Психологияның зерттеу объекті
Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б.
Психологияның әртүрлі тараулары қолданған әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім тану, т.б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы мен руханияты, Келбет руханияты, жануар жан дүниесі) арқылы ажыратылады.
Психологияның кей тараулары басқа ғылымдармен бірге немесе өзара көрші зерттеу өрістері ретінде немесе бір зерттеу өрісінің салалары ретінде үйлеседі. Бұл тараулар, мысалы психологияның бір тарауы — рухани бұзылыстарды зерттеу үшін патологияны белгілеу өте күрделі, тұлға патологиясын ақыл−ой паталогиясынан ажырату — одан әрі күрделі.
Ақыр соңында психология мен философия арасында көп уақыт бойы қарым—қатынас өте жақын болды, ажыратылмас десе де болар, себебі бұрын психология пәлсапаның бір бөлімі болған, ал пәлсапафизиканың ескі мағынасында (ағлақ, сана, іс әрекет, т.б. қалыптасқан пәлсапа тақырыптары психологияда кездеседі) бір бөлімі екендігін де ұмытпау қажет. Осылай психологияның кей салалары пәлсапалық тақырыптарды зерттеуге бағытталған (персонализм, гуманизм, биологизм, т.б.).
Психологияны зерттеу өрісінде басқа да антропология, социология сияқты қоғамдық ғылымдармен де соқтығыстыруға болады.
Ең аяғында психологияны теориялық немесе практикалық жағынан анықтау — бүгінгі күннің шешілген мәселесі емес.
Психологияның міндеттері.
Психологияның міндеттері. Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде.
Психология ғылымының міндеті - психикалық әрекеттердің даму барысындағы заңдылықтарды зерттеу( Жан құбылысын жете түсінуге мүмкіндік беру; Адамды тәлім-тәрбиеге ұмтылту; Психологияның басқа ғылымдармен байланысын ашу; Ғылыми шығармашылықтың әлеуметті мәдениетке байланыстылығын көрсету; Психология ғылымының қалыптасуын және жеке тұлғаның рөлін зерттеу).
Бұл заңдылықтар адам миындағы обьективтік дүниенің бейнелеуін, осыған байланысты оның қылықтары қалай реттелетінін, психикалық әрекет қалай дамитынын және тұлғаның психикалық қасиеттері қалай қалыптасатынын ашып көрсетеді. Психика обьективтік шындықтың бейнеленуі екені белгілі, сондықтан психологиялық заңдылықтарды зерттеу, алдымен, психикалық құбылыстардың адамның өмірі мен іс-әрекетінің обьективті жағдайларына байланысты болатынын білдіреді. Соңғы онжылдық көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымының ұғым аппараты өзгеріп, жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып, психология жаңа эмперикалық мәліметтермен толығуда. Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі сезім мүшелеріне әсер ететін обьектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, үрдістерді қамтиды.
Психология ғылымы шешетін қолданбалы мәселелердің рөлін қоғамның мойындауы білім беру мекемелерінде тармақталған психологиялық қызметті қалыптастыру идеясына әкелді. Қазіргі уақытта мұндай қызмет өзінің дайындалу, даму кезеңінен өтуде және ғылым мен оның нәтижелерінің тәжірибеде қолданылуы арасындағы байланыстырушы қатар болады деп ойластыруда.
Психология ғылымдар жүйесінде маңызға ие және бірнеше функциялар атқарады. Психология тек қана теория емес, инженерия практикалық психологияның мәнділігін құрайды. Егер арнайы білімаі бар инженер ғылымның практикаға негізделуін қамтамасыз етсе, практик пасихолог, ол да инженер, бірақ техника емес, адам аймағындағы инженер.
Психологияның негізгі міндеті – психологиялық мәселелерді шешу. Бұл мәселелерді шешу психологияның барлық стратегиялық жүйелерінде: теориялық психология, қолданбалы психология және практикалық психологияда жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |