MS Excel программасын іске қосылғаннан кейін экранның көрінісі болады. MS Excel электрондық кестесі іске қосылғаннан кейін автоматты түрде 1 – кітап деген атпен жаңа құжат ашылады. Бұл кітаптың атын файлды сақтау кезінде өзгертуге болады.
Бұдан басқа жаңа кітап жасау үшін құру /создать/ батырмасын шертеміз немесе [Ctrl + N] қос пернесін басамыз. Жаңадан құрылған кітаптың аты 2 – кітап, 3 – кітап т.с.с. болады.
MS Excel терезесінің жоғарғы жағында терезені басқару батырмалары бар тақырып қатар орналасқан.
MS Excel терезесінің екінші жолы – Меню қатары.
Үшінші және төртінші жолдары Стандартты және Форматтау саймандар тақтасының аспаптапры.
Бесінші жолы Формулалар қатары. Мұнда ұяшықтың - әрбір тордың мазмұны көріп, формулаларды өңдеуге болады.
Бесінші жол мен кестенің соңына дейінгі аралықты электрондық кестенің жұмыс аймағы алып тұрады. Кестенің жолдары /қатарлары/ санмен, ал бағаналары әріптермен таңбаланады.
Терезенің ең төменгі қатары – Қалып қатар, оған үстіміздегі уақыттағы компьютердің жұмысын немесе MS Excel кестесі жөнінде ақпарат шығып тұрады.
Кітап парақтарының құрамы /қатар, бағана, ұяшық/.
Әрбір бетте қатарлар мен бағаналардан тұратын екі өлшемді жиым /массив/ болып келген бір электрондық кесте сақталады.
Excel электрондық кестесінде бағаналар саны – 256, ал қатарлар саны – 654 536 – ға тең. Әрбір бағана мен қатардың қиылысқан жерінде ұяшық немесе тор деп аталатын тіктөртбұрыш орналасқан. Оған мәліметтерді /мәтін, сан, немесе формулалар/ енгізуге болады. Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны – 16 777 216 – ға тең. Әрбір ұяшыққа 32 мың символ енгізу мүмкіндігі бар.
Электрондық кестеде ағымдағы немесе екпінді ұяшықты көрсететін ерекше тіктөртбұрышты кестелік курсор орналасқан ұяшық. Екпінді ұяшық деп аталады.
Бағаналар А – Z, одан кейін реті бойынша АА –АZ, ВА – ВZ, ... , IV латын әріптерімен белгіленеді.
Қатарлар 1 - 65 536 – ға дейінгі сандармен нөмірленеді.
Әрбір ұяшықтың бағана әрпімен қатар нөмірінің қиылысуына сәйкес адресі бар. Мысалы А1 – бірінші ұяшықтың, ал IV 65 536 соңғы ұяшықтың адресі болады. Ұяшықтың адресін ұяшыққа сілтеме деп те айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |