Бекітемін:
Бөлім:
|
3-тарау. Парасат пайымы
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Сарыбаев Шокан Орисбаевич
|
Күні:
|
14.03.2022 жыл
|
Сыныбы: 10
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Оразақын Асқар: «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
|
10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар үшін:
көркем шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.
Көпшілік оқушылар үшін:
көркем шығарманың тарихи құндылығына баға береді.
Кейбір оқушылар үшін:
Көркем шығарманың мазмұнына талдау жасай алады.
|
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
|
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «Шаттық шеңбері» жүзеге асырылады.
3.Оқушыларды топтарға бөлінеді.
Сұрақтар:
1.Ақын қай өңірде туып өскен?
2.Ақын атамекенге қашан қоныс аударған?
3.Ақынның қандай шығармалары бар?
4.Қай жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі болды?
5. «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі кімдерге арналға?
«Поэзия минуты»
|
Амандасады
Топқа бөлінеді
I топ. Елім-ай
II топ.Атамекен
Музыка
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Оқушылар өлең оқиды.
|
Бақылау
Мадақтау
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
Интерактивті тақта
Слайд
Видеоролик
|
Сабақтың ортасы
|
Видеоролик көрсетіледі «Елім-ай»
|
Өз ойларын айтады
|
|
|
Топтық жұмыс
|
Тарихи видеоролик
Мешел Н
Сөздікпен жұмыс
Диаспора – грек сөзінен шыққан, белгілі бір халықтың (этникалық қауымның) біраз бөлігінің өз елінен тыс өңірге орналасуын білдіретін ұғым.
Қазақ диаспорасы – Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақтар сыртқы шекаралардан өтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға, Орталық Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан әрі бүкіл дүниежүзіне тараған.
«Қазақ энциклопедиясы»
Кітаппен жұмыс
I топ
Үзінді
|
Тарихи оқиға
|
Шетелге кетсеңдер де бауыр басып,
Құтты орын тепсеңдер де ауырласып,
Атажұрт шақырады тұқымым деп,
Құшағын байтақ дала,тауың да ашып.
Бөленіп онда бәрің байлық,баққа,
Тіпті, ие болсаңдар да атақ-даңққа,
Бірге ұрпақ барсын жарқын болашаққа,
Бұрыңдар көшті атамекен жаққа.
|
|
II топ
Үзінді
|
Тарихи оқиға
|
Мың артық күн кешуден қорқып-бұғып,
Қожа боп өз жеріңде, өз еліңе
Не жетсін тер төгуге соны ұғып.
Астында өз аспаның, өз туыңның,
Өз ауа, нәрін жұтып өз суыңның,
Қандастар қапы қалма, орны бөлек
Күнде өз әнұраныңмен оянудың.
Мәнге ие сәттерің көп елде өтетін,
Озбыр жоқ сыбағаңнан кенде ететін.
Бәріміз ұйымдасып көркейтейік
Қазақтың бейбіт, дербес мемлекетін.
|
|
«Броундық қозғалыс» әдісі
I топ.Статистикалық мәлімет жинау.
2009 жылғы санақ бойынша қазақтар ел тұрғындарының 63%-ын құраған. Одан бергі 8,5 жыл ішінде қазақтың санын 70%-ға жетті деп бағамдасақ, қазақ саны 12 500 000-ның үстіне шықты деп, бағамдауға әбден болар.
Бұл есепке сүйенсек, бұдан 4 жыл бұрын жер бетінде Қазақстаннан тыс жерде 6 321 564 қазақ бар екен. Демек, қазіргі есеп бойыншадүние жүзіндегі қазақтардың санын 20 миллионға жетіп қалды деуге негізіміз бар.
Алайда, ресми дерекпен шынайы дерек сай келе бермейді. Оған себеп те жоқ емес. Шын мәнінде әлемде қанша қазақ барын ешкім білмейді. Кеңес өкіметі құрылар кезде қаншама бауырымыз қуғынға ұшырап шекара асып кетті.
II топ.Тарихи деректер.
Қазақ диаспорасының ата жұрттан ығысып сыртқа ауа бастаған тарихи ұзақ ағыны “ақтабан шұбырынды“ кезіндегі жаугершілік-шапқыншылықтан басталды. Отаршылдық тудырған ауыр кезеңі 1650 жылдан 1916 жылға дейін жалғасып келді. Қытай мен Моңғолияға қарай қазақтардың көшуі азамат соғысы жылдары кең өріс алды. Саясаттан бейтарап момын халық шетке қарай ақ гвардияшылар келгенде бір ығысса, қызыл әскерлер келгенде тағы жөңкілді. 1916 – 21жж. ұлт-азаттық көтерілісі мен азамат соғысы жылдарында ата мекенінен 200 мың адам көшіп кеткен. Ал кеңестік дәуірдегі әміршілдіктен туған асыра сілтеу жылдары (1930 – 1934) 1,9 млн. қазақ шет жұртқа үдере көшті.
|
Достарыңызбен бөлісу: |