Сабақтың тақырыбы Нақты сандар Сабақтың түрі Жаңа сабақ Осы сабақта қол



Дата02.01.2022
өлшемі439.14 Kb.
#453117
түріСабақ
08.09.2021 8-сынып нақты сандар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1А Квадрат түбір және иррационал өрнек

Мектеп: Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицей

Күні: 08.09.2021

Мұғалімнің аты-жөні: Әуес М.М

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Нақты сандар

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.1 иррационал және нақты сандар ұғымдарын меңгеру

Сабақтың мақсаты

Оқушылар нақты сандарды салыстырады

Бағалау критерийлері




Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

иррационал, нақты сандардың анықтамаларын біледі

Қолдану

иррационал сандарды ажыратады

Анализ және синтез

нақты сандарды салыстырады, сан осіне орналастырады




Тілдік мақсат

Оқушылар сандар жөніндегі математикалық терминдерді ауызша талқылауда қолданады.

Пәндік лексика және терминология

Рационал сан, иррационал сан, бүтін сан, бөлшек, бөлімі, ондық бөлшек, иррационал сан, артық, кем, өсу, кему, сан осі



Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

иррационал сандар … ондық бөлшектерден тұрады

… сандары нақты сандар болады, өйткені ...

... саны ... санынан артық/кем, өйткені...



Құндылықтарды дарыту

Оқушылар математикалық сөйлеу дағдысын дамытады, тапсырмалар сыни ойлауын дамытуға көмектеседі.

Пәнаралық байланыс

Физиканың есептерін шығару кезінде қажет болады

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Оқушылар рационал, иррационал, нақты сандар ұғымдарын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

4 мин


Ұйымдастыру бөлімі

«Шаттық шеңбері» арқылы оқушылар арасында жағымды психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушылармен амандасады, олардың сабаққа дайындықтарын тексереді. Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстырады.

Үй тапсырмасын тексеру

Бір оқушы тақтада үй тапсырмасының шығарылуын көрсетеді, қалағандары тексереді, қажет болса түзетулер енгізеді.





Сабақтың ортасы

10 мин


10 мин

5 мин

5 мин

10 мин




Білімді жаңғырту

Топпен жұмыс



Оқушыларға сандар жазылған карточкалар таратылады. Топ мүшелері бұл сандарды өз қалаулары бойынша неғұрлым көп топшаларға топтастырады. Кейін әрбір топ сандарды қанша топқа топтастырғанын түсіндіреді. Басқа топтар тыңдайды, қажет болған жағдайда түзетулер мен толықтырулар енгізулеріне болады.
Дескрипторлар:

  • Сандар жиынын топтайды;

  • Өз таңдауларын түсіндіре алады.


Жаңа материалды меңгеру

Мұғалімнің түсіндіруі

Нақты сандар жиыны мен координаталық түзудегі нүктелер жиынын арасында өзара бірмәнді сәйкестік бар, әрбір нақты санға координаталық түзудегі бір ғана нүкте сәйкес келеді және координаталық түзудегі әрбір нүктеге бір ғана нақты сан сәйкес келеді.

Нақты сандарды ондық бөлшектер сияқты сияқты салыстыруға болады. Оң сандар үшін алдымен бүтін бөлігін салыстырады, егер олар тең болса, ондық разрядтарын салыстырады. Егер олар да тең болса жүздік разрядтарын салыстырады.

Мысалы.

Сандарды салыстыр:

6,513... және 6,520...

-1,807... және -1,808...
Нақты сандар жиынында қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдары орындалады. Ондық бөлшектер арқылы жуықталған қосындысын, айырмасын, көбейтіндісін, бөліндісін табуға болады.

Мысалы:

a=1,(3) мен b=0,616616661… берілген. ab=?

Мұғалім тақтада шығарылуын көрсетеді.


Жұппен жұмыс

Жұптың әрбір мүшесіне 3 есептен тұратын карточка беріледі. Олар өз сандарын салыстырады, кейін жұптарына қалай салыстырғанын түсіндіреді.

№1

Салыстырыңыз:

а) 101,71... және 110,8...;

б) 4,446... және -0,303...;

в) -0,123... және -0,121....
№2

Салыстырыңыз:

а) 4,9(18) және 4,928...;

б) -4,315... және -4,318...;

в) -1,234... және -2,221....
Дескрипторлар:

  • Нақты сандарды салыстырады;

  • Өз шешімдерін түсіндіреді.


Жалпы сыныпқа тапсырма

5,28; -1,634...; -1,34...; -1,(3); 2,3(4); 2,(34) сандарын

а) өсу ретімен; б) кему ретімен орналастырыңыз.

Оқушылар өздіктерінен шығарады, кейін тақтада бір оқушы шығару жолын көрсетеді. Сол арқылы оқушылар өздерін тексереді.

Дескрипторлар:

  • Нақты сандарды салыстырады;

  • Өсу ретімен орналастырады;

  • Кему ретімен орналастырады.


«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы есептер шығару

Дескрипторлар:

Оқушылар көршілерімен дәптерлерін алмастырады, мұғалімнің жауабы арқылы өзара тексеру жүргізеді, дескрипторлар арқылы бағалайды.



Оқулық

оқулық


Сабақтың соңы

3 мин



Үй тапсырмасы:



Рефлексия:

Нақты сандар тақырыбы бойынша



  • Не қызық болды?

  • Қандай қиындықтар болды?

  • Ол қиындықтардан қалай шықтыңыз?







Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыстанады. Бұл олардың қабілеті жоғары оқушылардан көмек алуларына ықпал жасайды.


Сабақта өзара бағалау, өзін-өзі бағалау түрлері жүргізіледі. Сабақ кезінде мұғалім оқушыларға қолдау көрсетеді.

Сынып бөлмесі желдетіледі.

Оқушылар жалығып кетпес үшін іс-әрекет түрлері өзгеріп отырады.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?



Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет