Сабақтың тақырыбы: «Наурыз көже»



Дата30.06.2016
өлшемі52 Kb.
#168178
түріСабақ
Пәні: Ана тілі 1сынып

Пән мұғалімі: Дәуіржанова Салтанат

Сабақтың тақырыбы: «Наурыз көже»

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылы №279 мектеп

Сабақтың тақырыбы: Наурыз көже

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға наурыз көже туралы түсінік беру. Наурыздағы мерекелік дастарқанмен таныстыру және О.Асқардың өмір жолын айтып өту.

Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Оларды наурыз мерекесінде ойналатын ұлттық ойындарды , ұлттық тағамдарды білуге тәрбиелеу. Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы:Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап ,ой қозғау, кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық суреттер, сөз жұмбақ, кесте.

Сабақтың пәнаралық байланысы: бейнелеу өнері.

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.

Амансыз ба апай,

Амансыңба апайлар.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге
2.Үй тапсырмасы.

1.Өлеңді түсініп оқығандарын ауызша сұрау.

2.Оқушыларды бір-бірімен төс түйістіру.
3.Өткен сабақты пысықтау. Сәйкестендіру кестесімен жұмыс.


Наурыз тойы

Халқымыз

Аман болсын

Салтымыз

Ұлыс

мол болсын

Ақ

оң болсын


4. Жаңа сабақ

Наурыз –Шығыс халықтарының ертеден келе жатқан мейрамы.Бұл-күн мен түннің теңелетін, қыс ызғары кетіп, көктем лебізі сезілетін уақыт. Бұл кезде мал төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиеді.

Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі санаған. Ұлыс күнінде сәлемдесудің қалыптасқан дәстүрі бар. Кісілер бір-бірімен кездескенде.

Жасың құтты болсын!

Өмір жолың ұзақ болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт-түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Пәле-жала жерге енсін!-деп құттықтайды.
Ой қозғау.

Наурыз мерекесіндегі дастарқан.




құрт

бауырсақ

талқан


айран







шұбат

тары



Наурыз көже

сүт

1.Олай болса, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы наурыз көже. Наурыз көжені толық білу үшін біз наурыз тойына қыдырып қайтайық. Ол үшін бәріміз атқа жегілген арбаға ойша орнымыздан тұрып оң аяғымызбен мінейік. Жайғасып отырайық. Енді біз наурыз тойына жеткенше оқулықтағы «Наурыз көже» өлеңін оқып шығайық.



Наурыз көже

(О. Асқар)

2.Автордың өмір жолдарын таныстыру.

1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты МүкейҚаратас деген жерде туған.


Бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алып, Құлжа қаласындағы «Білім жұрты» деп аталатын гимназияда оқыған.

Қазір зейнеткер, сонымен бірге «Балауса» баспасында «Әдеби мұра» бағдарламасына орай, «Әлем балалар әдебиетінің» қазақ тіліндегі елу томдығын шығару жұмысына атсалысуда

3.Наурыз көже өлеңін оқып, түсіндіру. Оқушыларға тізбектеп, дауыстап оқыту. Өлең жолдарындағы таныс емес сөздердің мағынасын ашып түсіндіру.

Балалар біз ат арбамен келе жатырмыз. Тойға жеткенше ойын ойнап жіберейік.



Ойын: Оқушыларға «Орамал тастау» (ұлттық ойын) ойнату.

Ойынның шарты оқушыларға сұрақ-жауап арқылы жүргізу.

Ой балалар тойға де келіп жеттік. Кәне орнымыздан тұрып арбадан түсейік. Балалар бізді ақ жаулықты әжей қарсы алғалы тұр. Әжеймен амандасып өтейік

Әжей: Амансыңдар ма балаларым. Наурыз мерекелерің құтты болсын. Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын.

Әжей балаларға наурыз көжені қалай жасайтынын айтып береді.

Ол үшін ең алдымен қазан толы сүтіңізді қайнатып, сүт піскеннен кейін оның бетіндегі қаймағын қалқып алып тастайсыз. Сүт әбден пісуге тақаған кезде, қыс бойы сақтаған сүріңізді салып жіберіп, 15 минуттай бетін жауып қоясыз. Аталған уақыт өткеннен кейін жеке ыдысқа пісіріп алған бидай, жүгері, тары, асбұршақ, күріш тәрізді қоректік заттардың жеті түрін сүт пен етке араластырып тағы бір қайнатып аласыз.

- Балалар әжейдің көжесі піскенше ой қозғап жіберейік.



Ой қозғау.

- Балалар сендер жеті атаны білесіңдер ме?

Ата

Әке


Бала

Немере

Шөбере


Шөпшек

Немене


Оқушыларға немере сөзінің мағынасын түсіндіру. Оқушылар пікірін тыңдау.

Дәптермен жұмыс.

Оқулықтың 127 - бетіндегі 112 - жаттығумен жұмыс



  1. Мәтінді түсініп оқыңдар.

Немере

Әжейдің немере қызы бар.Оны кішкентай кезінде әжесі қарады. Немересіне тәтті нан пісірді. Әдемі киім тікті. Кейін әжесі қартайды.Енді барлық жұмысты немересі істейтін болды.

2.Заттың қимылын білдіретін сөздерді атаңдар.

3.Әжесі жайында жазылған сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

Жауабы: қарады, пісірді, тікті, қартайды.

Немересіне тәтті нан пісірді. Әдемі киім тікті. Кейін әжесі қартайды.



113-жаттығу

1. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.



Ит үрді. Қасқыр ұлыды. Қозы маңырады.

2. Заттың атын білдіретін сөздердің астын бір рет, қимылын білдіретін сөздердің астын екі рет сызыңдар.

3. Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қойыңдар.

5. Жаңа сабақты бекіту.

Ақын Оразақын Асқардың «Наурыз көже» өлеңін оқушыларға сөзжұмбақ шешкізу арқыл жаңа сабақты бекіту.



6. Қорытынды: М.Мақатаевтің «Наурыз айы туғанда» өлеңімен қорытындылаймын.

Наурыз айы туғанда,

Той болушы еді бұл маңда.

Сақталушы еді сыбаға

Сапарға кеткен ұлдарға,

Наурыз айы туғанда.

Балалар, әжейдің көжесі де дайын болыпты. Әжейдің көжесінен бәріміз дәм татайық

Көжеден дәм тату.

7.Үйге тапсырма.


  1. Наурыз көже өлеңін мәнерлеп оқу.Әжелеріне,аналарына наурыз көже жасауға көмектесу.

  2. 113- жаттығуды аяқтау.

8.Оқушыларды бағалау.

Көктем мерекесі ретінде гүлдермен бағалау.



Сонымен, балалар бүгін біз наурыз тойында жақсы тапсырмалар орындап, ойын ойнап, ән айтып, әжейдің наурыз көжесінен де дәм таттық. Енді, балалар, ат арбамызға мініп, сыныбымызға қайтайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет