Сабақтың тақырыбы: Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер. Сабақтың мақсаты



Дата03.07.2016
өлшемі88.81 Kb.
#173855
түріСабақ
Қ.Байсықов атындағы ОЖББМ
Ашық сабақ


Өткізген: химия пәнінің мұғалімі

Жургалиева А.С

Тайпақ 2013

Сабақтың тақырыбы: Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер.

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: Органикалық заттардың құрамында оттек бар жаңа тармағы туралы түсінік бере отырып, функцоналдық топ ұғымына анықтама беру. Оқушыларға оттекті органикалық қосылыстардың негізгі қасиеттерімен таныстыру, молекулалық байланыстың ерекшелігін түсіндіру, спирттер туралы ұғым қалыптастыру.

Б) дамытушылық: Заттардың қасиеттері олардың құрылысына тәуелді екендігіне көз жеткізу, құрылысындағы, қасиеттеріндегі негізгі ерекшеліктерін ажырата білу қабілетін дамыту.

В) тәрбиелілік: салауатты өмір салтын насихаттау, спирт өнімдерінің құрамындағы химиялық заттардың адам денсаулығы үшін маңызын көрсету.

Сабақтың типі: Жаңа материалды игеру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтағы тәсілдер мен әдістер: түсіндіру, сұрау, есептер шығару, интерактивті әдіс, СТО әдісінің элементтері

Құрал-жабдықтар: «Спирттер» презентация, флипчарт, АКТ, интерактивті тақта, « А. Е. Темірболатова » есептер жинағы, шар стерженьді модельдер.

Сабақтың жоспары:

I.“Қызығушылықты ояту”

II. “Мағынаны тану”

IV. “Ой толғау”

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау:

«Мұнайды өңдеу және қоршаған ортаны қорғау шаралары» тақырыбы бойынша оқушыларға проблемалық сұрақ қойылады:

  • Қоршаған ортаны мұнай өнімдерінің қалдықтарынан қорғау үшін қандай мәселе қою қажет?

  • Қазақстанда мұнай өнімдерін тиімді пайдаланудың қандай әдістерін ұсынар едіңіздер?

Үйге берілген тақырыптан 10 сұрақ берілген парақты оқушыларға үлестремін.

Мұнай өнімдерін өңдеу, табиғи көздері.

Тест

  1. Көмірсутектердің табиғи көздері:

А) крахмал, глюкоза Б) бензол, толуол В) тас көмір, мұнай

  1. Табиғи газдың құрамы:

А) 30-35% (метан) Б) 70-80% (метан) В) 80-98% (метан)

  1. Кокс –

а) көмірсутектердің қоспасынан б) көмірсудан в) таза көміртектен

  1. Қара түсті мұнай өнімі ­

а) мазут б) керосин в) бензин

  1. Мүнайдан алынатын өнімдер:

А) мазут, керосин, газоиль б) метан газы, табиғи мұнайға серік газдар в) көмірсутектер

  1. Мұнайды өңдеуге арналған қондырғының бөліктері:

а) түтікті пеш, атмосфералық қондырғы б) түтікті пеш, ректификациялық колонна

в) ректификациялық колонна, атмосфералық қондырғы



  1. Крекингтің қандай түрлерін білесің?

а) термиялық, атмосфералық б) атмосфералық, катализдік в) катализдік, термиялық

  1. Термиялық крекинг –

А) өршіткі қатысынды жүреді;

Б) өршіткі ретінде асыл металдарды қолдану;

В) жоғары температура және жоғары қысымда жүреді;


  1. Катализдік крекинг –

А) өршіткі қатысынды жүреді;

Б) өршіткі ретінде асыл металдарды қолдану;

В) жоғары температура және жоғары қысымда жүреді;


  1. Егер өршіткі ретінде асыл металдар қолданылса, ол –

А) детонация б) крекинг в) риформинг

Жауабы: 1.В 2.В 3.В 4. А 5. А 6. Б 7. А 8.В 9.А 10. В



І. «Қызығушылықты ояту»

Оқушылар бүгінгі танысатын жаңа сабағымыз спирттер туралы болмақ.



Оқушыларға сұрақ: Спирттің көне шығу тарихы туралы не білеміз?

«Шараптың шығуы жайында хикаят»

Ертеде бір патшаның есігінің алдына лашын құсы дән тастап кетеді. Оны уәзірлеріне беріп ескертеді. Ол өсімдік болып жайқалып өседі. Келесі жылы одан да әдемі болып өседі. Келесі жылы одан да әдемі болып өседі. Келесі жылы одан да әдемі болып өседі. Үш – төрт жылдан кейін жеміс береді, таң қалады, күтеді. Күзге таман әдемі мөлдір жемісті жеп көруге жүрексінеді. Сонан соң патшаның әмірі бойынша шыны ыдысқа салып қойып, біраз күнен кейін көріп, одан да мөлдір сұйық пайда болғанын көрген уәзірлер патшаға көрсетеді. Патша тұтқында жатқан бір сорлыны әкеліп, соған ішкізеді. Бір кесе ішеді, екіншісін береді. Үшіншісін сұрап ішеді. Соңында ән салады. Бейжай күйге түседі. Ең соңында патшаның тағын сұрайды. Шаршап қалжырап ұйықтап кетеді. Ертеңіне әлгіні шақырып сұрағанда, рахатқа батқандығын айтады. Сонда патша ішіп, ең алғаш «Патша шарабы» шыққан екен деседі.

Адамдар спирттердің мастандыратын қасиетін біздің ғасырымызға дейінгі

8000 жыл бұрын – жеміс шырынынан, жабайы жүзімнен және балдан жасалынатын алкогольдік ішімдіктерді дайындауға мүмкіндік беретін керамикалық ыдыстардың шығуымен қатар білген. .

Батыс Европада алғаш рет спиртті алған итальяндық монах алхимик Валентиус болды. Ол: « кәріні жасартатын, шаршағанды сергітетін, күйінгенді жұбататын эликсир»,- деп атады. Арабтар таза спиртті 6-7 ғасырларда ала бастады және оны « әл-кугул » деп атай бастады.

Дмитрий Иванович Менделеев
1865 жылы «Спирттің сумен қосылысы туралы пайымдаулар» тақырыбына докторлық диссертация қорғады.


АЛКОГОЛЬ ( АРАБша alkohol – майда үнтақ)

«шарап рухы» (aqua vitae) – ең мықты дәрі

Этил спиртін орта ғасырларда осылай атаған. Кейіннен алкогольдік қосылыстар спирттер класына біріктірілді..



II. “Мағынаны тану”

Сендер осыған дейін көміртек және сутектен ғана түзілген қосылыстар –көмірсутектер жайлы оқып-үйрендіңдер. Енді молекула құрамына оттек атомдары күретін оттекті органикалық қосыолыстармен танысасыңдар. Оттекті органикалық қосылыстар құрамында оттек бар функцоналдық топтарға байланысты әртүрлі заттар қатарын түзеді.




Спирттер - құрамындағы сутек атомдары бір немесе бірнеше гидроксил топтарымен алмасқан көмірсутектің туындылары. Мысалы: метил спирті СН3ОН метанның СН4 туындысы

этил спирті С2H5OH этанның C2H6 туындысы; этиленгликоль С2H4(OH)2 этанның C2H6 туындысы;

ИЮПАК халықаралық атаулар жүйесі бойынша спирттерді көмірсутектердің атына -ол деген жұрнақ қосып атайды.   СН3ОН метанол. С2H5OH этанол және т.б.

СН3 – OH метанол




Спирттердің шар өзекті моделін көрсетемін.

H H


│ │

H – C – C - O- H

│ │

H H


Спирттердің гомологтық қатарының жалпы формуласы: R-OH, R- көмірсутек радикалы немесе CnH2n+1OH

Ой шақыру үшін радикал дегеніміз не?

Гидроксил тобының сутегісі басқа 5 сутек атомына қарағанда қозғалғыш болып келеді, оның себебі бұл сутек көміртекпен оттек атомы арқылы байланысқан. Сондықтан гидроксил тобындағы сутек атомы металға аламаса алады.

Спирттер құрамындағы гидроксил топтарының санына байланысты өзара жіктеледі:



Біз біратомды спирттердің қасиеттерін оның жиі кездесетін өкілі – этанолды мысалға алып қарасытрайық.



Әсіресе орталық жүйке жүйесі қызметін бұзады. Этил спирті медицинада, парфюмерияда, органикалық синтезде шикізат ретінде пайдаланылады.

Алынуы: техникада этил спиртін этиленді күкірт қышқылы қатысында гидраттап алады:

Н2SO4

СН2=СН2 + Н2О → H3C – CH2OH

Этанол

Тамақ өнеркәсібінде этил спиртін көмірсуларды спирттік ашыту арқылы алады. Бұл процесс ашытқы саңырауқұлақтарының қатысуымен жүреді:



С6H12O6 → 2C2H5OH + 2CO2

Глюкоза

Өндірісте этил спритінің көп мөлерлерін құрамында крахмалы бар өсімдіктерден (картоп, дәнді дақылдар) алады.

Химиялық қасиеттері: Сендер лабораторияда бір затты қыздыру керек болғанда, спирт шамын пайдаланасыңдар, демек, спирт жанады:

C2H5OH + 3О2 →2CO2 + 3Н2О

Этил спиртінің молекуласында гидроксотоп болғандықтан, ол белсенді металл ­ натрий әрекеттеседі:

2C2H5OH + 2Na →2C2H5ONa + Н2

Этанол Натрий этилаты


Спирттердің өздеріне тән тағы бір қасиеті тотығып, альдегидтер деп аталатын жаңа заттар түзуі. Осы тәжірибені жасап көрейік.

Тәжірибе:  Этил спиртін CuO қатысында тотықтыру. Құрғақ пробирканы этил спиртімен ылғалдайды. Мыс сымнан спираль жасап, оны отқа қыздырады. Қыздырып қыздырылған спиральді этил спиртімен ылғалданған пробирканың ішіне батырады. Осылайша бір рет қайталағаннан кейін, этил спиртінің сірке альдегидіне айналғанын байқауға болады, яғни оны исінен (алма исі) білуге болады.

C2H5OH + CuO → CH3 C=O + Cu + H2O

Этанол қара | қызыл түсті

түсті H

этаналь

Метанол, метил спирті, ағаш спирті, СН3ОН – иісі (этил спиртінің иісіне ұқсас) бар, түссіз сұйықтық;

тығызд. 0,7924 г/см3 (20ӘС-та),

балқу t – 97,9ӘС,

қайнау t 64,5ӘС.

Сумен (кез келген қатынаста), спиртпен, бензолмен, ацетонмен, т.б. органикалық еріткіштермен оңай араласады. Синтез-газдан катализдік реакция арқылы алынады. Формальдегид, сірке қышқылы, әр түрлі эфирлер алуда, бояғыш заттар мен дәрілік заттарды ерітуде, отынға қоспа ретінде қолданылады. Метанол жүйке және тамыр жүйесіне әсер ететін у.

Көпатомды спирттердің құрамында екі және одан да көп гидроксил топтары болады. Маңызды өкілдері этиленгликоль СН2ОН - СН2ОН және глицерин СН2ОН - СНОН - СН2ОН. Олардың құрамында гидроксил тобы болғандықтан, қасиеттері біратомды спирттерге ұқсас. Айырмашылығы — гидроксил тобының санына байланысты. Этиленгликоль синтездік талшық алу үшін және антифриз ретінде қолданылады. Глицерин былғары өнеркәсібінде, дәрі-дәрмек, қопарылғыш зат алуға, т.б. қолданылады.

Көпатомды спирттердің жиі кездесетін өкілі - Глицерин СН2ОН — СНОН — СН2ОН — тәтті дәмі бар түссіз, қоймалжың сұйықтық. Суды жақсы сіңіретін, гигроскопиялық зат. Сумен кез келген мөлшерде араласады. Атмосфералық қысымда 290С-та қайнап, ыдырай бастайды, сондықтан оны белгілі бір қысымда айдайды. Глицеринді өнеркәсіпте пропиленнен алады. Көп мөлшерде химия және тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Глицерин гигроскопиялық зат болғандықтан, теріні жұмсартатын қасиетіне байланысты парфюмерияда, былғары өнеркәсібінде пайдаланады. Сонымен қатар глицерин қопарылғыш заттар және дәрі-дәрмектер өндіруде медицинада қолданылады.



ІІІ. Ой толғау:

Соңында сабақтың негізгі теориялық сұрақтары қорытындыланады. Оқушылар көмегімен бірнеше тапсырмалар орындау арқылы тақырыпты нақтылаймыз.



  1. Спирттер деп қандай заттарды атайды?

  2. Спирттер қалай жіктеледі, мысал келтіріңдер.

  3. Көпатомды спирттер деп қандай қосылыстарды айтады, мысал келтіріңдер.

  4. Глицериннің қасиеттері мен қолданылуы.

  1. «Үшіншісі артық»

Мына қосылыстардың ішінен үшінші артық қосылысты тауып, сыз.

CH3OH

CH3Cl

CH3CH2OH

CH3CH2ONa

НО-CH2 -CH2-OH

CH3OH

CH3CH2OH

CH2-СН2-СН2

OH ОН ОН



CH3Cl

  1. Таңдамалы тест.

  1. Мына қосылыстардың ішінен спирттерді көрсет.

1. С2Н5ОН 2. С2Н5СОН 3. СН3ОН 4. С3Н7СL

А) 1,2 Б) 2,3 В) 3,4 Г) 1,3



  1. Құрамында сутек атомы бар спирттің молекулалық массасы:

А) 32 Б) 44 В) 46 Г) 1,3

  1. Мына қосылысатрдың ішінен алкендерді көрсет:

1. C3H6 2. C2H6 3.C4H8 4. C5H12

a) 1,3 б) 1,2 В) 2,.3 Г) 2,4



  1. Спирттер класының фунционалдық тобы:

А) – COH Б) - COOH В) – ОН г) NH2
Жауабы: 1.г 2В 3.А 4В


  1. Сәйкестендіру.

Берілген спирттердің формуласын тауып көрсет.
Спирттің атауы Спирттің формуласы


  1. Этиленгликоль А)CH2-СН2-СН2

OH ОН ОН

  1. Метанол Б) CH3CH2OH

  2. Глицерин В)НО-CH2 -CH2-OH

  3. Этанол Г)СН3ОН

№1. Есеп

Этиленнің 33,6 литрін гидраттағанда этил спиртінің қандай массасы түзілетінін есептеңдер.

№2. Есеп



Массасы 9 кг глюкозаны спирттік ашыту арқылы қанша литр этанол алуға болады. Этанолдың тығыздығы 0,789 кг\м3
V. Бағалау. Жаңа тақырыпты қорытындылап, сабаққа белсене қатысып, жауап берген ооқушыларды бағалаймын.

VI. Үйге тапсырма: §47. Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер. № 1-5 есептерді шығару

Спирттердің адам денсаулығына пайдасы мен зияны туралы” эссе жазу.


Сабақ аяқталды, сау болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет