«№51 Қббмо» кмм 022-2023 оқу жылындағы «Ә» сыныптың «Қызықты математика» таңдау пәнінің есебі



Дата07.06.2023
өлшемі13.4 Kb.
#474801
қыз мат




«№51 ҚББМО» КММ
2022-2023 оқу жылындағы 4 «Ә» сыныптың
«Қызықты математика» таңдау пәнінің есебі
2022-2023 оқу жылынында 4 «Ә» сыныбында математика саласынан «Қызықты математика» таңдау пәні жүргізілді. Таңдалған тақырыптар негізінде сынып оқушыларының математикалық қабілеттерін, логика-математикалық ойлау жүйесінің даму көрсеткішін, математикалық сауаттылықтың қалыптасу дәрежесін зерттеу мақсатында жұмыс жүргізілді. 4 «Ә» сынып оқушыларымен І-тоқсан қарапайым логикалық тапсырмалар, қозғалысқа қатысты тапсырмалар, өзен ағысына қатысты есептер,теңдеу арқылы шығарылатын логикалық тапсырмалар, кесте құру арқылы есептеу тақырыптары бойынша жүргізілген жұмыстар негізінде сынып оқушыларының аталған тақырыптарды меңгеру деңгейі қалыпты, жақсы қалыптасқаны анықталды. Инновациалық технология элементтері: математикалық диктант, тест түрлері, Венн диаграммасы, сементикалық карта, иллюстрациялы диктант,графикалық және терминді диктант, математикалық символдарды анықтау т.б жиі қолданылды.
Таңдау пәні аптасына 1 сағат, барлығы 36 сағатқа негізделген. Сабақ барысында
Мақсаты:
Оқушылардың танымдық қызығушылығы мен ақыл ой деңгейін қалыптастыру, шығармашылық тұрғысынан ойлау, өз беттерінше шешім қабылдап, қорытынлды жасауға бейімдеу
Міндетттері:
- Өз бетінше іздену әрекеттерін қалыптастыру, оқушының интеллектуалдық және ерік пен сезім белсенділігін дамыту ;
- Негізгі ойлау операцияларын саналы түрде қолдана білуге үйрету;
- Көру, есту, байқау, іздеу, қиялдау, елестету, есте сақтау арқылы логикалық ойын дамыту;
- Өз пікірін айту, талдау және оны дәлелдеу арқылы тілін дамытып, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
- Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету және тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
-Математикалық түсініктерді меңгереді
-Оқушылардың оқу, математикалық сөйлеу дағдылары ұштаса түседі.
-Бір амалмен шығаратын қарапайым есетерді түсініп шығару.
-Өз бетінше есептерді құрастыра біледі.
-Дұрыс жазу ережесін меңгереді.
-Шығармашылық қабілеттері артады.
-Есте сақтау қабілеті артады.
-Қиялдау қабілеті кеңейеді
-Білім, білік, дағды деңгейіне қойылатын талаптар
Осы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың математикаға деген қызығушылығы артқанын байқадым.


Пән мұғалімі Мырзалиева Г.С.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет