Сабақтың тақырыбы: Мәтінді редакциялау және пішімдеу. Сабақтың мақсаты



Дата09.03.2016
өлшемі55.07 Kb.
#47080
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы,

Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы

«Ұзын-Ата» жалпы орта мектебінің

информатика пәні мұғалімі

Қуатбаева Жанат


Сабақтың тақырыбы: Мәтінді редакциялау және пішімдеу.
Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: оқушылар мәтінді редакциялауды және мәтінді пішімдеуді үйренеді.




  • Дамытушылық: өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамытуларына жағдай жасау.




  • Тәрбиелік: алған білімдерін жүйелі түрде қалыптастырып, пәнге қызығушылығын, ұйымшылдықпен жұмыс істеуін арттыру.


Сабақ түрі : Саяхат сабақ
Көрнекілігі: ДК, тест, тапсырма, билеттер
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Өту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақ барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, кезекші арқылы оқушыларды түгелдеу.

  • Информатикалық пойыз

  • Тестпен жұмыс, билет алу

  • 1. Ақпарат бекеті

  • 2. Компьютер бекеті

  • 3. Пернелер бекеті

  • 4. Тапсырмалар бекеті

  • 5. Білім қаласы


1. Үй тапсырмасын тексеру. Тест арқылы
1. Ctrl + С пернелері тіркесімі қандай қызмет атқарады?

A) Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру

Ә) Бөлікті алмасу буферіне жылжыту

Б) Алмасу буферінің мазмүнын кірістіру

В) Құжатты дискіге көшіру

2.



батырмасының қызметі:

A) Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру

Ә) Қүжатты алмасу буферіне жылжыту

Б) Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне жылжыту

В) Нысанды алмасу буферінен қүжатқа кірістіру

3. Символдар ... анықталған жерге енгізіледі.



A) Алдыңғы символдың орнымен

Ә) Кез келген

Б) Адреспен

В) Курсордың орнымен

4. Қандай амал басқа барлық тандалған көрсеткішті бүзады?

A) Мәтіннің бөлігін Жою

B) Мәтіннің бөлігін Жылжыту

C) Мәтінді сақтау

D) Мәтіннің бөлігін Көшіру



5. Берілген үлгі бойынша мәтінде сөз іздеудегі ең маңызды үдеріс:

A) Ақпаратты сақтау

Ә) Акпаратты жөнелту

Б) Ақпаратты өңдеу

В) Ақпаратты алу

6. Егер бас әріпті енгізу керек болса

А) Home


Ә) Ctrl

Б) Shift


В) Alt

7. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса

А) CapsLock

Ә) Ctrl

Б) Shift


В) Alt

8. Мәтіндік редактор

А) Paint

Ә) Excel

Б) WordPad

В) Текст

9. Мәтін бойынша жылжу үшін

А) Delete

Ә) NumLock

Б) Home, End, PageUp, PageDown

В) Ctrl+End

10. Ctrl+End пернелер тіркесімі қандай қызмет атқарады?

А) Құжат беті көп болса, мәтін соңына бірден жету

Ә) Жол басына жету

Б) Жол соңына жету

В) Бір бетке төмен
Оқушылар тест жауабына қарай пойызға билет алып сапарға «Білім қаласына» шығады.
1.Ақпарат бекеті. Мұнда оқушылар жаңа сабақпен танысады.
§22. Мәтінді редакциялау және пішімдеу.
Мәтін бөліктерін түзетуге: жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыруды жатқызуға болады.

Windows операциялық жүйесіндегі басқа нысандар сияқты, мәтіндердегі нысандарды Delete пернесімен - курсор-дан оң жақта орналасқан символды, Backspace пернесімен -курсордың сол жағында орналасқан символды жоюға болады.

Егер мөтінді Ауыстыру режимінде терсек, онда бүрын болған символдарды алмастыруға болады. Ол Insert пернесін басқанда қосылады. Мәтінді қосуды жалғастыру үшін, Insert пернесін қайтадан басу керек.

Егер мәтіннің барлық бөлігінде тұтас сөзді немесе сөз тіркесін алмастыру керек болса, онда Ауыстыру бұйрығын қолданған ыңғайлы.


WordPad мәтіндік редакторының мэтінді пішімдеу мумкіндіктері қандай?

Оларды ретімен қарастырайық.

Біріншіден, пішімдеу бұйрықтарын бірнеше тәсілмен шақыруға болады: Контекстік мәзір лентасындағы бүйрықтар батырмаларын шерту (101-сурет ),

Екіншіден, пішімдеу мәтіні енгізілгенге дейін тағайын-далу немесе енгізілгеннен кейін (бүл жағдайда мөтін алдымен ерекшеленуі керек) орындалуы мүмкін.

Әріптің кескінін мына батырмамен өзгертуге болады:
Times New Roman (Кириллица)

Экранда әріптердің көлемін өзгертуге де болады. Оларды үлкейтуге де, кішірейтуге де болады. Ол үшін



батырмасын қолданады. Келесі үш батырманың қызметі:


Әріптерді жуандатады;

Әріптерді цисайтады (мцндай әріп курсив деп аталады );
мәтіннің астын сызады.

2. Компьютер бекеті.



Тапсырма 1.

Сәтемір жеті жасында атасынан жетім қалған. Сәтемір асқан данышпан, айдай әлемге патша болған екен.

(Ы.Алтынсарин әңгімесінен)

Мәтініндегі Сәтемір сөзін Хан сөзіне ауыстырыңдар.




Тапсырма 2. Мына мәтінді осы пішімде жазыңдар.

Өлең керек


  • Сая болып жаныңа емен, терек,

  • Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.

  • Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,

  • Өнер керек ұрпаққа, өлең керек!


М. Мақатаев
Сергіту сәті

Қол мен көзге жаттығу жасату
3. Пернелер бекеті
Бір бетшені аштым да,

Мәтін жаза бастадым

Бірақ тілін шет елдің

Аудара алмай тастадым

Тілді қалай өзгертем

Көмектесші,достарым! ( Shift + Alt )

Міне,тағы қиналып-ақ тұрмын мен,

Тақырыпты жаза алмай пернемен

Барлығы да кіші әріп қайтемін?

Көмек берші,енді нені басам мен? (Caps Lock )

Бірігіп кетті екі сөз,

Не істерімді білмедім

Қане, қайсысың маған тез,

Ажыратып бересің? (Пробел)

Іздеп-іздеп пернеден таба алмадым

Ақыры есімімді жаза алмадым

Достарым,айтыңдаршы бас әріпті

Перненің қай жерінен таба аламын? (Shift + )


  1. Тапсырмалар бекеті


Жалпы вагондағы оқушыларға

Оқулықта 290 бет бар, әр бетте 37 жол бар, әр жолда 65 символ бар. Оқулықтың

ақпараттық көлемі қанша байтты құрайды?

Жауабы: 290 * 37 * 65=697450 байт
Плацкарттағы оқушыларға

Оқулықта 310 бет бар, әр бетте 41 жол бар, әр жолда 72 символ бар. Оқулықтың ақпараттық көлемі қанша Кбайт?

310 * 41 * 72=915120байт = 915,12 Кбайт
Купедегі оқушыларға

Оқулықта 250 бет бар, әр бетте 38 жол бар, әр жолда 55 символ бар. Оқулықтың ақпараттық көлемі қанша Мбайт? Оны көлемі 1,44 Мбайт дискіге сыйғызуға бола ма?

250 * 38 * 55=522500 байт= 0,5225 Мбайт
Соңғы бекет білім қаласы
Бағалау: Өзін-өзі бағалау
5- Тақырыпты жақсы меңгердім

4- Сабақты жақсыдан төмен

меңгердім,әлі де жұмыс

жасауым қажет

3- Бұл тақырып бойынша көп

жұмыс жасауым қажет
Үй тапсырмасы

Мәтін үзінділерімен жұмыс



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет