Күні:15.03
Сынып: 4
|
Қатысқандар саны: 16
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Презентациядағы анимация
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
4.2.3.2. Презентациядағы нысандардың анимациясын келтіру;
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар: презентациядағы нысандарға анимация қоя алады.
Көпшілік оқушылар: презентациядағы анимациялармен жұмыс жасай алады, анимация және мультипликацияның презентациясын ашу мен сақтауды жақсы біледі.
Кейбір оқушылар: анимацияны баптау терезелерінің мүмкіндігін жақсы пайдаланады
|
Бағалау критерийі
|
Аннимацияны баптау терезелерімен жұмыс жасай алады.
Анимацияның әсерлермен таныса отырып, объектіге енгізіп, түрін өзгерту.
Алған білімдерін пысықтап, практикада қолдану.
Өз бетінше слайд жасау.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңдері
|
Мұғалімнің ,оқушының іс-әрекеттері
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Сыныпта психологиялық ахуал жағдайын орнату.
Сыныпты түгендеу
Әрбір адам – досым, сыныптасым.
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық.
Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты бекіту мақсатында сұрақтар реттілігі қойылады
- PowerPoint программасында қолданылатын видео файл пішімдерін көрсетіңіз? .mpeg, .avi, .swf
- Google Chrome браузерінде жүктелген файлдарды көрсету үшін қай пернелер комбинациясын басамыз? Ctrl+J
- Презентацияны қай программаның көмегімен жасаймыз? PowerPoint.
|
Компьютер
Интерактивті тақта
|
Сабақтың ортасы
35 мин
|
Жаңа сабақ
Анимация қосу.
PowerPoint бағдарламасында әр түрлі анимациялық эффектілер және мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдана отырып, презентацияны жандандыруға болады. Мәтін элементтерінің өзіне жеке әріптер, сөз, абзац түрінде әртүрлі эффектімен пайда болатындай етіп жасау мүмкіндігі бар. Тек мәтін элементтері емес графикалық объектілер, диаграммаларға да анимациялық эффектілер қосуға болады.
немесе автоматты түрде неше уақыттан кейін пайда болу керектігін белгілей аламыз.
Анимация ұғымы, анимация эффектерілерінің баптаулары
Анимация қою жолдары
Практикалық жұмыс
Тапсырма 1. «Жеке жұмыс» әдісі арқылы оқушылар тапсырмаларды орындайды.
Тапсырма: планетаның күн айналасындағы айналуын бір слайдта анимацияның барлық түрлерін қолдану арқылы жасау.
1. Фонға сурет салу.
2. Күн мен планеталарды суреттеп, оларға анимация қойыңыз.
3. Күннің айналасында планеталарды жылжыту жолдарын жасаңыз.
4. Барлық нысандарға шығу анимациясын қосыңыз.
Дескриптор:
— Презентацияға суреттерді енгізеді;
— Суреттерді ерекшелейді;
— Анимацияны орнатады;
— Нысанға шығу анимациясын қолданады;
Тапсырма 1
Презентацияда әртүрлі анимациялық әсерлер жасаудың түрлерін ұяшыққа орналастыр
|
|