Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кесте құрылымы, мәліметтерді еңгізу



бет1/3
Дата02.01.2022
өлшемі19.17 Kb.
#452388
түріСабақ
  1   2   3
Кесте кұрылымы


Пәні:

Информатика және өндірісті автоматтандыру


Сабақтың тақырыбы:

Microsoft Excel электрондық кесте құрылымы, мәліметтерді еңгізу.

MS Excel программасын іске қосылғаннан кейін экранның көрінісі болады. MS Excel электрондық кестесі іске қосылғаннан кейін автоматты түрде 1 – кітап деген атпен жаңа құжат ашылады. Бұл кітаптың атын файлды сақтау кезінде өзгертуге болады.

Бұдан басқа жаңа кітап жасау үшін құру /создать/ батырмасын шертеміз немесе [Ctrl + N] қос пернесін басамыз. Жаңадан құрылған кітаптың аты 2 – кітап, 3 – кітап т.с.с. болады.

MS Excel терезесінің жоғарғы жағында терезені басқару батырмалары бар тақырып қатар орналасқан.

MS Excel терезесінің екінші жолы – Меню қатары.

Үшінші және төртінші жолдары Стандартты және Форматтау саймандар тақтасының аспаптапры.

Бесінші жолы Формулалар қатары. Мұнда ұяшықтың - әрбір тордың мазмұны көріп, формулаларды өңдеуге болады.

Бесінші жол мен кестенің соңына дейінгі аралықты электрондық кестенің жұмыс аймағы алып тұрады. Кестенің жолдары /қатарлары/ санмен, ал бағаналары әріптермен таңбаланады.

Терезенің ең төменгі қатары – Қалып қатар, оған үстіміздегі уақыттағы компьютердің жұмысын немесе MS Excel кестесі жөнінде ақпарат шығып тұрады.



Кітап парақтарының құрамы /қатар, бағана, ұяшық/.

Әрбір бетте қатарлар мен бағаналардан тұратын екі өлшемді жиым /массив/ болып келген бір электрондық кесте сақталады.

Excel электрондық кестесінде бағаналар саны – 256, ал қатарлар саны – 654 536 – ға тең. Әрбір бағана мен қатардың қиылысқан жерінде ұяшық немесе тор деп аталатын тіктөртбұрыш орналасқан. Оған мәліметтерді /мәтін, сан, немесе формулалар/ енгізуге болады. Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны – 16 777 216 – ға тең. Әрбір ұяшыққа 32 мың символ енгізу мүмкіндігі бар.

Электрондық кестеде ағымдағы немесе екпінді ұяшықты көрсететін ерекше тіктөртбұрышты кестелік курсор орналасқан ұяшық. Екпінді ұяшық деп аталады.

Бағаналар А – Z, одан кейін реті бойынша АА –АZ, ВА – ВZ, ... , IV латын әріптерімен белгіленеді.

Қатарлар 1 - 65 536 – ға дейінгі сандармен нөмірленеді.

Әрбір ұяшықтың бағана әрпімен қатар нөмірінің қиылысуына сәйкес адресі бар. Мысалы А1 – бірінші ұяшықтың, ал IV 65 536 соңғы ұяшықтың адресі болады. Ұяшықтың адресін ұяшыққа сілтеме деп те айтуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет