“ ORDA “ жоғары колледжі
ҚР жоғары білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының жазбаша көбейту және бөлу
дағдыларын қалыптастыру»
«0105000 – Бастауыш білім беру » мамандығы
Дайындаған: Бақытжанова Мөлдір Ерланқызы
Тексерген: Рзахметова П.Н.
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І Бастауыш сынып оқушыларының жазбаша көбейту және бөлу дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларын математика сабағында жазбаша көбейту және бөлу алгоритімімен таныстыру, іс жүзінде қолдана білуге үйрету
Бастауыш сынып оқушыларын математика сабағында жазбаша
көбейту және бөлу алгоритімімен таныстыру, іс жүзінде қолдана білуге
үйрету
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасымен барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы туралы Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігіне арттыру қажет деп атап көрсетілген. Сондықтан қазіргі кездс математика негіздерін меңгерту жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің негізі болып табылатындығы туралы Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартында көңіл аударылған. Көптеген елдерде математикадан жүйелі де сапалы білім беруге аса назар аударылып отырғаны белгілі. Бұл жөнінде дүниежүзілік тәжірибеде үш тенденция байқалады: барлық оқушыларға математикадан бір дәрежеде білім берудің қажеттілігі және оған сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарды кеңінен жүргізу; математиканы негізгі курс ретінде жалпы білім беретін мектептердің барлық сатысының оқу жоспарларына енгізу; Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлуді дұрыс орындауды қалыптастыру, сәйкес қалдықпен бөлуді орындау. Ой-өрісін, шапшаң есептеу дағдыларын дамыту. Арифметикалық амалдар, математиканың бастауыш курсында өзекті орын алады. Мұның өзі күрделі де сан қырлы мәселе. Оған арифметикалық амалдардың, зандардың және амалдар қасиеттерінің, амалдардың компоненттері мен нәтижелерінің арасындағы және амалдардың өздерінің арасындағы байланыстар мен тәуелділіктердің нақтылы мағынасын ашып көрсету, сондай-ақ есептеу дағдыларын, арифметикалық есептерді шығара алу шеберліктерін қалыптастыру мәселесі енеді.
Достарыңызбен бөлісу: |