т.б. заттармен әрекеттесетін химиялық қасиеттерін,
теңдеулерін жаза білуге үйрету.
Өткен тақырып пен жаңа тақырыптың байланысы
Электрондық оқулық (есептер бөлімі № 7, 8)
Жаңа тақырыпты түсіндіру
1. Жай заттардың оттекте жануы.
Электрондық оқулық (көрсетілім № 2, 3, 4.)
Көміртектің оттекпен әрекеттесуі: С + О
2 = СО
2
көміртек
(IV) оксиді
Күірттің оттекпен әрекеттесуі: S + O
2 = SO
2
күкірт
(IV) оксиді
Фосфордың оттекпен әрекеттесуі: 4P + 5O2 = 2P2O5
фосфор
(V) оксиді
Темірдің оттекпен әрекеттесуі: Fe + O
2 = Fe
3O
4 немесе FeO ∙ Fe
2O
3
темір қағы
2. Күрделі заттардың оттекте жануы.
Оқулықпен жұмыс 64 беттегі 7 – кестені түсіндіру.
64 беттегі қортынды ережелерді оқушылармен талқылау
Жаңа тақырыпты бекіту
-
Электрондық оқулық (есептер бөлімі № 12)
-
Үлестірмелі қағаз арқылы жеке тапсырма беріліп, магний, кремний, кальций, сутек, алюминий, натрий элементтерінің оттегімен әрекеттесу реакциясы теңдеулерін құрып теңестіру.
-
Химиялық қарапайым тәжірибелер.
Тәжірибе №1 «
Алма неге қараяды?»
Тәжірибе мақсаты: алмаға оттектің әсерін көрсету.
Керекті құрал жабдықтар: алма, С дәруменінің таблеткасы.
Тәжірибенің орындалуы:
-
Алманы екіге бөлу.
-
Таблетканы ұнтақтап, алманың бір жартысының кесілген жеріне себу.
-
Алманың екі бөлігін де ашық күйде біраз уақыт қалдыру.
-
Екі бөліктің үстерін салыстыру.
Нәтиже: С дәрумені себілген алманың түсі өзгермейді, ал екінші бөлік қоңыр түске енеді.
Тәжірибе №2 «
Сутек асқын оксидінің ыдырауы».
Тәжірибе мақсаты: картоп тілігі арқылы сутектің асқын оксидін су мен оттекке айналдыру.
Керекті құрал жабдықтар: сутек асқын оксиді,
шикі картоптың тілігі, стақан.
Тәжірибенің орындалуы:
-
Стақанға жартылай сутегі асқын оксидін (Н2О2) құю.
-
Оған шикі картоптың тілігін салу.
-
Не болғанын бақылау.
Нәтиже: газ көпіршіктері бөлінеді.
Интерактивтік тақтада тапсырмалар орындау.
Көп нүктенің орнына тиісті элемент таңбасын қойып, теңдеуді теңестіріңдер.
а) Н2О2 → … + … б) … + О2 → P2O5
ә) ... + НСІ → ZnCI2 + H2 в) ... + ... → Li2О
«
Танымдық ойындар» (жұмбақтар шешу)
Исі де, дәмі де жоқ ұсталмайды,
Ол болмасы, тіршілік, өмір де жоқ.
Ол болмаса, отын да тұтанбайды,
Қалады қарауытып көмір боп шық (оттек).
Табылған соң жерден 105 элемент,
Жерді үлкен дене дейміз керемет.
Бірақ бөлсек әрқайсысына еншісін,
Екеуіне төрттен үші келер еді.
Атаңдар сол элементті,
Құрап тұрған кереметті. (оттек және кремний)
Бірі жанып, бірі қолдап жануды,
Екі элемент бізге бұрын танылды.
Өрт болып еді, сөндіруге көп адам,
Қосылысын алып соған ағылды. (оттек, сутек және су)
Тірі ағзалар онысыз тіршілік ете алмайтын газ.
(оттек)
Сабақты қортындылау. Оқушылар кесте толтырады.
Не білдім?
|
Не үйрендім?
|
Нені білгім келеді?
|
|
|
|
Мұғалімнің қортынды сөзі:
-
«Өзің менің оттегім,
Өмірім сенсіз жоқ менің» демекші, тіршіліктің тынысы болған – оттектің қасиеттерін оқып – үйрену – химия пәнінің жетістігі.
-
Қоршаған ортамыз, ауамыз таза болу үшін оттектің қажеттілігі. Жасыл желектерді отырғызу, көбейту керек.
Үй тапсырмасы: § 22, (4 – 9) тапсырмалар 65 – бет.
Бағалау.