Сабақтың тақырыбы: Иррационал теңдеулер және олардың жүйелерін шешуге есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Иррационал теңдеу жөнінде түсініктерін кеңейту, иррационал теңдеу және теңдеулер жүйесін шешу әдістерін үйрету, «бөгде түбір» ұғымдарын пайдаланып есептер шығарту.
Дамытушылық: Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып, есте сақтау, логикалық ойлау және математикалық тілде сөйлеу қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Өз бетімен және ұжымда жұмыс істей білуге, жылдамдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі : икем- дағдыны қалыптастыру, білімді бекіту сабағы.
Сабақ түрі: білім мен дағдыны қорытындылау, жүйелеу сабағы.
Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, ізденіс, салыстыру, сәйкестендіру, талдау;
Сабақты өткізу формасы: жалпы сыныптық, жұптық, жеке, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, флипчарт, бағалау парақшалары, стикерлер, электрондық оқулық т.б.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі- 2мин
Үй тапсырмасы - 5мин
III. Жаңа cабақ - 20 мин
IV. Жаңа материалды бекіту-12 мин
V. Оқушыларды бағалау -2 мин
VI. Қорытынды- 3 мин
VII. Үйге тапсырма-1 мин
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сыныптың сабаққа дайындығын бақылау, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
І. ІІ. Мұғалім: -Балалар, бүгін сабақтағы ұстанымымыз Ж. Баласағұнның мына сөзі:
Біле бер, қанша білсең- тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле, біле! дегендей, біз сабақ барысында өз білгенімізді одан әрі тереңдете түсейік. Сондықтан қанекей, оқушылар тақтадағы «Білім бәйтерегі» қалаған стикерлеріңді алыңдар және де сол стикерде жазылған санды 7-ге бөліңіздер, бөлгенде
1 қалдық қалса
І топқа Х тобына, 1 қалдық қалса
II топқа У тобына 2 қалдық қалса
III топ Z тобына 3 қалдық қалғандар 3 топқа бөлініп отырамыз.
І топ: Х, 1 –қалдық қалатын сандар: 8,15,22,29,36.
II топ: У, 2-қалдық қалатын сандар: 9,16,23,30,37.
III топ: Z, 3-қалдық қалатын сандар: 10,17,24,31,38.
-
Үй тапсырмасын тексеру. №125 есепті эссе түрінде жазып келу шығару жолын.
2.Өтілген материалды қайталау (5мин)
-
Слайд. Балалар білімнің биігінде кімнің жұлдызы жарқырайды екен? Мына тақтадағы жұлдызшаларға назар аударайық. «Жұлдызды сәт» ұяшықтарынан өз жұлдыздарыңды таңдаңдар? (ұяшықтағы сұрақтарға жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі )
№ 1 слайд. Сұрақтар:
-
Қандай теңдеуді иррационал теңдеу деп айтамыз?
-
Иррационал теңдеулерді шешудің қандай әдістері бар?
-
Қандай түбірлерді бөгде түбір деп атаймыз?
-
Иррационал теңдеулер жүйесі дегеніміз не?
-
Иррационал теңдеуді шешу барысында қандай теңдеулер шығарылуы мүмкін?
-
Бейне сұрақ....
-
Тосын сый
3.Жаңа материалды өту (20 мин)
№2 cлайд. Ал, оқушылар « Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды не істесе де келістіріп істейді.» деп А.Байтұрсынұлы айтқандай, «Сиқырлы сандықшадан» тапсырмаларды алып,топпен жұмыс жасаймыз. Әр топтың топ басшысы келіп алыңыздар.
126 есеп. № 1)
2)
3)
№127 есеп. 1)
2)
3)
Бағалау осы тапсырма бойынша І топ ІІ топты, ІІ топ ІІІ топты. Ал ІІІ топ.І топты бағалайды.
Оқулықпен жұмыс. №130-131 есеп. Тақтада үш топ басшылар орындайды.
1)
№2. х+у= 72
№3.
Жұлдызша арқылы бағалау.
4. Жаңа материалды бекіту. Балалар, бізге Ұлттық тест орталығынан хат келді.
«Конверттегі тапсырмалар»
№1. 1)
-
12. В. 14 С. 16 Д. 18 Е. 20
Шешуі.
; Х+2; Х= 16-2, Х=14;
: , =4 , 4=4.
Жауабы: 14.
-
.
А. -1. 1. B.3. -3. C.-2. 2. Д.-3.3 Е.0, 0
Шешуі. ; 3-х2= -1, х2=4, х= -2, х=2.
Тексеру: х=2, , -1 = -1
х=2, -1 = -1
Жауабы:-2; 2.
№3 1)
А. 25 В. 24 С. 23. Д. 20 Е. 1
х+2=27, х=27-2, х=25 Тексеру: х=25
4) 3+= х екі жағын квадраттаймыз
Д=49
Тексеру: х=1, 3+ =3+ =6, 56 , қанағаттандырмайды
х=6, 3+=3+=3+3=6, 6=6.
Жауабы: 6.
5)
, х+5=0
Тексеру х=-2, ((-4)=0•=0
х=2 , (-4)=0•=0
х=-5, ((-4)=21•0=0
Жауабы:-5; -2; 2
6) екі жағын квадраттаймыз.
Х+1= 25
Х =25-1
Х = 24
Тексеру, Жауабы; 24.
Cергіту сәті. Ал енді балалар біз шаршағанымызды басу үшін бір сәт бойымызды сергітейік. « Қара жорға»
Жаңа сабақты бекіту. Жеке жұмыс. Әр топқа алған білімдеріңді тиянақтау мақсатында сіздерге тест тарқатамын. Тесттер беру әр оқушыға
«Сәйкестендіру» тесті
1.
Cызықтық теңдеу
2. х-6= 3х(4-х) Иррационал теңдеулер
3. sinх = ⅓ Квадраттық теңдеу
4. Тригонометриялық теңдеу
5. Модулы бар теңдеулер
«Толықтыру» тесті
-
Иррационал теңдеу деп ......................................................... немесе ..................................................... болатын теңдеуді айтамыз.
-
Теңдеуді .....................................................................................................теңдеудің түбірі деп атаймыз.
-
Теңдеуді қанағаттандырмайтын ................................................................................................................... деп аталады.
-
Иррационал теңдеуде бір ғана түбір белгісі болса, онда ............................................ бөлігінде қалатын етіп түрлендіреміз. Одан кейін теңдеудің .................................................. арқылы рационал теңдеу аламыз.
-
Иррационал теңдеуде екі немесе одан да көп түбір белгісі болса,онда............................................................................................................................,
теңдеудің екі жақ бөлігін бірдей дәрежеге шығарамыз.
« Баламалы» тесті
-
Иррационал теңдеулерді шешкенде бөгде түбірлер кездеседі.
Ия. Жоқ.
-
Иррационал теңдеу шешудің төрт тәсілі бар.
Ия. Жоқ
-
Иррационал теңдеу шешуде жаңа айнымалы енгізу тәсілі қолданылады.
Ия. Жоқ.
-
Иррационал теңдеулер және олардың жүйелерін шешкен кезде рационал теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешу тәсілі қолданылмайды.
Ия. Жоқ.
-
Иррационал теңдеу деп белгісізі радикал (түбір) астында болатын теңдеуді айтады. Ия. Жоқ.
Бағалау. Топтар бірін – бірінің тапсырмаларын тексеріп бағалайды.
(тақтада дұрыс жауаптар көрсетіледі)
-
1-5 cұраққа толық жауап 5 балл.
-
1-4 cұраққа толық жауап 4 балл
-
1-3 cұраққа толық жауап 3 балл
Үйге тапсырма беру. §8. № 129, №132 есептерді шығарып, эссе жазып келу.
Сабақты қорытындылау. Рефлекция. Сабақтарын алған әсерлерін бармақ арқылы бағалау;
Бағалау Оқушылардың жұмысын бағалау.
«Өмір бойы білім алу – әрбір адамның кредосына айналуы керек».Н.Назарбаев
№209 Ә. Әбутәліпов атындағы
орта мектебінің математика
пәнінің мұғалімі Мустиярова Алма Елеуқызы
Достарыңызбен бөлісу: |