5. Масса және энергия сақталу заңдары.
Масса мен энергияның байланысы.
Масса тұрақтылық заңы, масса сақталу заңы, реакцияға қатысқан заттар (реагенттер) массаларының қосындысы реакция нәтижесінде түзілген заттар (өнімдер) массаларының қосындысына тең. Химиялык реакция кезінде реакцияға түскен заттардың молекулалары бұзылып, оны кұраушы атомдар басқаша топтасып жаңа молекулаларды түзеді. Реакция барысында атомдардың сандары өзгермейді, сондықтан олардың массалары да өзгермеуге тиісті. Энергияның сақталу заңы, энергияның сақталу және айналу заңы – табиғаттағы кез келген материялық тұйық жүйеде өтетін барлық процестер кезінде сол жүйе энергиясының сақталатынын тұжырымдайтын жалпы заң. Энергия бұл жағдайда тек бір түрден екінші бір түрге айналады (егер материялық жүйенің қоршаған ортамен әсерлесуін ескермеуге болса, онда ол жүйені тұйық жүйе деп қарастыруға болады); егер материялық жүйе сыртқы әсердің нәтижесінде бір (бастапқы) күйдегі екінші (соңғы) бір күйге ауысса, онда оның энергиясының артуы (не кемуі) жүйемен әсерлесетін денелер мен өріс энергиясының кемуіне (не артуына) тең болады. 6. Халықаралық өлшемдер бірлігі (СИ). Халықаралық бірліктер жүйесі — бірліктер жүйесінің халықаралық үлгісі, метрикалық жүйенің заманауи нұсқасы. Ол әлемдегі барлық дерлік елдерде ресми мәртебеге ие жалғыз өлшем жүйесі. Халықаралық бірліктер жүйесінің артықшылығы — оның ғылым мен техниканың барлық саласын қамтитын әмбебаптығы мен пропроционалдығын коэффициенттері болмайтын теңдеулер негізінде құрылатын туынды бірліктерінің бір-бірімен үйлесімділігі.