Сабақтың тақырыбы: моғолстан 6-сынып Қазақстан тарихы



Дата31.01.2024
өлшемі4.65 Mb.
#490405
түріСабақ
9-сабақ. Моғолстан. Әбілқайыр хандығы.


Сабақтың тақырыбы: МОҒОЛСТАН
6-сынып
Қазақстан тарихы

Бүгінгі сабақта: Моғолстан мемлекетінің құрылуы, жер аумағы мен этникалық құрамына талдау жасайсыз. Моғол, Моғолстан атауларының пайда болуын анықтайсыз.


Оқу мақсаты:
  • 6.3.1.6 картаны қолданып XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру;
  • 6.1.1.2 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау.

Моғолстан мемлекетінің аумағы
Шағатай ұлысы ыдыраған соң, оның шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті құрылды. Оның аумағы қазіргі Жетісу аймағы мен Қырғызстан, Шығыс Түркістанды алып жатты.
Моғолстан халқы
Моғолстан атауы моңғол сөзіне байланысты шыққан. Себебі сол кезеңде Орта Азияда
«моңғол» сөзін сәл бұрмалап, «ң» әрпін айтпай моғол деп атау сақталған. Сондықтан XIV ғасырдағы
парсы-түркітілдес шығармаларда да «моңғол» сөзі моғол деп жазылған.
Моғолстан халқын құрайтын түркі тайпалары:
дулат, қаңлы, жалайыр, керей, найман, үйсін т.б. және түркіленген моңғол тайпалары: бұлғашы, шурас, баарин, арлат және т.б.
Моғолстан мемлекетінің құрылуы
(XIV ғасырдың ортасы-XVI ғасырдың басы)
Шағатай ұлысы екіге бөлінген кезеңде, 1348 жылдың күзінде дулат әмірлері билік жүргізген Моғолстан мемлекеті құрылады. Дулат әмірлері Шыңғыс ұрпақтарынан ғана хан сайлау дәстүрін сақтады. Сондықтан Əмір Полатшы басқарған дулаттар 17 жасар Тоғылық Темірді хан көтереді.
XIV ғасырда бұрынғы Шағатай ұлысында жергілікті түркі және түркіленген моңғол тайпаларының ықпалы өсе түсті. Жекелеген тайпа көсемдері саяси билікте үлкен табыстарға жетті. Солардың бірі Шағатай ұлысының шығыс бөлігіндегі дулат тайпасы еді.
Мемлекеттің орталығы Алмалық қаласы болды.
М.Х. Дулати еңбегінде Тоғылық Темір ханның билігі «бүкіл Моғолстанға» тарағандығы туралы айтады. Ол өз билігін нығайту үшін исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады.
Моғолстан мемлекетінің ішкі құрылымы
Ал Маңлай-Сүбеден солтүстікке қарай – Сырдариядан Ілеге дейінгі аймақ Әмір Полатшының інісі Әмір Қамар ад-Диннің тәуелсіз иелігі еді.
Моғолстан мемлекеті де өз ішінде бірнеше дербес иеліктерден тұрды. Маңлай-Сүбе деп аталған дулаттар иелігі Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі аумақты қамтыды.
Моғолстан аумағында дәл осы Іле өзенінің арғы бетінде, Солтүстік-Шығыс Тянь-Шань аумағында аркинут тайпасының билеушісі Қажы бектің, Еміл-Тарбағатай аумағында қаңлы Енке төренің иеліктері болды.
Алғашқы моғол билеушілерінің
ішкі-сыртқы саясаты
Моғолстан мемлекетінің алғашқы билеушісі Тоғылық Темір хан тұсында хандық биліктің бірқатар қызметі Әмір Полатшының қолында болды.
Моғолстан мемлекетінде дулат әмірлерінің мұндай артықшылықтары ұлысбегі деген мансапты иеленуімен бекітілді.
Моғол хандарының басты саясаты
Шағатай ұлысының батыс бөлігі – Мәуереннахр
өлкесін жаулап алу болды.
Сондықтан 1360, 1361 жылдары Мәуереннахр өлкесіне жорық жасайды.
Екінші жорығында Тоғылық Темір уақытша болса да Мәуереннахрды толық бағындырды.
Тоғылық Темір хан қайтыс болған соң, Моғолстан билеушісі атанған Ілияс қожа 1365 жылы Сырдария жағасында Әмір Темір және Хүсейін әскерімен шайқасқа түседі.
Бұл шайқас тарихта «Батпақ шайқасы» деген атпен белгілі. Моғол әскері Самарқанд қаласын қоршайды. Бірақ қала халқының ерлік күресінің нәтижесінде қаланы ала алмай, кері шегінеді.
Моғолстанда хан билігінің әлсіреуі
Нәтижесінде Моғолстанда хан билігі әлсіреп, көптеген өңірлер орталық билікті мойындамай, тәуелсіздікке ұмтыла бастайды.
«Тарихи диктант»
Моғолстан мемлекеті........ ғасырдың ортасы мен .......... ғасыр аралығында өмір сүрді.
Алғашқы ханы ........ болды. Ол ....... жылы хан тағына отырды. Оның аумағы қазіргі ....... аймағы мен Қырғызстан, ............... алып жатты.
Мемлекеттің орталығы .........қаласы болды.
1-тапсырма
Моғолстан мемлекеті XIV ғасырдың ортасы мен XVI ғасыр аралығында өмір сүрді. Алғашқы ханы Тоғылық Темір болды. Ол 1348 жылы хан тағына отырды. Оның аумағы қазіргі Жетісу аймағы мен Қырғызстан, Шығыс Түркістанды алып жатты. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаласы болды.
Жауабы:
Моғолстанның құрылуында дулат тайпасының өкілдері неге басты рөл атқарды?
2-тапсырма
Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Полатшы басқарды. Негізгі саяси билік осы Әмір Полатшының қолында болды. Әмір Полатшы Моғолстанды Мәуереннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасының шонжарлары жаңа құрылған өкіметте беделді болды.
Жауабы:
Орталық Азия тарихында Моғолстан маңызды рөл атқарды. Қазақтың Ұлы жүзін құраған Жетісу тайпаларының бірігу үдерісі аяқталды. Моғолстан этникалық жағынан біртекті мемлекеттер – Қазақстан мен Қырғызстанның қалыптасуына жағдай жасады.

Қорытынды Моғолстан мемлекетінің құрылуы, жер аумағы мен этникалық құрамына талдау жасадыңыз. Моғол, Моғолстан атауларының пайда болуын анықтадыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет