Сабақтың тақырыбы: «Наурыз-жыл басы»
Сабақтың мақсаты: Халықтың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті қонақтар! Бүгін біз Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын тойлағалы отырмыз. Наурыз — бұл тек көктемнің ғана емес, ең әулі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы кұні адамдар бір-біріне деген өкпе- ренештерін ұмытып, кешірімге келіп татуласады.
2 – жүргізуші:
Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй – дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!
1 – жүргізуші:
Көктем жетті көл – көсір шуақ құрып,
Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
2 – жүргізуші:
Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні – ата – баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы – бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.(презентацияны жариялау сөзі)
1-жүргізуші:
Алқа – жұртым, той – думан,
Ортамызда ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық!-дей келе хор “Наурыз-думан”
2-жүргізуші:
Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып кету де дұрыс деп санаймыз. Ендеше тақтаға назар аударыңыздар(интерактивті тақтадан төмендегі видео көрсетіледі
1-жүргізуші:
Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Достарыңызбен бөлісу: |