Сабақтың тақырыбы: «Қош келдің, наурыз!» жобалық жұмыс Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



Дата18.04.2023
өлшемі288.28 Kb.
#472358
түріСабақ
«Қош келдің, наурыз!» жобалық жұмыс 1 сынып


Бөлімі:

Компьютерлік суреттер (ортақ тақырып: "Салт- дәстүр және ауыз әдебиеті")

Педагогтің аты-жөні:

Есмұхамбетова Сәрсенкүл

Күні:

22.11.2022ж

Сыныбы: 1 «А,Ә»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Қош келдің, наурыз!» жобалық жұмыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.4.1.1. сызықтық алгоритмді іске асыру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:Сызықтық алгоритм құрады.
Көпшілік оқушылар үшін:Жоба скриптерімен жұмыс жасайды.
Кейбір оқушылар үшін:Алгоритмді Scratch жобасына айналдырады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Психологиялық жағымды ахуал орнату. «Ой қозғау» әдісі.
2 тапсырма.
Алдыңғы білім мен практикалық тапсырмаларды байланыстыру мақсатында төменде берілген кроссвордты шешеді.

Көлденеңінен:

  1. Алгоритм түрі

  2. Командалар жиыны

  3. Іс-әрекеттер реті

  4. Алгоритмнің әр қадамы

Тігінен:

  1. Сахна кейіпкері

  2. Іс-әрекеттер тізбегі




ҚБ: Мұғалім тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

Интерактивті тақта






Жұмыс дәптеріндегі №1 тапсырманы орында.

Анықтамаларды сәйкестендір.

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.
22-бет

Жаңа сабаққа дайындық.

(Ұ). «Қане, қайтала!» ойыны.Ойын шарты: мәтінді оқып шыққаннан кейін қолдарына қалам мен қағаз алып, сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын өз іштерінен сайланған жүргізушіге өткізеді. Барлықтары сұрақ құрастырып болған соң, жүргізушіден кез келген парақты алып, жауабын ойластырады. Жауаптарын талдағаннан кейін, мәтін тәртібі бойынша орналастырады. Содан кейін өздерінің жауаптары бойынша құрастырылған мәтінді мазмұндап береді. Ойын соңында өз мәтіндерін берілген үзіндімен салыстырады. Ойын қорытындысы бойынша ең белсенді оқушы анықталады.

Сабақтың ортасы



3- тапсырма
Ғабитте қазына жасырылған карта бар. Карта бойынша жүру командалары: алға, артқа, оңға, солға. Мысалы, солға, алға қарай 4 м (2-сурет).
1. Қазынаны іздеу оқиғасын сөз арқылы сипаттайды.
2. Ғабиттің іс-әрекетінің блок-сұлбасын құрады.

Жұптық жұмыста белсенділік көрсетіп, тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

Оқулық






4- тапсырма
1) 2-суреттегі жобаға атау бер. Себебін түсіндір.

2) Қолданған командаларға тиесілі блоктарды анықта.



ҚБ: Мұғалім тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»







*(Т). №6-тапсырма.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын білесің бе? Оларды ішек санының кемуіне қарай орналастыр.
Дескриптор:
- Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын атайды.
- Оларды ішек санының кемуіне қарай орналастырады.

ҚБ: Топтық жұмыста белсенділік көрсетіп, тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»







Жұмыс дәптеріндегі №4тапсырманы орында.

4. Суретте қай ертегінің кейіпкерлері бейнеленген?
1)Іс-әрекеттердің ретін дұрыс қой.
2) Суретке қарап, оқиғасын құрастыр.

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.
21-бет

Сабақтың соңы

(Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.



  • Бүгін мен не білдім?

  • Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім?

  • Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

  • Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

ҚБ:Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды«Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

Интерактивті тақта




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет