Сабақтың тақырыбы: Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері. Сабақтың мақсаты



Дата22.02.2016
өлшемі88.5 Kb.
#94
түріСабақ
Қазақ тілі 9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Публицистикалық стиль туралы алған білімдерін байқау, тақырыпты ауқымды түрде ашу.


ә) дамытушылығы: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, топ алдында еркін сөйлеу , пікір қорғау дағдысын дамыту. Сауаттылығын арттыру.
б) тәрбиелігі: Халық даналығы арқылы білімділікке, қабілеттілікке баулу.Елі үшін туған ерлердің өмірін үлгі ету.

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту элементтерін пайдалану.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі,баяндау.

Көрнекілігі: сызба тірек

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, үй тапсырмасын тексеру, түгендеу.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Публицистикалық стильдің сипаты.

2. Публицистикалық стильдің тақырыбы қандай болып келеді ?

3. Публицистикалық стильдің басты қалыптасқан сипатын атаңдар ?



ІІІ. Жаңа сабақ

Публицистикалық стильде жазылған шығарма:

  • Қоғамдық өмірмен тығыз байланыста болады.




  • Жұртшылықты қоғамдық өмірдегі өзгерістер мен жаңалықтардан

хабардар етеді.


  • Өте жинақы, тұжырымды болып құралады.




қонымды болып, бұқараға ықпал етеді.


  • Шешендік сөздер, даналықтар көп қолданылады.




  • Тақырыбы өмірдің әр саласына байланысты болады.




  • Жан-жақтылық пен сауаттылықты талап етеді.



    • Оқушыларға ережені дауыстап оқыту;

    • Ережені іштерінен оқып шығуға уақыт беру;

    • Өз түсінгендерін ортаға салғызу;

    • Ережені талдату және жаттығу жұмысы арқылы бекіту


75-жаттығу

1. мәтінді мәнерлеп оқып шығу

2. мақала не туралы жазылған ? «мазмұнына тоқталып кету»

3. мақала қандай стильде жазылған ? Оның стильдік ерекшелігі неден көрініп тұр ?

4. Мақала авторы туралы ойларыңды жазу.

Тапсырма


  1. Өзіңіз жайлы шағын мәлімет.



  1. “Арман – адам қанаты” дейді, арманыңыз жайлы не айтар едіңіз?




  1. Алдыңызға қандай мақсат, жоспар қойып отырысыз?




  1. Жақсы адамға берер мінездемеңіз (Бес сын есім)

Өзіңізден осы қасиеттер табыла ма?
5. Өзіңіздің алдағы жеңістеріңіз туралы не айтар едіңіз?
6. Құпия сырыңыз бар ма? Оны кіммен бөлісер едіңіз?
7. Сізден оқырмандарға әдемі тілек.
Үйге тапсырма:

77 – жаттығу.

“Аталы сөзді айта біл!” немесе “Мақал – сөздің мәйегі”

тақырыбына өз таңдауларыңмен шығарма жазыңдар.

Бағалау
Қазақ тілі 9-сынып

Күні: 22.12.11

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Ән»

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Оқушылардың тақырыптарды меңгергендігін тексеру, ережелерді естерінде бекіту.

ә) дамытушылығы: Ережелерді тәжірибе жүзінде қолдана білуге үйрету, сөздік қорларын молайту. Сауаттылығын арттыру.
б) тәрбиелігі: Оқушыларды ынта қойып тыңдауға, көркем , таза жазуға және тыныс белгілеріне мұқият болуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: бекіту

Сабақтың типі: жазбаша жұмыс

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі,баяндау.

Көрнекілігі: диктанттар жинағы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, түгендеу. Көңіл-күйлеріне назар аудару.



ІІ. Ережелерді еске түсіру.

ІІІ. Диктант жұмысы.

Күнді, айды жаздыру. Диктант тақырыбын жаздырту. Диктант мәтінін оқып беру. Қиын сөздермен таныстыру. Тақтаға жазып көрсету.

Мәтінді қайталап оқып беру.

Асықпай жаздырту. Мәтінді қайталап оқу. Оқушыларға тексерту.

Тыныс белгілерінің қойылуына назар аударту.

Ән.

Сәлмен ат үстінде теңселе түсіп, ыңылдап келеді. Қазақтың осы бір ұшы- қиыры жоқ шұбырып таусылмайтын ұзын сонар баяу әуендерінің бірі сияқты.

Ән- көңілдің күйі ғой. Сәлмен әнімен серігінің ұққаны да, осындай көңіл күйдің зары, көңіл құсының талпынысы еді. Бұл білмейтін бір жасырын сыр бар сияқты. Сәлмен әнді жалғыз салғанымен, тағы біреу қасында қосылып, сырласып келе жатқандай. Серігі оны көрмесе де, аяулы жан екенін сезеді. Мінезі жайдары, көңілі кең, жүрегі таза, ісі де, сөзі де орнықты, жүріс- тұрысы да қылықты, өзі де сүйкімді жан болу керек. Сөз жоқ, сондай адам. Әйтпесе, мына ән, мына ырғақ, адамның жүрек қылын жайлап шерткен биязы әуен шымырлап бойға тарап, басқа ұра ма?! Сәлмен барлық сырын сол адамның алдына жайып салып, мұңын шаққандай, ақылдасқандай болады. Ол адамның да Сәлменге айтары аз емес сияқты. Сондықтан болар, ән де бітпей келеді, айтылар сыр да айтылып таусылар емес, әлі де жалғаса бермек, созыла бермек...


    • Ау, Сәлмен, ән не туралы? – деді серігі қатарласа беріп.

    • Ән ауыл туралы, сары дала, кең жазық туралы, сол жазықта бұлаңдап өскен ерке қыз туралы...

(Б.Тілегенов, 171 сөз)

Диктантты қайталап оқып, тексерту. Өздеріне оқып, тексеруге уақыт беру. Тыныс белгілерін тексерту.



Қазақ тілі 9-сынып

Күні: 12.01.12ж

Сабақтың тақырыбы: Ғылыми стиль.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Ғылыми стиль туралы түсініктерін дамыту.


ә) дамытушылығы: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, топ алдында еркін сөйлеу , пікір қорғау дағдысын дамыту. Сауаттылығын арттыру.
б) тәрбиелігі: Халық даналығы арқылы білімділікке, қабілеттілікке баулу.Елі үшін туған ерлердің өмірін үлгі ету.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі,баяндау.

Көрнекілігі: сызба тірек

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, үй тапсырмасын тексеру, түгендеу.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Публицистикалық стильдің сипаты.

2. Публицистикалық стильдің тақырыбы қандай болып келеді ?

3. Публицистикалық стильдің басты қалыптасқан сипатын атаңдар ?

Публицистикалық стильде жазылған шығарма:


  • Қоғамдық өмірмен тығыз байланыста болады.




  • Жұртшылықты қоғамдық өмірдегі өзгерістер мен жаңалықтардан

хабардар етеді.


  • Өте жинақы, тұжырымды болып құралады.




  • Логикалық жағынан қисынды да дәлелді, көңілге

қонымды болып, бұқараға ықпал етеді.


  • Шешендік сөздер, даналықтар көп қолданылады.




  • Тақырыбы өмірдің әр саласына байланысты болады.




  • Жан-жақтылық пен сауаттылықты талап етеді.



III. Жаңа сабақ

    • Оқушыларға ережені дауыстап оқыту;

    • Ережені іштерінен оқып шығуға уақыт беру;

    • Өз түсінгендерін ортаға салғызу;

    • Ережені талдату және жаттығу жұмысы арқылы бекіту


83-жаттығу (ауызша)

1. мәтінді мәнерлеп оқып шығу

2. мәтіндегі тыныс белгілерін атап, ережелерін айту.

3. алғашқы мәтінді кейінгі мәтінмен салыстыру.


86-жаттығу

1. мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын баяндау.

2. Сал-серіге тін қасиеттерді теріп жазу.

3. Дүлдүл, кемеңгер, ардақ тұту, шебер сөздерінің синонимін жазу.


93—жаттығу

1. Мәтінді оқу.

2. мәтінді жатқа жазу.

Ұзын Қарғалы өзенінің бойындағы ескі суэлектр станциясы қайтадан іске қосылды.Қазір ол 400 киловатт электр энергиясын беріп тұр. Сонымен 700-800 үй арзан электр қуатын алатын болады. Әр киловатт энергия елу- ақ тиын тұрады.


Үйге тапсырма:

89- жаттығу.

91 – жаттығу.

Бағалау

Бекіту.


  1. Ғылыми стиль дегеніміз не ?

  2. Ғылыми стильдің функциональдық міндеті қандай ?

  3. Ғылыми стильдің тілдік көріністері.



Қазақ тілі. 9 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері. Нүкте, сұрау белгісі.

Күні: 9.02.12ж

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерімен таныстыру. Төменгі сыныптарда өткен материалдарды еске түсіру.

Міндеттері:

1.Жұрт алдында мәдениетті сөйлей білуге дағдыланады.

2. Теориялық білімді практикада қолданады. Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.

3.Топтық жұмыс кезінде бір-бірімен пікірлеседі,алған білімдерін бекітеді.



Қолданылған әдіс-тәсілдер: “Негізгі идеяны суреттеу”, эссе жазу.

Көрнекіліктер: Плакат, тірек сызба

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.



І. Қызығушылықты ояту

Қазақ тілі пәнінен төменгі сыныптарда өткен материалдарын еске түсіру.

Психологиялық жаттығу жұмысы. Релаксация

(Психологиялық жаттығу)

Балалар, әрқайсымыз өзімізге ыңғайлы, жайлы жер тауып отырайық. Басымызды сәл бұрып, қолымызды тіземізге, бар зейінімізді маған аударып, көзімізді жұмайық. Қол аяғымызға жайлы, жағымды энергия берілуде. Денемізден ток жүріп өткендей, аздап ысып келеді. Рахаттану сезімін басымыздан кешкендейміз. Осы қалпымызда 10 секунттай отырамыз. Мен кері санағанда ойымызды жинақтап, көзімізді ашуға даярланамыз. 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0. Енді бәріміз бастапқы қалпымызға келеміз. Көзімізді ашамыз.



ІІ. Мағынаны тану.

«Негізгі идеяны суреттеу» стратегиясы



126 – жаттығу

1. К.Оразалиннің «Кітапхана» атты мәтінін оқу

2. Осы үзіндіде аталған ақын, жазушы, ғалымдар туралы не білесіңдер?

3. Мәтін мазмұнына тірек болып тұрған азатжолды көшіріп жазу.

Жеке, көршісімен ой бөліседі.

4. асты сызылған тіркестердің синонимдерін, варианттарын атаңдар.



ІІІ.Ой толғаныс.

137 -жаттығу

«Бейнелеу өнері мұражайында» атты тақырыпта эссе жазу



Қорытынды:

Сабақты қорытындылау.



Бағалау.

Үйге тапсырма:

129 – жаттығу. Тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазу


Қазақ тілі. 9 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Әкенің еркелігі»

Күні: 16.02.12ж

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері туралы білімдерін бекіту.

Міндеттері:

1.сөйлем ішінде келетін тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыу.

2. Теориялық білімді практикада қолдана білуін арттыру. Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.

3. Сөйлем соңынан қойылатын тыныс белгілерін дұрыс пайдалана білу.



Қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсінік беру, қиын сөздермен жұмыс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу-құралдарын тексеру. Назарларын сабаққа аудару.



ІІ. Жазбаша жұмыс.

Оқушыларға бүгінгі күнді, мазмұндама тақырыбын жаздырту.

Мәтінді оқып шығу. Түсініксіз сөздерге тоқталып кету.

Мазмұндама «Әкенің еркелігі»



Ертеде бір бала әкесіне: «Сені кейін ер жеткен соң, аяғыңды жерге тигізбей, арқалап жүремін», - дейді екен. Бұл оның әке парызы туралы түсінігі болса керек.

Уақыт деген ұшқан құс, құйғытып шапқан тұлпар емес пе ? Жыл артынан жыл өтеді. Бала жігіт болады. Әкесі қартаяды да, бір күні қатты науқасқа шалдығады. Ұлы «пәлен жерде ғұлама емші бар» дегенді естиді. Әкесіне: «Баяғыда көп айта беруші едім ғой, сол сөзім- сөз, емшіге арқалап апарамын», - дейді. Әке өз қадірін түсінгенперзентіне тәнті болады. Әуе айналып жерге түскендей шілденің ыстық бір күнінде екеуі жолға шығады. Жігіттің арқасында- әкесі. Бірнеше күн өтеді. Айнала сағым, мұнар. Топырақ та, ауа да от. Аңфзақ. Шөл. Жігіт шаршайды.

Ұлының арқасында отырған әкесі бір күні көз ұшында қарайған әлденені көреді. Баласынан: - Балам, анау не, көзім жетпей тұр ?- дейді.

Қанша шаршаса да, жас емес пе, жігіт дереу алға көзін тігеді. Ол қарайған түйе екен.

-Түйе ғой, әке, түйе!- дейді ол ашу-ызасыз. Ішінен: «Әкем бала болып кетті ме сонша. Адам өзі діңкелеп келе жатқанда... Мазаны алмай тыныш отырмай ма ?»- деп күбірлейді.

Бұлар емшінің ауылына қарай жылжи береді. Аздан соң әкесі жаңағы сұрағын қайталайды.

  • Анау не, балам ?

  • Жанағы түйе ғой, әке . Түйе, түйе!

Дауысы шаршау шығады. Бұған не болған дегендей әкесіне алара қарайды. Әуелде қу- сүйек, жеп- жеңіл болып көрінген әкесі, енді зіл қара тас секілді. Жігіттің қол-аяғының буын-буыны кетіп шаршайды. Осылай титықтап келе жатқан кезде артық сөздің өзі-артық қамшы. Арқасы терден удай ашиды. Ашуланып аударып тастай салатын зат емес. Әке. Ал әкесі баласының бұл күйін білмей келе жатқан сияқты. Ат үстінде отырғандай жайбырақат көңілді. Не болса соны әңгіме етіп қояды.

Сүт пісірім уақыт өткен соң, жаңағы сұрағын үшінші рет қояды.

  • Анау не, балам !

Жігіт қарайды да:

-Түйе ғой, түйе ! – деп ақырып жібереді.- Осымен үшінші рет сұрадың. Неге қажет сонша. Мен мынау өлейін деп...

  • Балам, тоқта, түсейін арқаңнан, болды енді, - дейдіөкпелеп.

  • Неге ? Отыра бер !

-Жоқ. Болмайды. Әкеңнің бір еркелігін көтермедің. Баяғыда сен арқамда отырып, аспандағы жалғыз айды: «О не ?» - деп жүз сұрасаң, ерінбей- жалықпай жүз рет жауап беруші ем. Жылқының түнгі күзетінен титықтап келгенде де, бетіңе жел боп тимейтінмін. Жасқаншақ болмасыншы дейтінмін. О, дүние- ай! Енді бұл аурудан айығам деген үмітім жоқ, тек сенің көңілің үшін шықтым. Бір еркелігімді көтермедің. Қой, осы жерден елге қайтам! – деді әкесі.

Бәрі көңілге байланысты ғой, мүмкін, еркелігін көтерсе, әкесі сырқатынан жазылып та кетер ме еді, кім білсін...

Сөздік: тәнті болу, көз ұшында, діңкелеу.

Мазмұндама жоспары:

  1. Баланың серті.

  2. Әкенің ауруға ұшырауы.

  3. Әке парызын орындау.

  4. Әкесін арқалаған жігіт.

  5. Әкенің сұрағы.

  6. Екінші, үшінші сұрақ

  7. Әкенің сөзі.

Мәтінді тағы бір рет қайталап оқып шығу. Жоспар бойынша талқылау. Тыныс белгілеріне тоқталып кету.

Үйге тапсырма:

129 – жаттығу. Ережелерді қайталап келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет