Сабақтың тақырыбы: музыканың Үлкен кітабы қазақ тілі 10 сынып



бет1/6
Дата27.04.2023
өлшемі0.7 Mb.
#472905
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
12-сабақ. Музыканың үлкен кітабы

Сабақтың тақырыбы: МУЗЫКАНЫҢ ҮЛКЕН КІТАБЫ

Қазақ тілі

10 - сынып

Оқу мақсаттары:

Оқу мақсаттары:

  • 10.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу
  • 10.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу
  • Сабақ мақсаты:

    Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу. Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

Бағалау критерийі:

  • Тыңдалған мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау
  • Мәтіндегі ақпаратты өмірмен ұштастыру
  • Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазып, сөйлемде орынды қолдану.

Тапсырма Суреттерге қарап, өз ойыңызды білдіріңіз. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Екі суреттің арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыздар?
  • Бүгінгі сабағымызда нені тілге тиек етпекпіз?

1-тапсырма

Мәтінді оқып, мәтін мазмұны бойынша жоспар құрыңыздар. Негізгі ойды анықтай отырып, мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстырыңыздар.

Әл-Фарабиді дүниеге танытқан – музыка теориясына арналған «Музыканың үлкен кітабы» атты еңбегі. Ғұлама бұл еңбегінде математикалық тәсілдерді пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын ғана емес, музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай да білген. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген музыка зерттеушісі ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби десек, қателеспеген боламыз. Оған Фараби жасаған музыкалық аспаптар түрі куә бола алады. Оның шебер орындаушылығы жөнінде шығыс халықтары арасында күні бүгінге дейін айтылып жүрген көптеген аңыз да бар.

Музыка саласындағы зерттеу еңбектерінде Фараби музыканың емдік қасиетін, жағымды әсерін дәлелдеді, сондай-ақ оның тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты. Адамның музыка шығару қабілеті дарындылығы дәрежесінің әртүрлі сатысын көрсетіп, адамның жан-жақты дүниесіне жағымды, жағымсыз әсер ететін музыкалық жанрларға талдау жасады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет