коллекциясы.

Реактивтер: HCl, Zn, Hg (NO3)2, CuSO4, Ca, H2O, Cu, Fe (шеге)

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Аханбаев «Жалпы және анорганикалық химия» Алматы – 1992

2. «Химия мектепте» журнал

3.Биология, география және химия 2000 жыл №5,6
Саяхат сабақтың жоспары:


  1. аялдама «Металдар»

  2. аялдама «Металдар сыры»

  3. аялдама «Табиғи байлық»

  4. аялдама «Сөз маржан»

  5. аялдама «Құпия сөз»

  6. аялдама «Жарқыраған шың»

Оқушылар біздер «Металдар әлеміне саяхатқа шығамыз. Саяхатқа 8 оқушы шығады. Осы 8 оқушы кассадан билет алуы керек. Билет сұрақ арқылы алынады. Сынып түгел қатысып, тек сұраққа көп жауап берген 8 оқушыға жетон беріледі. Оқушылар жетон алғаннан кейін пойызға отырады.»


Кассадағы билет сұрақтары

  1. Металдар кернеуінің активтілік қатарын кім ұсынды. (Бекетов)

  2. Металдар қандай күйде болады? (қатты, сұйық)

  3. Ең қатты метал? (Хром)

  4. Электротехникада қыздыру лампаларын жасау үшін қандай металдан жаслған сым пайдаланады? (Вольфрам)

  5. Ең жеңіл металл (литий)

  6. Ең ауыр металл (осмий)

  7. Ең қиын балқитын металл (вольфрам)

  8. Латуньның құрамына кіретін металл (мыс, мырыш)

  9. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік металл (калий)

  10. Қандай металл бос күйінде кездеседі? (алтын, күміс)

  11. Қай металдардың құймалары коррозияға тез ұшырайды? (темір)

  12. Ең оңай балқитын металл? (сынап)

  13. Сілтілік металдар қайда сақталады (керосинде)

  14. Темір таралуы бойынша нешінші орында (төртінші)

Ортаға жетоны көп 8 оқушы шығарылады.



1 аялдама «Металдар»

Оқушылар 1-аялдамаға жету үшін 1 вагондағы металдардың периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы туралы айтып бересіздер.

Na – 3 период, І топ, негізгі топша +11

Ca – 4 период, ІІ топ негізгі топша +20

Al – 3 период, ІІІ топ негізгі топша +13

Cu - 4 период І топ, қосымша топша +29

Zn – 4 период ІІ топ, қосымша топша + 30

Cr – 4 период VI топ, қосымша топша +24

Ti – 4 период IV топ, қосымша топша +22

Fe – 4 период VIII қосымша топша + 26


2 аялдама. «Металдың сыры»

Металдарға тән физикалық қасиеттерді айту. Na – бос күйінде жұмсақ, күміс түсті ақ металл, t бал =97,8 ал тез тотығады, сондықтан керосинде сақтайды.

Ca – ақ түсті, жеңіл р=1,55г/см3, сілтілік металдан қаттырақ.

Ae – күмістей ақ, созылғыш, майысқыш, электр тоғын өткізеді, иілгіш, жылу өткізгіштігі мыстан төмен.

Cu - ақшыл-қызғыл түсті, жұмсақ, созылғыш, балқу температурасы 1083 градус, ол - өте жақсы ток өткізгіш. (Ад кейін)

Zn – көгілдір, күміс жылтыры бар, 100-150 градус өте морт болады, 419,5 градус балқиды.

Cr – сұрғылт ақ түсті металл, металдық жылтыры бар, ауыр металл р7,19 г/см3 және қиын балқиды t бал= 1890 градус.

Ti – күмістей жылтыр ақ металл, қиын балқиды t бал=1665 градус, қалыпты жағдайда беріктігі, тұтқырлығы жоғары.

Fe – күміс жылтыры бар ақ түсті пластикалық металл, ауыр металл р-7,87 г/см3 t бал = 1539 градус. Магниттік қасиеті бар.
3 аялдама «Табиғи байлық»

Металдардың табиғаттағы қосылыстары, оның қолданылуы туралы не білесіз?

Na – NaCe – ас тұзы, Na2SO4.10H2O глаубер тұзы, NaHCo3 – натрий гидрокорбанаты, NaNO3 натрий силитрасы.

4 аялдама. «Сөз маржан»

Мақал мәтелдердегі металдарды қазақша, орысша, латынша атауларын атаңыз?

1.Aurum көрсе періште джолдан таяды (Алтын, золото, Aurum)

2.Көп сөз көмір, аз сөз алтын (Алтын, золото, Aurum)

3. Aurum, argentum тас екен, арпа бидай ас екен. (алтын – золото, күміс - серебро)

4. Көп сөз көмір, аз сөз алтын (Алтын, золото, Aurum)

5.Феррумный харақтер (темір, железо, феррум)

6.Мылылықтың күмісін айтпа тиісін айт (күміс, серебро, argentum)

7.Аспанда ай әкім болса, жердегі адамның әкімі күміс (серебро, argentum)

8.Не все то Aurum, что блестит. (Алтын, золото, Aurum)

9.Темірсіз - халық, тұзсыз тағам болмайды (темір, железо, феррум)

10.Алтынды еріте білмеген ірітер, теріні илей білмеген шірітер. (Алтын, золото, Aurum)



5 аялдама «Құпия сөз»

1.Бұл аялдамада жұмбақ шешу

Табылса бұрын там – тұмнан

Қазір көп әрбір өлкеде

Қымбат болды алтыннан

Қандай металл ертеде (Алюминий)


2.Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,

Бұланбас қайнатсаңда отынды үйіп,

Көрсететін жылуды, суықты анық,

Қандай құрал жасалар соны құйып (сынап)


3.Қымбат деп айтатындай емес алтын

Сонда да тапты игілік одан халқым

Апарып Айға елімнің туын тікті

Жемісін ақыл ойдың, елдің салтын (Темір)


4.Өзі жылты күмістей

Жұмсақтығы тағы бар

Жеңілдігін ескерсең,

Пайдаланар жері табылар (Алюминий)


6 аялдама «Жарқыраған шың»

1. Массасы 20 г мыс сульфаты бар ерітіндісін массасы 8 г натрий гидроксидінің ерітіндісімен араластырғанда қанша мыс гидроксидінің тұнбасы түзіледі.



2. Көлемі 200 мл 20% - дық тығыздығы г/мл тұз қышқылымен массасы 90 г Na2CO3 әрекеттескенде қанша көлем СО2 (қ.ж.) түзіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет