Сабақтың тақырыбы «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен» өлеңі



Дата21.01.2024
өлшемі18.46 Kb.
#489564
түріСабақ
Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен өлеңі 10-сын Абайтану қмж



Маған әсер еткені ... мені таңқалдырды...

себебі







Бөлім:

Абайтану

Мұғалімнің аты-жөні:

Кесикбаева Г.Е.

Күні:

17.01.24ж.

Сынып: 10

Қатысқаны :

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

«Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен» өлеңі



Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.2.4.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу.

Сабақтың мақсаттары

өлеңінде көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс жазады

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесіп, назарын сабаққа адару.
Қызығушылықты ояту.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.
«Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы
Абайдың өлеңін оқып, шығармадан оқушы өзіне қатты әсер еткен тұстарын немесе үзінділерді таңдап алып, кестенің оң жақ бетіне жазады. Келесі сол жақ бетіне не себепті әсер еткенін жазады.


Абайдың өлеңін оқып, шығармадан оқушы өзіне қатты әсер еткен тұстарын немесе үзінділерді таңдап алып, кестенің оң жақ бетіне жазады. Келесі сол жақ бетіне не себепті әсер еткенін жазады.

Дескриптор:
Өлеңнен мысал келтіреді;
Себебін нақты жазады.

Кесте




Мағынаны тану.
Тапсырма. Өлеңдегі көтерілген мәселеге өз пікіріңді түйіндеп жаз.
«Автор орындығында» өз жұмыстарын оқиды.



Өлең үзіндісінің мазмұнын ашады;
Өз көзқарасы тұрғысынан дамытып жазады.

Дескриптор:

  • Өлең үзіндісінің мазмұнын ашады;

  • Өз көзқарасы тұрғысынан дамытып жазады.

ҚБ



Абай «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі



Сабақтың соңы
2 минут

Кері байланыс.
«Сұрақ-жауап» әдісі
1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды?
2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз?
3. Сіз үшін бүгін не қиын болды?
4. Сіз психологиялық ортаны қалай бағалайсыз?
5. Сіз үшін не жеткіліксіз болды?




Үй тапсырмасы

Жаттау






«Нұрлы аспанға тырысып...» -Абайдың 1899 ж. жазған өлеңі.
Тіршілік атаулының кун нурына умтылып, есу, толысу, қулдырау, қуру көзеңін бастан кешіретіні секілді, адам ғумырының да алаңсыз гулдеп-көктеп жайқалар шағын, еш пендені менсінбес кердең көңілдің, ақыл-парасат толыса дәні толған масақтай иілімпаз келетінін, алайда «әсте өлмесін білгендей қылық қылған «пенденің» өлмек ушінтуғанын»: «Адамзат - бүгін адам, ертең топырақ, Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ. Ертең өзің қайдасың, білемісің, Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ» деп еске салады. Тумақ бар жерде өлмек бар екенін сөзген пенде, өзінен кейінгіге мұра боларлық іс қалдырғанда ғана ғүмырын үзартпақ дегенді меңзейді. Өлең 11 буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Алғаш рет 1909 ж. С. -Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайүғылының өлеңі» атты жинақта жарияланған.
Туынды басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1939, 1945, 1954 жылғы басылымдарда 3-шумақтың 3-жолы «Дәні толық, басы ауыр егіндей-ақ» делінсе, 1957, 1977 жылғы жинақтарда бұл жол Мүрсейіт қолжазбалары мен 1909 жылғы басылымға сәйкес «Дәні толық, басы үлкен егіндей-ақ» болып берілген. Өлең ағылшын, араб, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, үйғыр т. б. тілдерге аударылған
Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен,
Менмен, кердең, қайғысыз ер көңілмен,
Жазғытүрым жасырып жердің бетін,
Жасыл шөппен, бой жеткен егінмен тең.

Сонан бері рахымсыз көп жыл өтті,
Орақ келер, орылар мезгіл жетті.
Жылы менен суықтың бәрін көріп,
Қайран көңіл қайыспай қайрат етті.

Ауыр ойды көтеріп ауырған жан,
Қайғы, қасірет жүзіңе белгі салған.
Дәні толық, басы үлкен егіндей-ақ
Сенің де басың имек жерге таман.

Өлейін деп өлмейді өлерлік жан,
Әсте өлмесін білгендей қылық қылған.
Ажал келіп бас салса, жанды үрласа,
Өмір қайда, сен қайда, соны да ойлан.

Адамзат — бүгін адам, ертең топырақ,
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.
Ертең өзің қайдасың, білемісің,
Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет